Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер. Сабақтың мақсаты



Дата13.02.2017
өлшемі40,51 Kb.
түріСабақ
Математика. 1 – сынып. Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру.Әріпті теңдіктерді құру,оқу және жазуымен таныстыру,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту,есеп шығару білігін тиянақтау.
Тәрбиелілік: Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар .
Оқыту әдісі: түсіндіру,сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қай ай? Аптаның қай күні? Кеше қай күн болды? Ертең қай күн? Бүгін ауа – райы қандай? Күннің көзі не үшін керек? Осындай қыстың бір күні құлын, бота, бұзау, қозы , лақ орманға барыпты. Қайтарында өзеннен өтейік десе мұз жарылып, сыныпты. Қорыққан төлдер маңырап, мөңіреп шулапты. Олардың дауысын естіген қасқыр келіп қалыпты. Осы мезетте оларды іздеп бала да келеді. Бірақ қасқыр балаға төлдердің қайда екенін айтпас бұрын тапсырма беріпті. Сол тапсырманы бірге орындайық па? Ендеше, күніміз ашық болсын деп «Күннің көзін ашу» ойынын ойнайық. Қасқырдың 1 – тапсырмасы.

9 + 1 8 – 4 6+ 4

10 – 2 5 + 3 7 – 5

- Біз тақтаға нелер жаздық? ( өрнектер). Қосудың, азайтудың компоненттерін атау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Дәптерге күнді, көркем жазуды жазу.
ІV. Жаңа сабақ: Қасқыр риза болып, малдардың қайда екенін айтады. Бала бірінші болып лақты құтқармақшы. Ол үшін оқулықпен жұмыс. № 1.

Тақтада орындау. «Қателеспе!» ойыны.

6 + 4 ═ 10

10 – 7 ═ 3

№ 2. «Кім зерек?» ойыны.

Бұлар қандай өрнектер деп ойлайсыңдар? Бұлар – санды өрнектер.

Ал әріпті өрнектер қандай болады? Ендеше, № 2 есепті қарайық. Ойлаған санды «әйнекше» □ түрінде белгілейік. Сонда □ + 4, 4 + □, □ – 4 , 4 – □ . Белгісіз санды «а» әрпімен алмастырайық, сонда а + 4, 4 + а, а – 4 , 4 – а өрнектері шығады. Бұлар - әріпті өрнектер.
Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз.

Енді баланың қозысын құтқаруға көмектесейік пе? Ол үшін № 3 есепті қарайық. Алдымен әріпті өрнекті, содан соң санды өрнектерді атаймыз

( ауызша) «Кім алғыр?» ойыны.

а + 4 9 – 4

4 – а 5 + 4

7 – а 3 + 7

а – 4 2 – 2

8 – а


Осылай, баламен бірге қозысын құтқардық.

Келесі кезекте бұзау тұр екен. Бұзауды құтқару үшін № 4 есепті шығарайық.

Екі бағанды оқып салыстыру. Шарттарын салыстыру. Не ұқсайды? Айырмашылығы не? (Сұрағы жоқ). Екі бағанның қайсысы есеп? Неге? Сұрағы жоқ есепті шығара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек? Сұрақ қою қажет. Қандай сұрақ қояйық?

Өсті – 6 ағаш

Отырғызды – 2 ағаш ? ағаш

Шешуі: 6 + 2 ═ 8

Жауабы: Барлығы 8 ағаш отырғызылды.

- Ағашты не үшін отырғызамыз?

Жақсы, баламен бірге бұзауды да құтқардық. Келесі кезекте не тұр? Иә, ботаны құтқарамыз ба? Ол үшін «Сергіту жаттығуын» жасайық.

Күкіреді күн, күн.

Терезелер шым – шым,

Жауды жаңбыр топ – топ.

Шелек – шелек көп, көп.

Жон арқаңды тос – тос

Күнбағыс тез өс - өс.

Жақсы балалар, енді кезекте не тұр? Бота. Ол үшін мына тапсырманы орындайық. Жұптық жұмыс. «Кім шапшаң?» ойыны.

Айырмаларды оқы. Кестені толтыр.

6 – 4 5 – 3 8 – 4 9 – 6




Азайғыш













Азайтқыш













Айырманың мәні












Қосындыларды оқы. Кестені толтыр.

4 + 2 3 + 3 7 + 3 4 + 6


Бірінші қосылғыш













Екінші қосылғыш













Қосындының мәні












Осылайша ботаны да құтқардық. Ендігі кезек ненікі? Құлынды құтқарайық.

Ол үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.Топтық жұмыс .

1 – топ. Әріпті өрнектерді теріп жаз. а + 5 , 7 + 3 , а – 6 ,4 + 3 , 5 – а .

2 – топ. Санды өрнектерді теріп жаз. 7 + 2 , а– 5 , 2 + 0, 5 – а, 3 + 3 .

3 – топ. Өрнектердің мәнін тап. 2 + 2 , 4 + 3, 5 – 3 , 9 – 8.



V.Қортынды. Не білдік? Не үйрендік?

. Бағалау.Тор арқылы өзіндік бағалау әдісі.

VІІ. Үйге тапысрма. 149 – бет. «Кел ойнайық!»
Каталог: uploads -> doc -> 0e5b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e5b -> Бағдарламасы (Кітапханалық сабақ беру технологиясы бойынша) Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт
0e5b -> Сын тұрғысынан ойлау оқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
0e5b -> Сыныбы: 6 Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет