Сабақтың тақырыбы: Сап түрлері және оның элементтері



бет7/7
Дата19.07.2020
өлшемі28,71 Kb.
#74821
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сайысты қорытындылау:

Екі топ сапқа тұрғызылады. Әділ - қазылар сайыстың қорытындысын айтады, әр топқа ұпай беріледі. Ұпай санын есептеп топтарды марапаттау.



Шаймерденов Қуантай Секенович

Алғашқы әскери дайындық

Және дене шынықтыру пәні мұғалімі

ЖББ №30 орта мектеп КММ

Теректі ауылы Қарқаралы ауданы

Қарағанды облысы

Отанды қорғау – қасиетті борыш.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет екендігін барша әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет – жас қрпаққа білім беру мен тәрбие ісі, өйткені мемлекетіміздің экономикалық саясаты білім беру арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарнының идеяларын Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында «біздің бабаларымыз бен немерелеріміз бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты кө рсеткен болатын.

Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына педагог мамандардың да қосар үлесі зор. Жасампаз ұрпақтың бойына отан сүйгіштіктің үлгілерін сіңірту, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұраларымыз негізінде тәрбие тәлімін ұсыну – біздің оқытушы – ұстаздардың парызы.

Тәрбиенің мақсаты – шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз – кісілік қасиеттерді дамыту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, ең бастысы өз елін, жерін сүйетін туған топырағының кешегісін бүтінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алатын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда отбасымен басталатын отанымыздың ертеңгі азаматтарын тәрбиелеу ісі басты назарда тұр. Бұл орайда Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде жастарға патриоттық тәрбие берудің бүгінгі таңдағы қажеттілігі жөніндегі ой – пікірлері мен ұсыныстарының, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі дайындаған, «Қазақстан жастарына патриоттықтәрбие беру» тұжырымдамасының болашақта ұрпақ игілігіне айналдыру жұмысына ұстаздар қауымы кірісіп те кетті.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы зор екендігі бүгінгі күн қажеттілігінен туындап отыр. Еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпаққа елжандылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығы еліміздің ұлттарының татулығы. Қазақстандық жастардың саналығы мен ойлылығы – тәрбиенің қуаттылығында. Оқушының қабілеті және тәрбиелі, рухани, мәдени жан дүниесінің бай болуы ұстазға байланысты.

Ғұлама бабамыз Әбу Насыр – Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берген білім – азаматтың– қас жауы» – Л.Н. Толстой «Тәрбие мен білім егіз. Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы ғана бойға сінеді» –– деп атап көрсеткен. Бұл өсиеттер қай–қайсымызға сәулелі ой түсіруі тиіс. Дарынды оқушыларды жан – жаққа қабілетті, зерек, парасатты алғыр азамат етіп өсіруде ұстаздар қауымы өркениетке сай жаңа технология бойынша білім, тәрбие беруге ұмтылуда.Бала өзін дана халық ұрпағы екеніне көзі жеткенде ғана оны өз жеріне, өз халқына және өзіне деген сенімі мен құрметі артады.Сондықтан да баланың жан дүниесіне осы сезімдердің шешендік сөздер, мақал–мәтелдер, нақыл сөздер мен сусындатып отырып, ой – өрісін, танымын, шығармашылығын шешендік сөздер, қазақтың қара сөздері, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ұлттық ойындар арқылы кеңейтіп отыруымыз керек. Уақыттың өзі мектеп ұстаздарына, өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында білім беріп тәрбиелеуге өмірге осы алған білім мен тәрбиесін лайықты пайдалану секілді жауапты міндеттер жүктеліп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылық пен қарап, оқытудың жаңа – тәсілдерін қолдану керек екендігі анық.

Оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін насихаттау. Сондай – ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әскери сла мамандары тарапынан адамға аса қажетті жауапкершілік, адалдық, адамгершілік, тәртіптілік, рухани тазалық және сөзде тұру сияқты, қасиеттерді дамыту.

Әр адам үшін өзінің туып – өскен елі мен жр Отан болып табылады.

Кім де болсын өз Отанының жетістіктерімен табыстыратын мақтан етеді. Отанның өркендеуіне үлес қосу, алдан шыққан қиындылықтарды бөлісу, елбасына күн туған шақта өз Отанын қорғау – әр адамның борышы. Қазақ халқы аса отаншыл, патриоттық сезімі жоғары халық.

Туған елдің тәуелсіздігін аңсау, осы жолда күресу Отанға деген махаббаттан бастау алып жатады.

«Ерлік істердің бәрін бізге дейінгі ата – бабаларымыз жасап қойыпты. Бізге қалған ештеңе жоқ екен» деп ойлауға болмайды. Қаһармандыққа бүгінгі күнде де орын бар. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда қазақ жастары білім – ғылымды жете меңгерумен өз елінің атын шығара алады. Сондықтан отаншыл сезімдеріміз әрқашан биік болуға тиіс.

Шынайы оаншыл, патриот адам өзінің ана тілімен мемлекеттік тілін құрметейді. Біздің отаншылдығымыз барлық саладан көрінеді. Ақша берген шетелдіктерге сатылып кетпей, өз елінің, өз Отанының мүддесін жоғары қояды, ерлік ол да патриотизм. Өз ұлтының , өз халқының мүддесіне қызмет ету - отаншылдықтың қарапайым үлгісі.

Отан бізге бәрінен қымбат! Қазақстанның өзінің Қарулы Күштері бар, Мемлекет қауіпсіздігінің барлық құрылымдары жасақталған. Сол сияқты біздің №30 Теректі орта мекиепие бокс секциясы ашылған, оқушыларымыз өз салмақ дәрежесінде әр облыстарда 1,2,3 орындар алып жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Атап айтқанда 8 сынып оқушысы Қабыкен Қалдыбек облыстық жарыстарда 1,2 орындарды иеленіп келеді. 5 сынып оқушысы Мұрат Жанарыс және 10 сынып оқушылары Тлеутай Шыңғыс және Зағиев Темірлан өз салмақ дәрежелерінде 1 орындар алып келеді.

Дені сау әрбір азамат Отан алдындағы парызын орындауға міндетті. Бүгінде Қазақ елі әлемнің барлық елдерімен теңдей дәрежеде қарым – қатынас орнатқан. Бүкіл әлем бүгінгі таңда Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде таниды.



Шаймерденов Қуантай Секенович

Алғашқы әскери дайындық

Және дене шынықтыру пәні мұғалімі

ЖББ №30 орта мектеп КММ

Теректі ауылы Қарқаралы ауданы

Қарағанды облысы
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет