Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің



Дата17.12.2019
өлшемі20,61 Kb.
#53711
түріСабақ
Байланысты:
Сабақтың тақырыбы Көкшетау

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен таныстыру, поэманың тақырыбы мен идеясын ашу арқылы поэманың әдеби құндылығына тоқталу.

2. Дамытушылық: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыра отырып, оқиғалар шиеленістерін зерделеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды өлеңді кешенді талдай білуге төселдіру, өздігінен ойланып түйінді ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру. Адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімнің өркендеуінетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: іздендіру

Сабақтың әдісі: талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, оза оқыту, мазмұндау, сәйкестендіру, ұйқас құрастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Сәкен портреті, шығармалары, жұмыс дәптері, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, ағылшын.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сәкен Сейфуллиннің өмірдерегі

2. «Сыр сандық» мәнерлеп оқу

3. Өлең кімге арналған?

4. «Сыр сандық» шумақтарына талдау

5. Сатылай кешенді талдау.

6.Ұйқас құрастыру

III. Жаңа сабақ:

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы

Сабақтың эпиграфы: «Көкшетау» - Отан туралы поэма» С.Қирабаев

Сабақтың барысында жүргізілетін талдаулар:

1. Ән тыңдау. «Тау ішінде»

-Өлең қандай тақырыпта айтылған?

-Сәкен тек реалист ақын емес, ол – лирик ақын. Махаббат, табиғат тақырыбына да арнаған туындылары жетерлік. Сәкенді жан-жақты ақын, жазушы ,зерттеуші еткен сол заман, сол кездегі қоғам. Ендеше, Сәкенді ойшыл ақын еткен дәуір қандай болды екен?

«Көкшетау» поэмасы дүниеге келіп жатқан кез қандай кез? Тарихта ол кезеңдер қандай оқиғасымен қалды?



Тарихқа шолу.

- Сәкеннің өмір сүрген кезеңі Қазақстан тарихының қиын да, күрделі уақытына тап келді. Балалық шағы қазақ елінің патшалық Ресейдің отары болуымен тұспа-тұс уақытта өтті. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы, одан кейін қазан төңкерісі, яғни Қос өкіметтің орнауы, Сәкеннің саясатқа араласуы, Кеңес өкіметін қолдап, түпкілікті жеңуіне ат салысуы, осы кездегі тарихи оқиғалар өзінің «Тар жол ,тайғақ кешу» романында жақсы көрсетілген. 1918-1920жж. Азамат соғысы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру, индустрияландыру саясатын жүргізуі, 1931-33 жж. ашаршылық, 1937-38жж. Кеңестік жаппай лаңкестік жазалау – осының бәрін басынан кешірді.

- Енді өзінің ең үздік шығармаларының біріне тақырып етіп алған Көкшетау елді мекені туралы мәліметті география пәнімен байланыста қарастыралық

- Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті орталықтардың бірі. Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау, тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға маманданған.

Ірі кәсіпорындардан таразы шығаратын механикалық зауыт, Көкшетау автомобиль жөндеу зауыты, үй құрылысы комбинаты, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін ет комбинаты, сүт ,балық зауыттары, тігін және кереует фабрикалары бар.

Қала 1842 ж. құрылған. Бүгінгі таңда қалада тоқыма және өнеркәсіптік бірқатар басқа да салалары жұмыс істейді. Жеке бизнес пен кәсіпкерлік ісі қарқынды дамуда. Қала халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында шамамен 140 мың адам болды.

Көкшетау қаласы облыстың мәдени орталығы болып табылады. Онда орыс драмалық театры, Ш.Құсайынов атындағы музыка-драма театры жұмыс істейді. Кеңес Одағы Батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы және т.б. бар.

«Көкшетау» поэмасы туралы әдеби түсінік.

«Көкшетау» поэмасы 1929 ж. жарық көрді. Бұл кезең кеңестік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма КазААП-тың сынағына көп ұшыраған. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді.

Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын ,көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады.

Поэманың негізгі арқауы – қалмақ қызы мен адақ батыр арасындағы сюжет. Жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын ,жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір-қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.



«Көкшетау» поэмасының мазмұнын талдау.

Поэма кейіпкерлері туралы мінездеме.

(Оқушылар өздері дайындаған Адақ, қалмақ қызы, Абылай туралы мінездемелерін оқиды.)



Поэманың негізгі бөлімдері туралы мәнерлеп оқу.

(«Оқжетпес», «Жеке батыр», «Жұмбақтас», «Бурабай» туралы мәнерлеп оқу.)

Негізгі бөлімдері:

Көкше сипаттары:

-Жеке батыр

-Бурабай

-Оқжетпес

-Жұмбақтас

-Қыз бен жігіт

-Адақ

-Адақ мерген



Тапсырмалар.

1. Графикалық тест.

1. С.Сейфуллин 1894ж. туған ба?

2. «Көкшетау» поэмасы 1930 ж. жазылған ба?

3. Поэма тұтқындағы қыз туралы ма?

4. Әкесі Сейфолла, анасы Жамал ма?

5. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияға 1914ж. түскен бе?

6. Алғашқы өлеңдер жинағы 1915ж. Қазан қаласында басылып шықты ма?

7. Сәкен атаман Анненковтың азап вагонынан 9ай дегенде әрең қашып шыға ма?

8. 600 шақырым жерді жаяу жүріп еліне келе ме?

9. Есіл ер 44 жасында опат болды ма?

10. «Көкшетау» 48 тараудан тұра ма?

9. Сәйкестендіру

Сәйкестендіру.

«Талайға азаттықты бердім» дейді,

«Ақ жүрек көкті кезген ермін» дейді.

«Дөп келдің, шабытыма» деп күледі,-

«Тоймасам өздеріңді жермін» дейді.





Еңіреп,төрт балапан шуылдайды,

Қарақұс қоқиланып, қимылдайды.

Сол кезде аждаһардай көкте ысқырған,

Бірдеме жоғарыдан суылдайды.

Іздеуге жол-жобасын құрғанынша,

Безеніп көкке құлаш ұрғанынша,

Аспаннан бір ақ сұңқар ағып келіп

Сап етті кептер мойнын бұрғанынша





Ұйқының мұнарына шомып батып ,

Қара жер түн жамылып, қалғып қатып...

Жалғыз-ақ қара түнде жем аулайды

Кейбірі мақұлықтардың күндіз жатып.







IY. Жаңа тақырыпты бекіту

«Ділмәр»

1. «Көкшетау» поэмасы қашан жазылды?

2. «Көкшетау» тақырыбы не туралы?

3. Қалмақ қызы неге жауынгерлер ортасында?

4. Қыздың 3-шарты не?

5. Қыз шың басына не тікті?

6.Адақ неше тапсырма орындады?

7. Неше топ жігіттер бірін-бірі арқалап жарысты?

8. Абылай Адаққа шартты орындауға не берді?

9.Қыз жұмбағында өзін неге теңеді?

10. «Жеке батырды»қандай батыр түрінде суреттейді?

Y. Сабақты қорытындылау.

Эпистолярлық әдіс. «Сәкен ағаға хат»



YI. Үйге тапсырма.

1. Поэмадағы әдеби ұғымдарды табу.

2. Бөлімдеріне сурет салу.

3. Ойтолғау: «Көкшеге көкірек әлеміндегі саяхат»



YII . Бағалау.

Республика Казакстан

Город Уральск

Должность учительница

Фамилия Бейлова Маржан Серикбаевна

Название материала открытий урок «С.Сейфуллин Көкшетау»



Способ оплаты электронный



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет