Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» Оқу мақсаттары



Дата16.02.2023
өлшемі119,99 Kb.
#168960
түріСабақ
Байланысты:
3 сабақ.Шығамын тірі болсам адам болып. Шәкірт ойы
Информатика олқылық 2022г, 89 сабак Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу



Мұғалімнің аты-жөні:

Камалова Ғ.Қ

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан, І апта, №3 сабақ



Тарау немесе бөлім атауы:

ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған

Сабақтың тақырыбы:

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Оқу мақсаттары:

Б/С 2 Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру

Сабақ мақсаты:

Кейіпкер бейнесінің жаңашылдығын бағалап,өмірмен байланыстыру

Бағалау критериі:

  • ақын ойы мен өз ойын ұштастырады;

  • кейіпкер бейнесінің жаңашылдығына сыни пікір білдіреді;

  • «Болашақ білімді жастар қолында» деген тақырыпқа ой қозғайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме?
6 – сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңдер!
Сабағымыздың тақырыбы:
С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» , «Шәкірт ойы »өлеңдері.
Сенің сабақта білетінің:
Жарқын болашақ үшін ақынның мақсат -тілегі
Сенің меңгеретінің:

  • ақын ойы мен өз ойын ұштастырады;

  • кейіпкер бейнесінің жаңашылдығына сыни пікір білдіреді;

  • «Болашақ білімді жастар қолында» деген тақырыпқа ой қозғайды.




Презентация

3 минут

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді.





https://sites.google.com/site/torajgyrov

5 минут

5 минут

3минут

2 минут
1 минут


20 минут


1-тапсырма:

2-тапсырма:


3-тапсырма

Рефлексия
Үйге тапсырма


1-тапсырма : Ақын ойы мен өз ойын ұштастыру
«Екі жақты күнделік» әдісі

Өлең жолдары

Мен қалай түсінемін

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.






Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін.
Болмасам толған айдай балқып туған.




Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.








Дескрипторы:

  • асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • өлеңдегі астарлы ойды анықтайды;

  • ақын ойы мен өз ойын ұштастырады .

Өзіңді тексер!





  1. шумақ: Надан болып – сауатсыз,білімсіз,мақсатсыз өмір сүру деген ұғымды білдіреді.Өмірде білім алып алға ұмтылу керек, ал оқымаған адам өлген адаммен тең болады деп ойлаймын.

  2. шумақ: Сәуле қуған -оқуға,білімге ұмтылған.Жан- жақты білім алып, әр азамат өз білімін елінің жарқын болашағы үшін жұмсау керек деп түсінемін.

  3. шумақ: Серт етіп -уәде беру,сөз беру деген мағына . «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалға сай әр азамат өз еліне адал қызмет етуі керек.

2-тапсырма: кейіпкер бейнесінің жаңашылдығын бағалау. «Блум түймедағы»



Дескрипторы:

  • Ақынның «адам болып шығуы үшін» деген ойын жаңашыл көзқараспен толықтырады;

  • Бүгінгі күнде еліміз үшін өзекті мәселеге нелер жататынын анықтайды;

  • Оқушы өз ойын топтастырып жазады.



Адам болып шығу үшін:

  1. Оқығаннан ешқашан ерінбеу керек

  2. Уақытымызды тиімді істерге бөлу керек

  3. Ағылшын, орыс тілдерін жетік білген дұрыс

  4. Кітаптарды көп оқығаннан жалықпау керек

Еліміз үшін өзекті мәселеге :

  1. Халықтың жұмыссыздығы

  2. Тұрмысы төмен отбасылардың көбеюі

  3. Шетелге кеткен азаматтардың елге оралмауы

  4. Ауаның ластануы

3-тапсырма
Төмендегі кілт сөздердің мағынасын ашатындай мақал-мәтел, қанатты сөздерді дәптерге жазу

Білім

Надандық


Мақсат

Арман


Өзіңді тексер!




Білім - Оқу - білім азығы ,Білім - ырыс қазығы.
Білімдіге дүние жарық,Білімсіздің күні ғаріп


Надандық – Ғылым гауһар – бағасы жоқ
Надандық кесел –дауасы жоқ.


Мақсат – іздеген мұратына жетеді.
Біле бер қанша білсең ,тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле біле.


Арман – Армансыз адам алысқа бармас.
Арман адамға қанат.


«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі
Рефлексиялық эссе
Бүгінгі сабақта мен ...түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім.
Мен ... туралы армандаймын.
Бүгінгі сабақты мен .... деген мақалмен ойымды аяқтаймын.

«Білім гауһар, бағасы жоқ.


Надандық кесел, дауасы жоқ»
деген мақалдағы ойды өз ойыңмен жалғастыр.
Онлайн мектеп платформасы арқылы тапсырма орындау

Ақын ойына бүгінгі көз қараспен салыстырмалы пікір білдіре алуын бақылау.

Бүгінгі күнде еліміз үшін өзекті мәселеге нелер жататынын анықтау
Оқушы өз ойын топтастырып жазу

Дәптермен жұмыс


Оқушы ғаламтор желісінің көмегімен берілген кілт сөздер мағынасына сәйкес мақал – мәтелдер жазу

Сабақтан алған білімі бойынша қорытынды ой тұжырым жасай білуін бақылау.



Презентация














Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет