Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу Орындаған: Тұрсынқұл. Ж тобы: еп-20-16к Қабылдаған: Абсаттар. Г



бет1/4
Дата06.10.2022
өлшемі71,83 Kb.
#151893
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Тұрсынқұл Жанерке (1)
1.Есептер, Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012.pdf sequence=1, Джордж Байрон, 9 сынып БЖБ Дүниежүзі тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ


«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ» КАФЕДРАСЫ
Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу
Орындаған:Тұрсынқұл. Ж
Тобы: ЕП-20-16к
Қабылдаған: Абсаттар. Г

Шымкент, 2022 ж.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік мақсаты: Құстар класының дене құрылысы мен тіршілік әрекеті мен сан алуандығы бойынша топқа бөлінетіндігі туралы түсінік беру.


Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып , оларды қорғауға тәрбиелеу.


Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды интернеттен, электрондық оқулықтардан қосымша мәлімет алуға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге,пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру


Сабақтың көрнекілі: Құстардың түрлерінің суреттері. Құс макеттері.Бейне таспалар .Слайдтар
Жалпы сипаттама:


Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар ұша алмайды, құрлықта өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғаланып келген. Аяқтары өте жақсы жетілген.Олар: Страус салмағы 80-90 кг. Қазақстанда да өсірілуде. Нанду үш саусақты, 2 түрі бар. Оңтүстік Америкада таралған салмағы 25-30кг. Жұмыртқасын қоразы басады. Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы 45-50 кг. Жемістермен қоректенеді, қолда өсіріледі. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі – киви, оның салмағы 2-3кг. Оның жұмыртқасы өте ірі ( 0,5кг ). Қазуар қауырсындары ірі қылшықты салмағы 70-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі.
Жүзетін құстар алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарымен суда жақсы жүзеді, әрі жақсы сүңгиді. Оны мына бейне таспадан көруге болады.
Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа, әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Ұяларын тасқа, құмға салады. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі.Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Император пингвинінің қоразы жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110 -120 см, салмағы 45кг жетеді. Алтын шашты пингвин жұмыртқасын қоразы мен мекиені кезектесіп басады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет