Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау



бет2/2
Дата21.04.2017
өлшемі2,61 Mb.
#14474
түріСабақ
1   2
Өз біліміңді тексер.

1. Сәулет деген не?



2. Адамдардың алғашқы баспаналары неден салынған?


3. Түрлі ғимараттар не үшін қажет?

4. Сәулет туындыларын құрылған уақытына қарай орналастыр. Олардың қалай аталатынын тап.

5. Баспана қандай болуы керек?

6. Қазіргі заманғы қандай сәулет құрылыстарын білесің?

7. Саған қандай тарихи-сәулет ескерткіштері белгілі?



8. «Сәулет» сөзжұмбағы.
ІҮ. Сабақты қорытындылау


1.Піскен бидай масағына ұқсайтын қонақ үй.

2. Кешендердің құрылысын ойлап табатын адам.

3. Қылқаламмен жұмыс істейтін адам.

4. Дүние жүзіндегі ең әдемі сәулет туындысы.

5. Хеопс пирамидаларының орналасқан жері.

6. Қожа Ахмет кесенесі орналасқан қала.
Ү. Үйге тапсырма: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнеле.
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 03.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Жаунарлар жемін қалай аулайды?

Мақсаты: Жануарлар жемін қалай аулайды тақырыбын оқып, түсіндіру.Танымдық қабілеттерін дамыту.Қоршаған орта, табиғатты қорғвй білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: жыртқыштар суреті.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жануарлар немен қоректенеді?

Оқу, талдау.
ІІІ. Білімдерін тексеру.

Үлестірмелер бойынша жауап алу.


ІҮ Мақсат қою кезеңі:

Жаунарлар жемін қалай аулайды?


Ү. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

Жануарлар жемін қалай аулайды?

Тақырыбын оқып, түсіндіру. Тірі жануарларды аулап, ұстап жейтін жолбарыс, қасқыр, сілеусін – жыртқыштар. Әр жыртқыш өз жемін әр түрлі тәсілмен аулайды. Тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу


ҮІ. Білімдерін тексеру:

Жыртқыштарға қандай жануарлар жататынын ата?

Оларды неге жыртқыштар дейміз?

Бунақденелілермен қоректетентін жануарларды ата?

Өсімдіқоректі жануарларды ата?
ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не білдік?


ҮІІ. Үйге тапсырма:оқу, мазмұны
Бағалаау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 03.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов. Бала Абай.

Сабақтың мақсаты:

Мәтін мазмұнымен таныстыру. Абайдың балалық шағымен мағлұмат беру.Жүйелі сөйлеуге өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.Оқушылардың логикалық ойлау дағдысын шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімдерін тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең: Қызығушылықты ояту (топқа бөлу)

Оқушылар өздері тыңдаған геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бөлінеді. Фигуралардың келесі бетінде топтың аты жазылады.

І топ. Білімділер

ІІ топ. Дарындылар

«Жүректен жүрекке шеңбер» жасап бір – бірімізге күлімсірей қарап сәттілік тілей отырып сабағымызды бастаймыз.

Топтық жұмыстың тәртібін хабарлау.

а)3 топтың басшысын тағайындап, мұғалімнің сенім карточкасын тапсыру.

б)Бағалау тәртібін айту. Топтық бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне сай 10 балл,20 балл,30 балл жазылған дөңгелекті мұғалім топ басшысына беріп отырады.

Сабақ барысында топ басшысы жинаған ұпайды есептеп айтады. Жеңімпаз топты анықтайды.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

- Ғ.Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін мәнерлеп оқу. 3 топтан 3 балаға оқыту.

«Бәйге» ойынын ойлау арқылы үй тапсырмасына қалай дайындалғандарын тексеру.

- Әр топ 2 сұрақ таңдап, соған сай жауап береді.

І.Бәйге ойыны

10.Ы.Алтынсарин кім?

20.Тұңғыш қазақ мектебі қай жерде ашылды?

30. «Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім жазды?

10. «Алғашқы қоңырау» өлеңінің авторы?

20. «Қазақ даласына білім келді» дегенді қалай түсінесіз?

30.Ы.Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ М. Әуезов. Бала Абай.

ІІ. Ой ашар 1.Ребусты шешкіз.Қандай сөз оқыдың?

Мына ребусты шешсеңіздер қазақтың ұлы ақынының есімі шығады. Олай болса балалар бүгін біз Абай туралы өтеміз.

2.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер? «Пікірлер ағашы»

3.Бұл М.Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді.

Кіріспе әңгіме

М.Әуезов қазақтың ұлы жазушысы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауылында туған. Жас кезінде ұлы Абайды көріп, бата алған. Атасы Әуез бен әкесі Дінәсілдің тәрбиесінде болады. Алдымен молдадан хат танып, кейін Семей,Ташкент,Санкт – Петербург қалаларында оқыды.

4. Қазір біз осы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндіні түсініп оқимыз.

Мағынаны тану

абзацты мәнерлеп оқып береді, сұрақтар қою.

1.Осы бөліктен не түсіндің?

2.Абайдың өз құралпы балалардан басқа досы кім?

3.Әңгімені аяғына дейін түсініп оқыңдар

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей түсініп оқуға уақыт береді

Сөздік жұмыс

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу

Проблемалық сұрақ

1.Бұл мәтіннің кейіпкерлері кім?

2.Абайға әңгіме айтатын кімдер?

3.Сенің ойыңша Абайдың бұл ісі дұрыс па?

Сергіту сәті

«Сегіз аяқ» өлеңі

Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне сергіту жасаймыз

Абайдың өлеңі «Желсіз түнде жарық ай»

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Рефлексия «Еркін сұрақтар» стратегиясы

- Мәтінде кімдер туралы айтылған?

- Бала Абай нені ерекше жақсы көрді?

- Әжесі мен Абай арасында қандай оқиға болды?

- Саған осы мәтін ұнады ма?

- Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?

- Бұл әңгімені жазған кім?

Сонымен балалар, осы әңгімедегі «Бала Абай» сендерге ұнады ма?


Ү. Үйге тапсырма беру Оқу, мазмұндау
Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 04.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:М.Әуезов. Бала Абай мен Барлас ақын.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.

Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

1)Қызығушылығын ояту

оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады да, бір – біріне жақсы сөздер, тілек айтады.

- Қайырлы күн!

- Мен сендерді көргніме қуаныштымын!

- Сендерге сәттілік тілеймін.

Тәртіпті бол.

Шыншыл бол.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

б) - Балалар, бері жақындап мына үстелдің үстінде жатқан әр түстегі дөңгелекшелерден таңдап алыңдар. 6 топқа бөліп отырғызу.

М. Әуезовтің "Бала Абай” әңгімесінің мазмұнын айту және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ - жауап алынады. А. Құнанбаев туралы т. б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.

ІІІ. Жаңа сабақ М.Әуезов. Бала Абай мен Барлас ақын.

« Ой шақыру» стратегиясы.

Абай

Мағынаны тану.



1."Сөзжұмбақты шешіп көр"

1. Мәтін қалай аталады? Бала.......

2...... Абайдың жасы он үшке толған еді.

3. Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді?

4. Абай неден көп шықпайтын болды?

5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?

6. Биыл әсіресе Абайдың...... өскен.

1. М. Әуезовтің "Бала Абай мен Барлас ақын” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін.

2. М. Әуезовтің "Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.

3. Сұрақ - жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т. б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист - шыншыл

т. б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.

1. Мәнерлеп оқу (өзім).

2. Сұрақ - жауап.

3. Рольмен оқыту.

4. Кейіпкерлерді табу.

2."Болжау" стратегиясы

Не болады деп ойлайсыз?

Оған қандай дәлел бар?

Не болды?

Сергіту сәті.

3. Топпен жұмыс.

Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.

І топ - Бала Абайға мінездеме беріңдер

ІІ топ - Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер

4.«Еркін жазу» стратегиясы

Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.

Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Венн диаграммасын құрайық. Екі кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу.

Сабақты қорыту:

Венн диаграммасы.

Барлас ------------ Байкөкше

Венн диаграммасына жалпы ойды қорыту.

Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.

Ү. Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5 - 6 тапсырма.

1. Сөздік дәптермен жұмыс.

2. Дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады.

Бағалау кезеңі. (Топпен бағалау)

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 05.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Т. Жұртбай. Қоңыр қозы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Балаларға Мұхтардың балалық шағы туралы мәліметпен таныстыру. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Топтасып жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Оқушылар жұптаса тұрып, бір - біріне шапаттау арқылы сәттілік тілейді. Ол үшін қолды айқастыра отырып, оң жаққа және сол жаққа шапаттайды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әңгімені бөлімдері бойынша (топ бойынша сұрақтар беріліп, дайындық жұмыстарына уақыт беріледі) түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

«Жазушылар» топтамасы. М. Әуезов..(тыңдау)

Әр топ ой түйінін өзге топ алдында қорғайды.

М. Әуезов – кім?

Ол - жазушы, драматург, Абайды әлемге танытушы. Мұхтардың атасы Әуез Абайдың замандасы болған.

ІІІ. Жаңа сабақ Т. Жұртбай. Қоңыр қозы.

Қоян Ою аҢ Ыдыс Радио Қоңыз Орақ Зырылдауық Ырғақ

М: - Бүгін біз Мұхтардың бала кезіндегі бір сәтпен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай (1951 жылы, Шаған ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы.[1]

1974-1990 жылдары «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында қызмет істеді.

1990-1998 жылдары М.Әуезов мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, директор.

1998- 2001 жылдары докторант, ҚазҰУ-да оқытушы.

2001 жылдан «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

Шығармашылығы

«Жүрегімде жұмыр жер» өлеңдер мен поэмалар, «Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер - бесік» роман- новелласы, «Бейуақ» роман-эссесі, «Бесігіңді түзе», «Талқы» роман-эсселері, «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Күйесің жүрек... сүйесің!», «Бесіңді аяла!...» кітаптары жарық көрген. Т.Жұртбай Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде ғылыми еңбектер жазды. Ол «Алаш ақиықтары» жинағын құрастырып, Алаш қайраткерлерінің беймәлім шығармаларын жалпы жұртшылыққа таныстырды. Халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.[2]

Әңгімені бөліктерге бөліп, өзіндік топпен жұмыс жасата отырып, әңгіменің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқушыларға оқыту.

1 - топ 1-3 – абзац

2 - топ. 2-4 - абзац

Топтық тапсырмалар

Әр топ өз мәтін бөліктері бойынша тапсырмаларды тізбектеп орындайды.

1. Мазмұндау

2. Тізбектей оқу Кезектесе отырып

3. Суреттеу

Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

Сергіту сәті.Би терапиясы

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

1 - топ сұрағы

- Бала Мұхтарды атасы неліктен «қоңыр қозым» деп атады?

Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттеген жолдарды тауып оқы.

2 - топ сұрағы

- Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?

Абай ауылының көрінісін суреттеген жерді тауып оқы.

Дәптермен жұмыс.

Мына сөз тіркестерін дәптерге жаз: күн шуағы, жасыл кілем, жасыл құрақ т.

Қорытындылау.

Ортақ топ жасау арқылы суретпен жұмыс жүргізу. Сұрақ - жауап әдісімен.

ІҮ: Сабақты қорытындылау

Венн диаграммасы бойынша екі ауылды салыстыру.

І – Мұхтар аулының көрінісі.

ІІ – Абай аулында

Бағалау


Бірін - бірі бағалау. Мұғалім тарапынан әр оқушының білімі мен белсенділігін кестелік бағалау.

Кері байланыс. Рефлексия.

Ұнады, ұнамады. Мен үшін жаңалық болды.
Ү. Үйге тапсырма: Әңгімені бөлімдері бойынша түсінік айтуға дайындалу
Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 06.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

Сабақтың мақсаты:

Саналы түсініп оқу мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру Шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілетін сөздік қорын молайтып тіл байлығын дамыту. Дана жазушының ұлылығы кемеңгерлігін дәріптеу оқушыларды өз елін туған жерін табиғатын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Мұхтар ауылының көктемгі көрінсін суреттейтін жолдарды тауып оқу

А)Мәтін неше бөлінен тұрады

Ә)Бөлімдерге қандай ат қойдық

1 бөлім «Мұхтар аулының көрінісі

2 бөлім «Абай ауылында»

Б) Ұлттық ойындарды ата
ІІІ. Жаңа сабақ

Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

Сөзжұмбақ шешу

1.Көктемде ненің шуағы молаяды? күннің

2.Төлдер қайда асыр салып жүр? көгалда

3.Жер бетін қандай кілем жапқан? түкті

4.Қаңқылдаған қаздар қалай ұшып барады?төбеден

5.Қаздар қайда қонады?көлге

6.Аспан қандай?мөлдір

Мағынасын тану

Балалар бүгін біз Тұрсын Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» әңгімесін оқимыз. Әңгімені топқа бөліп оқытамын мазмұнын әңгімелетемін

Сөздік жұмбақ

Сыз-дамқыл-----ылғал су

Белдеу-киіз------үйдің туырлығының сыртынан бастырылып байланатын арқан

Мініс ат--------мінетін ат(көлік)

Тал-түс--------дәл түс шаңқай түс

Автор сұрақтарына жауап беру

«Кім зерек?» Ойыны

1)Абай ауылына келген Мұхтарды не қызықтырып еді?

2)Оны кім байқады?

3)Мәтіннен бала Мұхтар туралы Абайдың айтқан сөздерін табу

4)Әуез қарт Мұхтардың құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсың?


ІҮ. Сабаты қорытындылау

Тестпен жұмыс

1.Қазақтың ұлы ақыны кім?

А) Ыбырай

Ә) Абай

Б) Шоқан


2.Абай жолы роман-эпопеясын жазған кім?

А) М.Әуезов

Ә) Ш.Мұртаза

Б) Ж.Жабаев

3. «Көксерек» әңгімесін жазған кім?

А) Абай


Ә) Шоқан

Б) М.Әуезов


Ү. Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу

«Көктем» тақырыбына сурет салу
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 08.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Ш. Мұртаза. Бала Тұрар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.

Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту. Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

Мәнерлеп оқу «Көктем» тақырыбына сурет салу

А) «Бала Мұхтар мен Абай» мәтінін оқытып, мазмұндау.

Ә) «Пікірлер ағашын» толтыруларын тексеру.

«Байлық» әңгімесінің авторы.

Абайды әлемге танытқан адам.

Торғай даласында тұңғыш мектеп ашқан, қоңырау соққан адам.

Қазақ ғалымы кім?

Киіз үйдің сүйегі.

«Тұрар» деген сөз шықты.

ІІІ. Жаңа сабақ Ш. Мұртаза. Бала Тұрар.

Кіріспе әңгіме.

Рысқұлов Тұрар 1894-1943 мектепті үздік бітіріп, Пішпек орман шаруашылығы техникумына оқуға түседі. Ташкентке келіп, мұғалімдер институтына түсіп, оқуын жалғастырады. 1916 жылы ұлт азаттық күресіне қатысады. Осы көтерілісте ұсталып, түрмеге қамалады.

Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынып, енгізілген үзінді «Бала Тұрар» деп аталады.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Қазақтың белгілі жазушысы. «Қызыл жебе», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қара маржан» шағармаларыныі сонымен бірге «Бала Тұрар» шығармасының авторы.

«Бала Тұрар» әңгімесін мәнерлеп оқып беру.

Шығармада Тұрар қай жағынан көрінеді?

Тұрар не туралы ойлап отыр еді?

Тергеушінің Тұрар оқыған сыныпқа келуі?

Ол неліктен Атамырзаны емес, Тұрарды таңдады?

Бекіту кезеңі. Венн диаграммасы бойынша

1 қатар – Тұрарға мінездеме.

2 қатар – Атамырзаға мінездеме.

Тұрар

Ортақ қасиет



Атамырза

Жақсы оқушы, тәртіпті, ұқыпты, шыншыл, адал,, адамгершілігі мол, кедей баласы

Екеуі де ұл бала, бір сыныпта оқиды, жас шамасы қатар

Мақтаншақ байдың баласы, нашар оқиды, адамгершілігі аз, тез күледі, өтірік мақтанады, жаман оқушы.

Сөздік жұмыс. Тұрқы – сырт пішіні

Селсоқ – немқұрайлы

Ебедейсіз – икемсіз.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

Сынпқа келген кім?(тергеуші)

«Бала Тұрар» әңгімесінің авторы кім?(Ш.Мұртаза)

«Бала Тұрар» әңгімесіндегі таудың аты?(аспара)

Ш. Мұртазаның туған жері?(Жамбыл облысы Жуалы ауданы)

Атамырзаның әкесінің аты?(Айбар)

Жақсы-жаман қасиеттер туралы мақал-мәтелдер.

Сергіту сәті

Әке тілін аламын,

Ана тілін аламын.

Жақсы оқу мақсатым,

Таудай үлкен талабым.

Ой толғаныс

Т - тәртіпті

Ұ - ұқыпты

Р - риалды

А - адам


Р - ризалады
ІҮ. Сабақты қорытындылау





Тұрар

Атамырза

1)киімі

2)Түр-сипаты, мінезі

3)Күлкі шақырған не нәрсе?

4)Аа әрпін жазуы

5)Мұғалімнің бағасы








Ү. Үйге. Мәтіннің мазмұнын айту

Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:07.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» - 3 «Ә» сыныптары

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу (Ф)

Сабақтың тақырыбы: Тіл алмап едім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдептілік әліппесін түсініп оқу, мазмұнын аша білу, сана-сезімін дамыту,өз ойларын жеткізе білуге қалыптастыру. Ой өрісін, есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру. Сезімталдыққа, алғарлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: дүниетану



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психол. триненг.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең

Мақсат қою кезеңі

-Әдептілік әліппесі.

Қызығушылықты ояту.

(Не?) күлімдеп оянып,

(Несін?) шашты сиқырлы,

(Қандай?) түске боялып,

(Ненің?) беті құлпырды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінді оқу 66-бетті оқыту.

Сұрақтар- жауап.

-Әдептілікті қалай түсінеміз?

-Неліктен құрастырылған?

-Өзіңді қалай ұстайсың?

-Слайд көрсету.

*Мәтінді іштей оқу

*Тізбектеп оқу.

Сергіту сәті.

Өз бетімен жұмыс.
1 қатар
Өлең құрастыр

эссе жаз сурет сал

Болғасын қорғау.
Бекіту кезеңі


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психол. триненг.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең

Мақсат қою кезеңі

-Әдептілік әліппесі.

Қызығушылықты ояту.

(Не?) күлімдеп оянып,

(Несін?) шашты сиқырлы,

(Қандай?) түске боялып,

(Ненің?) беті құлпырды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінді оқу 66-бетті оқыту.

Сұрақтар- жауап.

-Әдептілікті қалай түсінеміз?

-Неліктен құрастырылған?

-Өзіңді қалай ұстайсың?

-Слайд көрсету.

*Мәтінді іштей оқу

*Тізбектеп оқу.

Сергіту сәті.

Өз бетімен жұмыс.
2 қатар
Өлең құрастыр

эссе жаз

сурет сал
Болғасын қорғау.
Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:08.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» - 3 «Ә» сыныптары

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу (Ф)

Сабақтың тақырыбы: Сондай бала бола ма?
Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп оқуға ,талдай білуге үйрету. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген сөздің мәнін аша білу. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын ,сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуін арттыру. Білімділікке, ақылдылыққа,тілді құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: дүниетану



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау

Оқуға құштарлық өлеңін мәнелеп оқу


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Тест жұмысы

Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі

-Балалар, Суреттен кімді көріп тұрсыздар?

Ә. Тәжібаев. Ол кім?

Сызбамен жұмыс


V. Жаңа тақырып

Ой қозғау. Біз кімбіз? Сызбамен жұмыс


Ұлт
Қазақ

Дін


Мұсылман

Тіл


қазақ

Бейнетаспа көру


Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.

Тізбектеп оқу

Жүргізіп оқу
Менің тілім деген тақырыпқа әңгіме жазу
VI. Жаңа материалды пысықтау

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту


VII. Бекіту кезеңі


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау

Оқуға құштарлық өлеңін мәнелеп оқу


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Тест жұмысы

Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі

-Балалар, Суреттен кімді көріп тұрсыздар?

Ә. Тәжібаев. Ол кім?

Сызбамен жұмыс


V. Жаңа тақырып

Ой қозғау. Біз кімбіз? Сызбамен жұмыс


Ұлт Қазақ Дін

Мұсылман Тіл қазақ


Бейнетаспа көру

Талдау


Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.

Тізбектеп оқу

Жүргізіп оқу

Өз бетімен жұмыс

Менің тілім деген тақырыпқа әңгіме жазу
VI. Жаңа материалды пысықтау

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту


VII. Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 04.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М



Сабақтың тақырыбы: Халқым менің қонақжай
Құндылық: қазақ халқы қонақжай халық екенін ұмытпау.
Қасиеттер: сыйластық, туыстық, достық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың мақсаты: 
«Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету; үлкенді сыйлауға,кішіпейілдікке,әдет-ғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-қонақ күту дәстүрі,қонақасы туралы түсінік беру;
-қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;
-қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар,құрметті біздің қонақтар,
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келдіңіз бүгінгі біздің сабаққа,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
-тыныштық сәті.
Амандасқаннан кейін оқушыларға үйге берілген тапсырмалары бойынша ойларын жинақтауға , сабақты жақсы игерулеріне тыныштық сәті қолданылады.
-Балалар өздеріңді еркін ұстаңдар.Еркін жайғасыңдар..Бір сәт тыныштықта отырамыз.Біраз қиялға шомыламыз.Балалар, бүгін үйге қонақ келді.Үйдің іші мәз-мейрам.Барлығы наурыз мерекесін тойлауда.Ұлыс оң болсын деп ,ата-әжелер бата-тілектерін айтуда.Ал, енді жайлап көздеріңді ашыңдар.Не елестеді?
2.Үй тапсырмасын тексеру.(мәтін бойынша сұрақтар қою)
Үйге берілген тапсырма 108 беттегі Қонақасы әңгімесін оқып келу.Мазмұнын сұрау.
Сұрақтар қою:
1.Сыбаға дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Қонақасы деген не?
3.Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?
3.Дәйексөз.
Жақсы қонақ – құт, береке.(сұрақ-жауап )
Мұғалімнің түсіндіруі:
-иә,ертеде қазақтар үйіне жақсы адам келсе,сонымен бірге үйге қуаныш,бақыт,жақсылық келеді,деп қуанатын болған. «құтты қонақ келгенде қой егіз табады»-деп жақсылыққа жорыған.Өйткені жақсы адам қонаққа жақсы ниетпен,жылы тілекпен,мейірімді жүрекпен барады.Дастарқан басында жақсы сөздер айтып,көңілді отырады,айналасына күлкі,қуаныш сыйлайды.
4.Әңгімелеу(сұхбат).
Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады.Киінуіне, шешінуіне көмектеседі, көңілін аулауға көмектеседі.
Жомарт адамның дастарханы мол болады,Былғап қояр, сындырып алар – демей ойыншықтарын , кітаптарын көрсетеді.Қонағының неғұрлым көңілді отыруын қалайды.
Кеңпейіл адам келген кісі байқаусызда бір нәрсені бүлдіріп алса, оны байқамаған болады.Бетіне баспайды.Қайта тыныштандырып, жұбатуға тырысады.Өзі сыпайылық танытады.Достарын үйіне шын ниетпен шақырады.Олардың біріне-бірін жамандамайды.Ешкімді алаламайды.Нашар мінез көрсетпейді.
Мұғалім:
-Міне , сонда ғана сені қонақжай адам деуге болады.Енді мына бір әңгімеге назар аударайық.
Жанардың туған күні жақындап қалды.Бұл күнді ол асыға тосып жүрді.Оның да себебі бар.Ата-анасы оған үйге достарын шақыруға рұқсат берген болатын.
Көптен күткен күн де келіп жетті.Жанар қонақ шақыруға әбден дайындалды.Үйдің ішін жинады.Анасына әртүрлі тәтті , дәмді тағамдарды пісіруге көмектесті.Өз қолымен сусын әзірледі.Бәрін орын-орнына қойды.Дастарқан үсті жайнап кетті.
Улап-шулап достары да жетті-ау,әйтеуір.Бұрындары үйге кісі келгенде оларды қалай қарсы алу қажет екендігіне Жанар мән бермеген екен.Енді, міне, не істерін білмей абдырап қалды.
Сыныптас достары сыйлық пен гүл әкеліпті.Жанардың қолына ұстата бере олар дереу дастарқанға бас қойды.Енді біір кезде қыздар бөлектеніп, сыбыр-сыбыр әңгімеге кірісті.Ал ұлдар жағы өз алдына.Қол күрестіріп, ойнап жатыр.Кейбіреулер күйтабақ қоймақ болады.Бірақ оған Жанар рұқсат бермеді.Байқа,сындырып аласың-деді ол, әлгі баланың жанына келіп.Қыздар да бір қызық кітапты қолдарына алған.Кірлетіп қоймаңдар,білесіңдер ме бұл кітаптың қанша тұратынын?-деді ол тағы да.Осыдан кейін қонақтарда көңілсіздік байқалды.
-Жүріңдер футбол ойнайық-деді Жарқын деген бала бір кезде.Балалрдың бірі қалмай үйден шыға берді.Қыздар да көп бөгелмеді.
Ата-анасы клгенде, Жанар жылап отыр екен.Өйткені ол дәл осы кешті осылайша көңілсіз өткіземін деп ойламаған болатын.
Сұрақтар:
-Балалар, Жанар неліктен туған күнін көңілсіз өткізді?
-Енді Жанардың туған күнін қалай көңілді өткізуге болатын еді де ойлайсыңдар?
-Жанарға қонақжай болу үшін нені үйрену керек деп ойлайсыңдар?
5.Шығармашылық жұмыс.
Үйіңде ата-анаң жоқ кезде,үйлеріңе туыстарың немесе достарың келгенде, сендер ол қонақты қалай күтесіңдер? 
Тапсырма:
1-топ.Сендердің үйлеріңе ауылдан ата-әжең келгенде не істейсіңдер?
2-топ.Ал сендердің үйлеріңе сыныптас досың келгенде не істейсіңдер?
Оқушыларды үш топқа бөліп, Маслоу пирамидасын толтырту.
Қорытындылау. 
Күн құрастыру. Қонақжайлылықтың белгілерін жазу.
Қонақтың түрлерімен танысу.
Оқушылар жеке парақшалардан оқып,мысалдар келтіреді.
6.Топпен ән айту.
Қазақы дастархан әнін орындау.
7.Үйге тапсырма.
113-114 бет.Күн мен гүлдер әңгімесін әңгімелеп келу.
8.Соңғы тыныштық сәті.
Мұғалім:
-Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталады.Дастарқанға бата төрде отырған ең сыйлы, жасы үлкен қонақ береді.Бата қонақжай үй иесіне, қонажай отбасына арнап жасалады.Жасы үлкеннен, сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылыққа жетеді.
Ендеше ,құрметті оқушылар сәл тыныштық сақтап, бүгінгі өткен сабағымыздан алған білімдеріңді жүректеріңде сақтап, ойларыңызды қорытындылай отырып,келген қонақтарымыздан, жасы үлкен ұстаз болса, бата-тілек сұрап сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 03.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М



Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. Амандардың мән-мағынасы
Сабақтың мақсаты: Көбейту және бөлу амалдары туралы, осы амалдардың мәнін ашатын есептер туралы білімдерін жинақтау және жүйелендіру.
Сабақтың міндеті: Көбейту кестесін біледі;
Бөлу амалын біледі;
Логикалық тапсырмаларды шығара алады;
ойларын салыстырады, толық жеткізе алады;
Күтілетін нәтиже: Тақырып ұғымын аша біледі, түсінеді және есеп шығаруда пайдаланады.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жетелеу сұрақтары, семантикалық карта, ой қозғау, кубизм, үш қадамды сұхбат.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағалау парақшалары,
Модульдері: СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері),
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), кері байланыс.
Деректер: тақта, стикерлер, бағалау парақтары.

Ұйымдастыру кезең: Сәлемдеседі
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз

Топқа бөлу
(берілген өрнек мәнін табу арқылы)
1 - топ 12
2 - топ 2
3 - топ 10
4 - топ 5

Үй тапсырмасы қорытылады.«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ - жауап ұйымдастырылады. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша. «Келісемін, келіспеймін» сөздерін пайдаланады.

1 тапсырма. Жеке жұмыс. Тақтаға орындалады.
3х2 =6 ---------- 5х4= 20 ------- 8х3=24
10: 5= 2 -------- 18: 9= 2 ------ 15: 3=5
2 - тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
4+4+4+4 = 16
4х4 =16
50+50+50= 150
50х3=150
34+4+5+34=78

3 - Тапсырма Топтық жұмыс.
Бұл тапсырма портерге сурет салады және есептер шығарылады.
3 қораптың әрқайсысының ішінде 4 фломастерден бар. Барлығы қанша фломастер?
Ш: 3х4=12
Ж: барлығы 12 фломастер бар.

4 тапсырма « Кубизм» әдісін пайдаланып көбейту кестесін еске түсіру.
Сандар жазылған кубиктер таратылады, оны лақтырғанда өзіне қараған санның көбейту кестесін айтады, бөлумен байланыстырады.
2х3 =6
6: 3 = 2
4х3 =12
12: 3=4

5 - тапсырма «Үш қадам сұхбат»әдісі.
Баған түрінде есепте және дұрыстығын тексеру.
1 бала баған түрінде жазады, 1бала мәнін табады, 1 бала шығарылу жолын түсіндіреді.

Логикалы тапсырма.
1. Бир себетте 6 алма бар. 2себетте неше алма бар?
2. Бір торда 2 тотықұс бар. Бес торда неше тотықұс бар?
3. Үш оқушыға тең үлестіріп беру үшін неше дәптер болу керек?
6 - тапсырма. Есептің шартын құру
Ш: Қатысты - 86а
Домбыра тартты - 9а
Ән айтты – 47а
С: Биледі неше адам?
Ш: 86 - 9 = 77 77 - 47 = 30
Ж: 30 адам биледі.
Өздеріне тиісті сандардың көбейту кестесін орындайды.
Жеке жұмыс
Баған түрінде шығару, дұрыстығын тексеру.

Сергіту сәті «Он саусақ» Қимылдарын қайталап орындайды.
Ойын ойнату. «Әмиянға ақша салу»
Әр әмиянға 20 теңгеден ақша бөліп салу қажет. Тақтаға 2 оқушы шығады. Әмиянға ақшаларды теңдей бөліп салу қажет.

Үйге тапсырма:
Семантикалық картамен жұмыс.
183 - беттегі 6 - тапсырманы орындау. Семантикалық картаны толтыру

Бағалау: Бағалау шкаласы бойынша ұпай сандарын санап, бағалайды.
Бағалау шкаласы: 10 – 8 ұпай - “5”
7 - 5 ұпай - “4”
4 – 3 ұпай - “3" Ең жоғары ұпай алған оқушылар мадақталады.
Рефлексия

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 04.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

 Тақырыбы:  Көбейту және бөлу — өзара кері амалдар.

 Мақсаты: 1.Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру.

 Балалармен көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы

 байланысқа негізделген теңдеулерді шешуді пысықтау;

 2.Теңдеулерді шешу кезінде амалдардың өзара кері әдісін пайдалана білуін

 бекіту; Байқағыштығын, жадын дамыту:

 3.Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмыс

 істей білуін дамытуға жағдай жасау, зерделі болуға үйрету.

 Көрнекілігі:  тапсырмалар, сызбалар, фигуралар, тест   тапсырмалары

 Сабақ түрі:ойын, жаңа сабақ

 Сабақ әдісі: түсіндіру, толықтыру, құрастыру, бақылау, салыстыру, талдау, болжау.

 Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (барлығы бір-біріне жақсы тілек білдіреді)

 ІІ. Өткенді қайталау.

 А)үйге тапсырманы тексеру.   №10тапсырма, теңдеуді шешу. 35-бет.

 х:2=4                 9:х=3                                16:х=8

 х=4•2                 х=9:3                                х=16:8

 х=8                     х=3                                  х=2

 8:2=4                 9:3=3                               16:2=8

 4=4                     3=3                                   8=8

 Ә) ойын. «Кім шапшаң?»

 Әртүрлі фигураларды ала отырып, көбейту кестесін пысықтап алу.

(екіге көбейту кестесі)                       (үшке көбейту кестесі)

(төртке көбейту кестесі)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 А)оқулықпен жұмыс №1 тапсырманы оқып, талдау, түсіндіру.

 Б.-18 ойыншық Б.қ-2с

 Б.қ-2сөреге Әр.қ-9ойыншықтан ? ойыншық

 Ә с-?ойыншықтан

 Ш: 18:2=9 Ш: 2•9=18

 Ж: 9 ойыншық Ж: Б. 18ойыншық

(жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау)

 №2тапсырма (сызбаны көріп, түсіндіру)

:2;    •2

 18 :2   түсіндіру: 18:2=9 ;  9•2=18 ;  2•9=18 ;  18:9=2

 №3 тапсырманы да түсіндіру (сызбаны)

 Түсіндіру: 15:3=5              5•3=15           15:5=3               5•3=15

 №4 тапсырма (жұптық жұмыс)

6•4=24                        7•2= 14

 24:4= 6                      14:2=7

Сөз есеп (өткен материалды бекіту)

 Ү.-12

 Б.-? 2есе кем ? адам



Ш: 1) 12:2=6 (балалар) 2) 12+6=18 Ж: Барлығы 18 адам келген.

 Сергіту сәті.

Бас бармағым-алғашқы,

 Балаң үйрек-жалғасы,

 Ортан терек-ағасы,

 Шылдыр шүмек-нағашы,

 Кішкентай бөбек-балақан,

 Бәріне ортақ алақан.

 ІV. Қорытындылау. (рефлексия)

 А) Сұрақ-жауап

 Ә) тест тапсырмалары

1. х:2=6 Белгісіз сан нешеге тең?

А) 3         Б) 4          С)5

2. 6•8=?                

А)18               Б) 48         С) 8

3. Бөлінгіш 12, бөлгіш 3, бөліндінің мәнін тап.

А)2                       Б) 3                 С) 4

V.Үйге тапсырма. №7-тапсырма (сөз есепті шешу)   37-бет.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 05.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Көбейткіштер және көбейтінді. Көбейтіндінің мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға көбейту амалына берілетін бір амалмен шығарылатын есептерді шығару арқылы білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы ойлау қабілетін дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеуге, жұмыста шапшандылық танытуға машықтандыру.

Тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,математикалық ойын кестелері,ережелер.

Оқыту әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру кезеңі:


Психологиялық дайындық:

Балалар,бүгін бізде ерекше күн.Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып,өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.

Психологиялық дайындық:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:№7,207 бет
ІІІ.Өткенді пысықтау:

-Математикада қанша амал болады?

-Қосудың компоненттерін атаймыз?

-Азайтудың компоненттерін атаймыз?

-Қосудың қандай қасиеттерін білеміз?
ІҮ.Жаңа сабақ:.....Оқулықпен жұмыс

№1. 3х2=6 6:2=3

3х2-көбейтінді 6:2-бөлінді

6-көбейтіндінің мәні 3-бөліндінің мәні

3-көбейткіш 6-бөлінгіш

2-көбейткіш 2-бөлгіш


№2. а)5 пен 2-нің көбейтіндісін жаз.Көбейткіштерді ата. Көбейтіндінің мәнін тап.

ә )10 мен 5-тің бөліндісін жаз. Бөлінгіш пен бөлгішті ата. Бөліндінің мәнін тап.

5х2=10 10:5=2

5-көбейткіш 10:5- бөлінді

2-көбейткіш 2-бөліндінің мәні

10-көбейтіндінің мәні 10-бөлінгіш

5х2- көбейтінді 5-бөлгіш

№3. 3х2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады?

Көбейтіндінің мәні 6-ны бірінші көбейткіш -3-ке бөл.

Нәтижені тап.

6:3=2

Көбейтіндінің мәні 6-ны екінші көбейткіш- 2-ге бөл.Нәтижені тап. Қорытынды жаса.



6:2=3

Қорытынды:.егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе,онда екінші көбейткіш шығады.


№4.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр және оларды шығар:
6х3=18 7х3=21 8х3=24 9х3=27

18:3=6 21:3=7 24:3=8 27:3=9

18:6=3 21:7=3 24:8=3 27:9=3
Сергіту сәті:

Ал,балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып ,бір тұрып

Қайта есеп шығарайық.
№6.Әкесі 53 жаста, ал баласы одан 41 жас кіші. Әкесі мен баласының жасы бірге алғанда қанша болса ,атасы сонша жаста. Атасы неше жаста?
Әкесі- 53 жаста

Баласы- 41 жас кіші

Атасы-?сонша жаста
Ш: ( 53-41)+53=65

Ж: атасы 65 жаста


№7.Топтарға бөл. Мәндерін тап. Өрнектерді оқы.
Қосынды Айырма Көбейтінді Бөлінді
19+21 =40 58-49 =9 9х2 =18 9:3=3
97+28 =125 46-21 =25 7х2= 14 6:3=2
64+57 =121 49-39 =10 4х2=8 6:2=3
27+34=61 96-48 =48 2х2 =4 8:4=2
13+87=100 34-26=8 8х3=24 4:2=2

Логикалық тапсырма:


Ойлаған санды 3-ке көбейтіп көбейтіндіден 6-ны азайт та,нәтижені 2-ге бөл.
Математикалық диктант

4х2=8 18:2=9 6:2=3


6х2=12 16:2=8 18:2=9
9х2=18 10:2 =5 16:2=8
ҮІ.Үйге тапсырма: №5. Амалды орында.
Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 06.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бөлінгіш.Бөлгіш.Бөлінді.Бөліндінің мәні.

белгісі.


Мақсаты: Бөлу.Бөлудің компоненттері.Бөлу амалы, туралы түсінік , білім беру.өрнектерді жазу, салыстыру, есептер шығару

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білім.

5 қалампыр гүлінен  3 гүлшоғын жасады.Барлығы қанша гүл  болды?

5*3= 15

Барлығы 15 гүлді 5 қалампырдан бірнеше гүлшоғын жасады.Қанша гүлшоғы болды?  15:5= 3



 3. Сабақтың  тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

4.Түсіну. 15 : 5=3

15- бөлінгіш, 5 бөлгіш, 3- бөліндінің мәні

15:5 – бөлінді

: - бөлу амалының таңбасы

   бөлінгіш ,, бөлгіш, бөліндінің мәні – бөлудің компоненттері

 

№2Сурет бойынша қалып қойған сандарды ата:



3*4=12           6*2 =12

12 : 4=3         12:  2 = 6

               

 

 



5.Қолдану  математикалық диктант

№ 3  Өрнектерді жаз :   1.  бөлінгіш 8-ге тең , бөлгіш 4-ке тең    8:4

2.  бөлінгіш 10- ға тең , бөлгіш 5-ке тең  10:5

 

6.Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс



 №4 Есепті екі тәсілмен шығар: 1) 1000- (380+540) = 80

2) 1000-540-380=80

№  6 өрнектердің мәндерін  амалдарды орындамай-ақ салыстыр:

650-130 < 750-130                      500-170 = 400-70

290+320 = 390+220              410+190=460+140

 

7.Қорытындылау.



№ 9. Сәйкестікті анықта:  80:8  10 жазылуы 

1.80:8


2.80

3.10


4.8

а. бөлінгіш

ә. бөлгіш

б. бөлінді

в.бөліндінің мәні

 

8.Үйге тапсырма : № 5 - 20 бет



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 07.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Сабақтың міндеттері:
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін және оның есеп шығаруда қолданылуын қарастыру.
- Өзін - өзі бақылауды жүзеге асыра білуін, талдау мен қорытынды жасай білуін дамыту.
- Ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру сәті.
- Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен мектепке сабақтамын,
Қазір оқуды бастаймын.
Осыған қуанамын (үзіліс)
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Өте-мөте оқығым келеді.

II. Өткен сабақты қорытындылау.
1. Ауызша жұмыс.
Біз жұмысымызды әдеттегідей ауызша жаттығулардан бастаймыз.
а) Ойын: «Сыңарын тап».
- Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды меңзермен біріктір.
4 + 46
8 + 72
2 * 7
64 + 30
22 + 58
100 – 6
7 * 2
25 + 25
7 + 7 +7
- Қандай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар. (40 – 19, 7 * 3, 16 + 5 т. с. с.)
ә) – Қандай қосындыны көбейтіндімен алмастыруға болады?
3 + 3 + 3
4 + 8
4 + 4
9 + 9 
5 + 5 + 5
6 + 6
3 + 2
2 + 4 + 3
3 + 4 + 4 + 4
- Ал мұнда бір бөлігін ғана (ішінара) көбейтіндімен алмастыруға болатын қосындылар бар ма? Оны қалай істейміз? (3 * 3, 4 * 2, 6 * 2, 9 * 2, 5 * 3 3 + (4 * 3)

III. Жаңа материалды түсіндіру.
1. Сабақтың мақсатын қою.
- Қосудың бөліктерін атай отырып, қосындыны оқыңдар: 4 + 46, 8 + 72.
- Қосылғыштарды қалай қосқан қолайлы?
Есептеу кезінде қандай қасиеттерін пайдаландыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, көбейтіндінің мәнін есептеу кезінде осы қасиетті пайдалануға бола ма?
2. Жаңа білімді меңгеру.
- Екі өрнектің мәндерін салыстырыңдар:
256 * 2 және 2 * 256
Қалай әрекет жасайсыңдар? (Ең алдымен 256 * 2 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін қосамыз 256+256=512, содан кейін 2 * 256 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін 2 деген қосылғышты 256 рет қайталап, алынған нәтижелерді салыстыру қажет).
- Қайсысы сендерге қиынға соқты?
- Қалай есептейміз? (а) есептейміз, (ә) ауыстырымдылық қасиетін қолданамыз). Мысал. Балалар, мен 2 * 100 = 200 екенін білемін. Есептеуді жалғастырыңдар.
256 = 200 + 50 + 6
2 * 100 + 2 * 100 = 400
100 = 50 + 50 онда 2 * 50 = 100
2 * 6 = 2 + 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 12
400 + 100 + 12 = 512
Нәтижелері тең, көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді деген қорытынды жасауға болады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындау.
- Суреттерге қараңдар. Аталған тәсілдердің қайсысы бәрінен де қолайлы? Неге? Барлық ұшақтар саны қанша?
1 - тәсіл: 6 + 6 + 6 + 6 = 24.
2 - тәсіл: 4 + 4 + 4 + 4 + 4 +4 = 24.
2. Ережемен жұмыс «Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді».
3. Көбейтудің қасиеттерін қолдану. №2, №3, №4.
V. Сергіту сәті.
Жұмыс істеп шаршадық,
Ал тұрайық ақырын.
Өсімдіктерді көп білеміз.
Орманда да көп жүреміз.
Жасыл шырша қанша болса,
Соншама рет еңкейеміз.
Доптарымыз қанша болса,
Соншама рет отырамыз.
Тақтадағы шеңбер қанша,
Шапалақты сонша соғып,
Соқпақ жолмен адымдаймыз,
Жәндіктерді таптамаймыз.
Бұлаққа да келіп жеттік,
Енді отырып дамылдаймыз.
VI. Өткен материалды қайталау.
1. Есеп шығару.
а) №5 есептің қысқаша шарты.
ә) №6 есептің қысқаша шарты.
Шешуі:
1 - тәсіл: 82 – (17 + 24) = 41.
2 - тәсіл: 82 – 17 - 24 = 41.
б) Шығармашылық сипаттағы тапсырма: (11 айырмашылық)
в) №8 өз бетінше жұмыс.
VII. Сабақты қорытындылау.
- Сабақта қандай жаңалықты білдіңдер?
- Сабақтың соңындағы көңіл күйлерің қалай?
VII. Үйге тапсырма: №6, №7, №10.
Каталог: uploads -> doc -> 0ce4
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce4 -> Сабақ ұзақтығы: 45 минут Оқытушы: Жоламанова. Б. Б құлсары -2015 Сабақ жоспары Пән аты: Информатика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет