Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – жетістікке бастар ұлы жол Мақсаты



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі18 Kb.
#197228
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!Сынып сағаты
10. Дидактикалық материал. Қосымша 4. Нұсқа 2, ҚМЖ Ш.Құдайбердіұлы Жастарға өлеңі (8 сынып)
ІІІ. Мәнерлеп өлең оқу
Әр топқа өлеңдер беріледі. Оқушылар өлеңді алдымен жеке оқиды, содан кейін әр топтан бір оқушы өлеңді класқа мәнерлеп оқып беріп, өлеңнің мазмұнынын айтады.
«Қыран» тобы – М. Шаханов «Төрт ана»
«Тұлпар» тобы – М. Шаханов «Желтоқсан алаңы»
«Шаңырақ» тобы – Ұ. Есдәулетов «Қазақстан»


ІV. Өткен жылдар жемісі
Әр топ Қазақстан тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерге шолу жасайды.


V. Өз тарихыңды білесің бе?

  1. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасыр)

  2. «Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр (Құтылығұлы Күл-тегін)

  3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым (Әбу Насыр Әл-Фараби)

  4. «Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы (Бұқар жырау)

  5. Қорқыт Ата ескерткіштерінің қандай ерекшелігі бар? (ескерткіш жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады)

  6. Соңғы Конституция қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)

  7. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)

  8. Ұлттық валютамыз теңге қай жылы айналымға енгізілді? (1993 жыл)

  9. «Менің Қазақстаным» әні қай жылы жаңа әнұран болып қабылданды? (7 қаңтар 2006 жыл)

  10. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)

VІ. Ой толғау


«Тәуелсіздік – тәу етер тұғырымсың» тақырыбына эссе жазу.


VІІ. Кері байланыс
«Шығу картасы»
Маған оңай болды ______________________________________________________________.
Мен өзімді _____________________ мақтай аламын.
Мен топтағы кластастарымды _____________________ мақтай аламын.
Менің ойымша _____________________ орындай алмадым, себебі _____________________.
Келесіде ­_____________________ ескеремін.


VІІІ. Қорытынды
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Елімізді өркендетуге сендер де болашақта ат салысады деп сенемін.
Бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағатымызды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.
Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы.
Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз.
Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.
Лайым бетімізден жарылқасын!
Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың
аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген сөзімен аяқтағым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет