Сабақтың тақырыбы: Сәндік тігістерді орындау



Дата25.08.2017
өлшемі35,67 Kb.
#27075
түріСабақ
Күні: 18.01.2017

Сынып: 5

Пәні: Технология

Мұғалім: Кенжебекова Айгуль Уралкановна

Сабақтың тақырыбы: Сәндік тігістерді орындау.

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың қолөнері, көркем сәндік тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.

Білімділік:Ұлттық өнердің бір түрі – сәндік тігіс «Тамбурлы» тігіс түріне түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, кесте тігу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз білімдерін практикада пайдалану.

Тәрбиелік:Бір-біріне өзара көмек, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру, сыныпта, топта жұмыс жүргізуде өзгелердің пікірімен санаса білу; ортақ іске араласу сезімдерін, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу; оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке, сүйіспеншілікке және пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:ашық сабақ және сарамандық.

Сабақтың әдісі:

  1. Сәлемдесу

  2. Психологиялық көңіл-күй

  3. Сөзжұмбақ

  4. Әңгіме-дәріс

  5. Сергіту сәті

  6. Тамбурлы тігіс

  7. Қорытындылау

  8. Бекіту

  9. Бағалау

  10. Үйге тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: слайд, қосымша деректер, оқулық, сөзжұмбақ, кесте түрлері, кесте үлгілері, мата, ою-өрнек, қарандаш.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I. Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылармен сәлемдесу

Ә)Психологиялық көңіл-күй «Шаттық шеңбер».



А) Оқушылар амандасады

Ә)Шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады.



II. Үй тапсырмасы

Сөзжұмбақ «Сәндік тігіс»

1.Балғын жеміс-жидектерден, шырындардан,сироптардан және крахмал қосып сүттен дайындалатын сусын түрі. /кисель/

2.... нәрсеге асық болғанша,

Бір нәрсеге машық бол. /әр/

3. Табиғи талшықтарының бірі. /жануартекті/

4. Жеті ... жетпіс өнер де аз. /адамға/

5. Талшық неше топқа бөлінеді? /екі/

6.Шым шиедей қотыр. /кесте/

7. Матаның өң және ... түрі болады. /теріс/

8.Тігіс түрлерінің бірі. /ілмекті/

9. Қайталанған инешаншымдар қатары дегеніміз не? /тігім/

10. Бөлек-бөлек қысқа талшықтардан тұтас жіп алу процесі дегеніміз не?/иіру/

11. Бутерброд түрі. /бірасарлық/


Оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

III.Жаңа сабақ.

А)Әңгіме-дәріс.

Ә)Сарамандық жұмыс

«Тамбурлы» тігісі.


А) Тыңдайды

Ә) Тамбурлы тігіс түрін тігеді



IV.Сергіту сәті.

«Қарлы кесек» ойыны


Оқушылар екі топқа бөлініп қағаздарды мыжып қар атысып ойнайды.

V. Бекіту.

Сұрақ-жауап:

1.Инешаншым дегеніміз не?

2.Тігім дегеніміз не?

3.Қол жұмысына қандай нөмірлі жіптер қолданылады?

4.Қол жұмыстарын орындауға қандай талаптар қойылады?

5.Тік инешаншымдар қай кезде қолданылады?



6.Ілмек инешаншымдар қай кезде қолданылады?

Сұрақтарға жауап береді.

VI. Қорытындылау

«Екі жұлдыз бір тілек»

Оқушылар стикерьге ашық сабақта ұнатқан екі әдісін және бір лебізін жазады.

VII. Бағалау

Оқушылардың жасаған жұмыстары мен сұраққа жауап беруі арқылы бағаланады.

Күнделіктеріне баға қойғызады.

VIII. Үйге тапсырма

61-65 бет оқу, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып алады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет