Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан №1-сабақ. Бөлім


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»



бет3/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,85 Mb.
#181519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
11сынып қазақ тілі. ҚГБ 1-тоқсан (1)
Жанс тест, 11 сынып рентгендік сәулелену, 5 КТЖ 22-23 күнімен
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.


2-тапсырма:
Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап, өз пікірлеріңмен толықтырыңдар.

Мәдениетіміздің баға жетпес байлығы
Кез келген қоғам мәдениетінің баға жетпес байлығы әрі зор табысы – әліпби, әліпбилік жазу. Түркі дүниесінің де ертеден қалыптасқан жазу мәдениеті, әліпби жүйесі болғаны бәрімізге белгілі.Осы жазу мәдениетіміздің қалыптасуына ең бірінші үлес қосқан арғы ата-бабамыз, яғни түркілер болғандығын бүгінде зор мақтанышпен айта аламыз.
Көне түркі заманындағы жазбалар – Ұлы дала көшпенділерінің мәдениеті мен білім өресінің ең жоғарғы көрсеткішін танытатын асыл мұра.
Бабаларымыздан қалған көне түркі жазуының түп-тамыры сонау V–VIII ғасырларға барып тіреледі. Бәлкім, одан да ертеректен бастау алатын шығар. Ол кездері түркі халықтары Еуразияның ұлы даласын ортақ иеленіп мекендегендіктен, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тіпті өмір сүру дағдылары да ортақ болды.

Өз алдына жеке-дара мемлекет болып ыдырап кеткендеріне көп ғасыр өтсе де, түркі тектес мемлекеттердің арғы рухани қазыналары бір арнада тоғысқан. Тілі, діні, салты мен тұрмысы, мекендеген жерлері ортақ бауырлас елдер. Осы бауырлас елдердің көне дәуірдегі жазу мәдениеті Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінде бейнеленген.


Бұл жазу – түркі халықтарының әлем мәдениетіне қосқан орасан зор үлесі әрі көшпелілердің төл туындысы. Түркі қағанатында өмірге келген Орхон-Енисей, Талас жазбалары өзінен кейінгі қарахандықтар дәуірінде дәстүрлі түркі және ислами әдебиетпен жалғасып, араб таңбалары негізіндегі жазу мәдениетін одан әрі дамытты.Бұған Алтын Орда мемлекетіндегі ғұламалардың араб жазуымен қалдырған еңбектері дәлел бола алады. VIII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін қолданыста болған араб әліпбиі күллі түркі жұртына ортақ болып, жазба мәдениеттің түркілік дәстүрін қалыптастырды.Араб жазуы тұсында ғылым мен білім қатар дамып, мәдениет пен өркениетке жол ашылды, бұл кезең «Мұсылмандық гүлдену» деген атпен тарихта қалды. Өз бастауын орта ғасыр жазбаларынан алып, оны ХХ ғасырға дейін жалғастырып әкелген араб жазба дәстүрімізді «рухани мәдени феномен» деуге болады.



Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек!» – деп атап өтеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айта отырып: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның тамырында тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай… Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол
адасуға бастайды», – деген еді.Ұлттық кодты сақтай отырып, рухани жаңғыруға аса қажетті болып табылатын дүниелердің бірі – Орхон-Енисей руникалық жазбалары, араб жазулы ескерткіштеріміз, сондай-ақ латын әліпбиімен сақталған мұраларымыз.Осындай тарихы тереңге кеткен жазба мәдениетіміздің бүгінге дейінгі жетістіктерін саралап, бүгінгі ұрпаққа насихаттау – біздің басты парызымыз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет