Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет38/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
1.Сабақтың жоспары:
1. Төле бидің шешендігі
2.Сабақтың мақсаты: Төле бидің шешімдерін, ұлағатты сөздерін үйрету арқылы шешендікке тәрбиелеу.
3.Қысқаша теориялық мәлімет
Атың Даналы болса...
Таздар мен Сүлгетай елінің арасында біраз жылдан бері бітімін таппай созылып келе жатқан жесір дауын шешіп, ауылына қайтып келе жатқан Төле би қасындағылармен Бөген өзенінен өте бергенде, анадай жерде келе жатқан бір топ қыз-келіншектер аттарынан түсіп, олардың алдын кесіп өтпей ізет қылып, тұрып қалады. Төле би оларға жақындап барады:

  • Бәрекелді, өркендерің өссін, қай ауылдың балаларысыңдар? – Қыздардың біреуі:

  • Досай ауылынанбыз,- деп жауап береді. Төле би тағы да:

  • Әлдеқашан өтіп кететін едіңдер, аттарыңнан түсіп бізді неге тостыңдар, бір шаруаларың бар ма еді?-деп сұрайды.

  • Шаруамыз жоқ, ата, - дейді әлгі қыз, - Үлкен кісілер айтушы еді, кісінің алдын кесіп өтпе, оларға ізеп қылып, сәлем бер деп, сіздердің жастарыңыз үлкен, араларыңызда қасиетті қариялар бар шығар, жолын кеспейік, аттан түсіп сәлем берейік деп, сіздерді сыйлап тұрғанымыз ғой.

Жауабына риза болған Төле би, енді қыздың аты-жөнін білгісі келеді:

  • Рахмет қызым, көп жаса, кімнің қызысың, атың кім?

  • Алакөздің қызымын, атым – Данагүл.

  • Бәрекелді қызым, өркенің өссін! Атың даналы болса, ақылың саналы болар түбі, - дейді де Төле би жүріп кетеді. Былай шыққан соң оған ой келеді, қасындағыларға:

  • Аттың басын қыз ауылына бұрыңдар. Алакөз қандай адам екенін білейік. – сөйтеді де, бәрі Төрткүлдің жазық даласымен жүріп отырып, бір ауылға жетеді. Шеткері бір үйден «Алакөздің үйі қайсы?» деп сұрайды. Ақ қалпақты жас жігіт:

  • Алакөз жәкемнің үйі анау тұрған қараша үй. – деп сілтеп жібереді. Момақан ғана Алакөз байдың жылқышысы еді. Топ аттылыны көргенде сасқалақтап, қалбалақтап қалады. Көршісінен бір қой қарыз алып сояды, алдына барын жайып күтіп алады. Сол заматта «Алакөздің үйіне бір топ аттылы кеп түсті. Ішінде атақты Төле би бар» деген сөзді естіп, жылқылы бай Алакөздің үйіне барып, Төкеңе сәлем береді.

  • Ау, биеке, менің сегіз қанат ақ үйім тұрғанда, жылқышының қара лашығына түскеніңіз қалай? Мен сіздерді шақырып келіп тұрмын. Тай соямын, қымыз сапырамын. Алакөздің үйінде жағдайларыңыз болмайды, кәне жүріңіздер! – дейді. Сонда Төле би:

  • Байеке, әуре болмаңыз. Сіздей байлардың үйіне түсіп жүрміз ғой. Бір жолы Алакөз сияқты кедейлердің де үйін көріп қойғанымыз теріс болмас, - деп оған көнбейді.

Ет пісіріп, кісілердің алдына табақ тартылыпты. Төле бидің алдына бас қойылыпты. Би «бисмиллаһир» деп бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де:

  • Алакөз інім, балаң бар ма?

  • Балам жоқ, Данагүл деген қызым бар.

  • Сол қызыңды бері шақыршы!

Ошақ басында самаурын қайнатып, қолғабыс тигізіп жүрген Данагүл үйге енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір құлағын, тілін, таңдайын алып қызға береді, мынадай тілек айтады:

  • Шырағым, құлақ бергенім – екімнің бірі, бас ие бол дегенім. Тіл мен таңдай бергенім – іштегі құпиямды айттырмай тауып, шешіп отыратын шешен бол дегенім – депті.

Қыз:

  • Рахмет, ата, тілегіңіз қабыл болсын, - деп шығып кетеді. Бата беріледі, дастархан жиылады. Енді Төле би Алакөзге қарап:

  • Сенімен құда болғым келіп отыр, бұған қалай қарайсыз?-дейді. Жаппарқұлда жан бар ма, бүкіл елді аузына қаратып жүрген Төле бидей кісі солай деп қолқа салып отырған соң, Алакөз мақұлдап, ризашылығын білдіреді. Көп ұзамай ақ екі жақ тойын жасап Данагүл Төле биге келін боп түседі. «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» демекші, Данагүл өзінің ақылды, әдептілігімен бір ғана би атасына ғана емес, бүкіл ауылға жағады. Атасы билікпен, ел қамымен жүргенде, Данагүл ауыл адамдарын, өзінің құрбы-құрдас, абысын-ажындарына ақылшы, бас көз болып жүреді.

  • Данагүлдің ақылды, сезімталдығын, Төле би атасының ішкі ой сезімін, емеурін-тұспалдарын айтқызбай түсінетін ел былай аңыздайды:

Бір жолы Төле би Мойынқұм елінің дау дамайын шешіп жүріп, ауылына қайтпақ болып, қасындағы жігітіне:

  • Қай жолмен жүрсек екен? – депті де сөзін қайта жалғапты. – бір жол бар ел жағалап жүретін. Онымен жүрсек ауылға он күнде жетеміз. Бір жол бар шөл аралап жүретін. Ол жол төте, ауылға бес ақ күнде жетеміз. – Жігіті:

  • Ел жағалап, қона жатып жүргенше, төтесінен күн-түн демей жүріп отырып, елге ертерек жеткен дұрыс ау, би-еке. Ауылда сізді күтіп тұрған шаруа да аз емес шығар, - депті.

  • Сенің айтқаның жөн екен, олай болса тарт сол төте жолмен, - дейді би. Сонымен екеуі бұйрат-бұйрат құмды кешіп жүріп кетеді. Үшінші күні құдық басында отырған жалғыз үй түйешіге кездеседі. Одан сусындап, аттарының белін босатып, жемдеп алады да тағы ілгері жүреді. Түнделетіп саймен келе жатқанда бір топ қарақшылардың қолына түсіп қалады. Өздері аш бөрідей шөл кезіп, жол торып жүрген қарақшылар екеуін аясынба, аттарын аударып, киімдерін тонап алады. Екеуін екі түп сексеуілге матап тастайды. Олар өздерінің кім екенін қарақшыларға айтпайды. Төле қарақшыларға былай дейді:

  • Әй жігіттер, сендерге біздің жанымыз керек пе, жоқ малымыз керек пе? Егер жан керек болса, азаптамай өлтіріңдер, ал мал керек болса мәмілеге келейік, бізде сендерге жететін мал бар. Алдарыңа айдатып әкеп берейік, бізді босатыңдар?

  • Әрине, бізге мал керек, - дейді қарақшылар бастығы. – Біз осы шөл далада мал табу үшін жүрмегенде, не үшін жүрміз? Бірақ, сендер малды қайдан тауып бересіңдер? Бізді алдап кетіп жүрмесеңдер.

  • Менің ауылымда, - Төле, - сендерге жететін мал табылады. Мен бай адаммын. Бірақ мені ауылға жібермейсіңдер, әрине, сенбейсіңдер. Олай болса, былай етіңдер. Біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін. «Кенже ұлыма құда түстім, соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса беріп жіберіңдер!» - деп жазамын.

Қарақшылар орталарынан екі жігітін шығарып, мыналардың киімін кигізіп, аттарына мінгізіп, қолдарына хатты беріп жіберіңдер. Екеуі салып ұрып, Төле бидің ауылына жетеді. Хатты табыс етеді. Екі жігітті «біз малымызды жинастырғанша тыныға тұрыңдар» деп бір оңаша үйге түсіреді. Ауыл адамдары хатты олай оқып, былай оқып, ештеңе түсінбейді. Сенбейін десе, хатты өз қолымен жазыпты, киімін кигізіп, атын мінгізіп жіберіп отыр. Сенейін десе, «40 құнан атын, 20 бура, 8 ақбас атын, оң босағадағы алтын, сол босағадағы күміс дегені несі?» деп, бәрі дал болып отырғанда, Данагүл келіп атасының хатын оқиды:

  • Сіздер, атамның бұл хатына түсінбей отырсыздар. Мен білсем «ол кісі 40 қарақшының қолына түсіп қалған болу керек. «40 құнан атын» дегені - 40 мықты жігіт, «20 бура» дегені – 20 палуан, «8 ақ бас атан» дегені – 8 ақсақал кісіні балам мен келінім ертіп келсін» дегені ғой.

Алтын дегені – баласы, күміс дегені – келіні мен шығармын. Қой тезірек аттанып барып, құтқарып алайық.
Данагүлдің тапқыр даналығына ауыл адамдары риза болып, оның айтқанын орындайды. Хатта көрсетілген малды екі қарақшыға айдатып, Төле бидің баласы мен келіні бірге жолға шығады. Олар ұзай берген соң артынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал көрінбестен ертіп отырады. Жақындай бергенде Данагүл екі қарақшыға:

  • Сіздер озып барып хабар беріңіздер, біз малды жая жүріп, кешке қарай жетеміз, -дейді. Екі қарақшы шабуылдап барып, «мал келе жатыр» дейді. Өзге қарақшылар «мал олжаға кенелетін болдық» деп, аттарын қоя беріп, жайбарақат жата береді. Ел жатып, олар ұйқыға кіріскенде, 40 жігіт, 20 палуан бәрі сау етіп, қарақшыларды сойылдап, байлап қолға түсіріп алады. Сонда Төле би пенде болған қарақшыларға:

  • «Келер кезек, өмір-біреу, кезек-екеу» деген осы жігіттер! Кеше мені тұтқындап едіңдер, бүгін сендер қолға түстіңдер. Дүние кезек деген осы. Сендер шөліркеп келе жатқан жалғыз-жарымды тонайсыңдар. Елді зар жылатып, малын талайсыңдар. Біреудің бермесін тартып аласыңдар. Шөл далада қаңғырып, қатын жоқ, бала жоқ, ит қорлықпен күн көресіңдер? Қанша жыл қарақшылық қылсаңдар да құтаймайсыңдар. Істегендерің ұрлық, ал ұрлық – түбі қорлық. Қойға шапқан қасқырды ұрып алар болар. Сендер де бір – қасқыр да бір. Сендердей ұры қары қарақшыға не істесе де болар еді, әттең! Амалым қанша, сендерге өлім сыйлағанша, өмір сыйлағым келіп тұр. Мен Төле би деген билерің боламын. Тілімді алсаңдар тәубаға келіңдер. Қарақшылықты қойыңдар! Адал еңбек етуді ойлаңдар. Бала-шағаға қарап, ел қатарлы тірлік етіңдер, ұрпақ өсіріңдер. Үйлі-жайлы болып, мал жинап, егін егіп күн көрейік десеңдер көмектесемін, қамқор боламын, жер беремін мал беремін. Егер менің айтқаныма көнбесеңдер өз обалдарың өзіңе! Қане, не істейсіңдер! Өлім керек пе, өлім керек пе?

Төле би осылай дегенде, қарақшылардың бастығы қар шойтпақ, бұжыр бет, нардай жігіт бидің алдына келіп басын иеді.;

  • Айналайын би-аға, сіздің бұл сөзіңізге түсіндік, біз көндік. Рас айтасыз, ұрлық қылғаннан тапқан пайдамыз жоқ. Тек қана елдің қарғысына қалдық. Осы қырық жігіт туғаннан қарақшы боп туған жоқ. Біріміз ойдан, біріміз қырдан, жоқшылық зомбылықтың салдарынан жиналып, ұры-қары боп кетіп едік. Сөйтіп елден, үйден безіп, аш бөрідей шөл даланы кезіп, ұрлық зорлықпен күнімізді өткізіп жүрдік енді міне сіздей қамқор, әділ кісіге кездесіп тұрмыз. Лайым, айтқаныңыз келсін. Біз сіздің соңыңыздан ердік. Сіз не десеңіз, соған көндік. Жанымыз қолыңызда, бар шынымыз, сізден тілегіміз осы, би-аға. Басшыларының осы тілегін мақұлдап өзге жігіттер шу етіп, биге тұс-тұсынан өтініш алғыстарын жаудырды.

Төле би сөйтіп, өзін тұтқындаған қырық қарақшыны тәубаға келтіріп, еліне ертіп барады. Біріне қой баққызады, біріне түйе баққызады. Бірі егін егіп, диқаншылықпен айналысып кетеді. Ұста, етікші, зергерлік қолынан келетіндеріне дүкен тұрғызып, жағдай жасайды. Бәрі де адал еңбекпен шұғылданып, Төле бидің ел жұрты атанып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет