Сабақтың тақырыбы: «Сурет салып үйренейік»



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі2.12 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Бейнелеу өнері

1 сынып

1-сабақ. Күні:____________

Сабақтың тақырыбы: «Сурет салып үйренейік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп, сурет салу жолдарын түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылар өз әсерін қағаз бетіне түсіру.

Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғау және аялауға тәрбиелеу

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау

Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Көрнекіліктер: Көбелектің суреті

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –көбелектің фото суреті

Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



а) Психологиялық дайындық

ІІ. Жаңа сабақ

А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу

ІІІ. Сурет салу әдістерін көрсету

ІҮ.Сергіту сәті

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық.

Оқушылар менен кейін қайталайды.

1, 2, 3 - бойға берер күш

Сабақты біз бастаймыз,

Қиналсақта саспаймыз,

4 пен 5-ке оқуға

Тәрбиелі болуға,

Ант етеміз бәріміз.



ІІ. Жаңа сабақ

Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.

Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.

Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит дәуіріндегі еңбектің жер өңдеу мен қол еңбегі – өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды.

Ал казір біз суретті немен саламыз? қарындаштармен саламыз дұрыс айтасыңдар.

Ендеше оқулықтарыңды ашып 4 беттегі ненің суреттері берілген екен кім айтып береді?



ІІІ. Көбелектің суретін салу үшін не істейміз және не қажет?

  1. Альбомдарынды ашып сурет салуға дайындаңдар.

  2. Қарындаштарыңды, қажетті құралдарды дайындаңдар.

  3. Салатын суретке назар аударыңдар.

  4. Бірінші қара қарындашпен суретін саламыз

  5. Салып болғанан кейін түрлі түсті қарындаштармен бояймыз.

ІҮ.Сергіту сәті

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз тыныс сосын жай

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

Оқушыларға өз әсерін қағаз бетіне түсіру ұсынылады.



4-беттегі көбелектің суретін салады.




ҮІ.Сабақты қорытындылау.

  1. Суретті салу үшін бізге не керек?

  2. Суретті қалай саламыз?


Бейнелеу өнері

1 сынып

2-сабақ. Күні:____________

Сабақтың тақырыбы: «Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал -жабдықтар мен материалдар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал -жабдықтар мен материалдарды көрсетіп қысқаша мағұлмат беру;

Дамытушылық: оқушылар өз әсерін қағаз бетіне түсіруге, және бояулар түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау

Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Көрнекіліктер: Бояулардың және бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал -жабдықтар мен материалдардың суреттері

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –қағаз, қарындаштар,мольберт, гуашь, акварель

Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



ІІ. Жаңа сабақ

А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу

ІІІ. Сурет салу әдістерін көрсету

ІҮ.Сергіту сәті

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.



ІІ. Жаңа сабақ

Балалар сурет салу үшін бізге не қажет?

Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал -жабдықтар мен материалдар бар сендер оқулықтарыңның бесінші бетін ашып қараңдар!

Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал –жабдықтар: Қағаз, қатырмақағаз, кенет, қарындаштар, өшіргіш, палитра, мольберт, гуашь, акварель, майлы акрилді, темперлік бояулар.

ІІІ. Қандай түстерді білесіңдер?

Қандай т.стер ұнайды?



  1. Бірінші қара қарындашпен суретін саламыз

  2. Салып болғанан кейін түрлі түсті қарындаштармен бояймыз.


ІҮ.Сергіту сәті

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз тыныс сосын жай

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

Оқушыларға өз әсерін қағаз бетіне түсіру ұсынылады.

5-беттегі бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал –жабдықтартың суретін салады
ҮІ.Сабақты қорытындылау.

Бейнелеу өнері сабағына қажетті қандай құрал –жабдықтарды білесіңдер?




Бейнелеу өнері

1 сынып

3-сабақ. Күні:____________

Сабақтың тақырыбы: «Жай және түрлі түсті қарындаштар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жай және түрлі түсті қарындаштар туралы мағұлмат беру.

Дамытушылық: Оқушылар өз әсерін жай және түрлі түсті қарындаштармен қағаз бетіне түсіру.

Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғау және аялауға тәрбиелеу

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау

Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Көрнекіліктер: Қарындаштардың суреттері

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –түрлі түсті қарындаштардың фото суреті

Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



а) Психологиялық дайындық

ІІ. Жаңа сабақ

А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу

ІІІ. Қолдану мақсаты

ІҮ.Сергіту сәті

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық.

Оқушылар менен кейін қайталайды.

1, 2, 3 - бойға берер күш

Сабақты біз бастаймыз,

Қиналсақта саспаймыз,

4 пен 5-ке оқуға

Тәрбиелі болуға,

Ант етеміз бәріміз.



ІІ. Жаңа сабақ

Жай және түрлі түсті қарындаштардың көмегімен қағазға біз әртүрлі сызықтар түсіре аламыз.

Сызықтар мөлшері бойынша қысқа және ұзын, түзу және қисық, жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Түсінің қанықтығына қарай сызықтар ұара, ашық болып бөлінеді.



ІІІ. Қолдану мақсаты бойынша контурлық және қосымша сызықтарға бөлінеді. Олар тік және көлденең бағыттар бойынша ерекшеленеді.

ІҮ.Сергіту сәті

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз тыныс сосын жай

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

Сызықтар мөлшері бойынша қысқа және ұзын, түзу және қисық, жуан және жіңішке сызықтар сызу.


ҮІ.Сабақты қорытындылау.

Қарындаштардың қандай түрлерін білесіңдер?

Қарындаштар түріне қарай нешеге бөлінеді?

Бейнелеу өнері

1 сынып

4-сабақ. Күні:____________

Сабақтың тақырыбы: «Акварель»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға акварель жайлы түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылар өз әсерін қағаз бетіне түсіреді.

Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау

Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Көрнекіліктер: Акварель бояулары

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –акварель бояулары

Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



а) Психологиялық дайындық

ІІ. Жаңа сабақ

А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу

ІІІ. Екі масканың бір- бірінен айырмашылығы неде?

ІҮ.Сергіту сәті

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.
ІІ. Жаңа сабақ

Акварель бұл суға тез езілетін бояу.

Акварель бояуымен жұмыс істеуге қажетті құралдар: қылқалам, палитра.

ІІІ. Екі масканың бір- бірінен айырмашылығы неде?

ІҮ.Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған



Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

Акварель бояулардың атауларын жазып сол түспен бояу.


ҮІ.Сабақты қорытындылау.

Акварель бояуы не?

Оларды қалай қолданамыз?

Бейнелеу өнері

1 сынып

5-сабақ. Күні:4.10

Сабақтың тақырыбы: «Гуашь бояулары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға гуашь бояулар жайлы түсіндіру,

Дамытушылық: Оқушыларға гуашь бояуланының атауларын, түстерін ажырата білуге дағдыландыру,

Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау

Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Көрнекіліктер: Гуашь бояулары

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –гуашь бояулары

Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



а) Психологиялық дайындық

ІІ. Жаңа сабақ

А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу

ІІІ. Қай зат кімге лайықты?

ІҮ.Сергіту сәті

Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

.
ІІ. Жаңа сабақ

Гуашь акварель бояуларының бір түрі. Ол жай акварельге қарағанда әлдеқайда тығыз және күңгірт келеді.

Гуашь бояуларымен жұмыс істеуге қажетті құралдар: қылқалам, палитра.



ІІІ. Қай зат кімге лайықты?



Каталог: uploads -> doc -> 1072
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1072 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік: Sports in Our Life тақырыбымен таныстыру, білімдерді өсіру
1072 -> Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кеш


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет