Сабақтың тақырыбы Шығармадағы адамгершілік мәселесі Оқу мақсаттары



Дата10.04.2024
өлшемі142,97 Kb.
#200641
түріСабақ
Байланысты:
2- сабақ




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 10 сынып

Бөлім: Тарих тағылымы

Сабақтың тақырыбы

Шығармадағы адамгершілік мәселесі

Оқу мақсаттары

Б/С10.3.3.1 - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Сабақтың мақсаты

Шығарманың негізгі идеясын адамгершілік құндылықтарымен байланыстырып, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы адамгершілік құндылықтарды анықтайды;
Шығарма идеясын талдайды;
Әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

Ашаршылық жылдары туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі
2 минут

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар
І.Ұйымдастыру кезеңі
(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі
5 минут

ІІ.Қызығушылықты ояту
https://www.youtube.com/watch?v=X_IgvD82uBo&t=195s
Арнайы хабар
01:34-03:07 минут арасы
06:55-07:21 минут арасы



Мақсат қою
3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.






Жаңа материалды игеру

25 минут



ІІІ. Мағынаны тану
Қазақтың басына нелер нәубет келмеді?! Сансыз сұрапыл соғыс, қуғын-сүргін , жұт, ашаршылық т.б Соның ішіндегі сорақысы қолдан жасалған ашаршылық. Аштықтан қаншама халық жапа шекті. Көпе- көрнеу қолдан келген қиындық пен зұлматтың қоғам белсенділерінің қабырғасын қақыратқаны шындық. Сталинге хат жазған бесеудің есімі тарихта қалары сөзсіз. Ұлт үшін жасаған азаматтық қадамы, адамгершілік қасиеті арқылы ұлт зиялысына айналды. Алаш үшін адмгершіліктен айныған жоқ. Басын бүркеп, бұқпантайлап билеуші партиядан жасқанбады. Сондықтан да бұл бесеу шындықтың семсеріне айналды.
Берілетін тапсырма:
Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, « Шындықтың семсеріне айналғандар» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
Бағалау дескрипторы:
Шығармадағы адамгершілік құндылықтарын талдайды;
Шығарма идеясын анықтайды;
Көтерілген мәселені тарихпен байланыстырады.
Әдеби нормаға сай эссе жазады.




Жаңа материалды бекіту
3 минут

Ой толғаныс
Шығарманың тарихи маңызы қандай?






Рефлексия
2 минут

Мен үшін қажет...
Мен үшін құнды...





Үй тапсырмасы

Ашаршылық туралы ізденіс жұмысы




Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

  5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет