Сабақтың тақырыбы: Тығыздықты есептеу Сынып: 7 Сабақтағы оқу мақсаты



Дата05.09.2020
өлшемі0,71 Mb.
#77065
түріСабақ
Байланысты:
физика20
Эссе, Эссе, Эссе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тығыздық


«Шахтинск қаласы әкімдігінің №5 гимназиясы» КММ

Физика пәні мұғалімі: Хохон М.



Сабақтың тақырыбы: Тығыздықты есептеу

Сынып: 7

Сабақтағы оқу мақсаты:

7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану

 

Сабақтың мақсаттары

 


Барлық оқушылар:

Тығыздық шамасының анықтамасын, өлшем бірлігін біледі, оның формуласын есептер шығаруда қолдана алады.



Оқушылардың көпшілігі:

Заттың тығыздығы шамасының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын түрлендіріп қолдана біледі.



Кейбір оқушылар:

Күнделікті өмірде қолданып жүрген заттардың тығыздығын анықтай алады.



Бағалау критерийлері:

1. Тығыздық шамасының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.

2. Тығыздықтың формуласын қолданып есеп шығарады, формуласын түрлендіре алады.

3. Күнделікті өмірде заттардың тығыздығын салыстырмалы ажыратады.


Тілдік мақсаттар

Физикалық терминдердің (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылымда)  дұрыс қолданылуына мән беру.

Тақырып бойынша үш тілділік сөздік



Ағылшынша

Қазақша

Орысша

mass

масса

масса

volume

көлем

объем

density

тығыздық

плотность

square

аудан

площадь

width

ені

ширина

length

ұзындығы

длина

Масса, көлем, тығыздық, вектор, скаляр шама

Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер:

Тығыздық – бұл.........шама.

Тығыздық – ...........болып табылады.

Тығыздық.......... әрпімен белгіленеді.

Тығыздықтің өлшем бірлігі........

Тығыздықты өлшеу үшін қолданылатын прибор ...... деп аталады.


Құндылыққа баулу

«Мәңгілік ел». Индустрияландыру мен инновацияларға негізінде экономикалық тұрақты дамуды қалыптастыру (жаhандық дамуға қатысты ғылым мен техниканың дамуына, инновациялық технологияларды меңгеруге деген ұмтылыс)

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы (оқушылардың топпен жұмыс жасауы барысында, мақсатқа жету үшін бірлесе еңбектенудің маңыздылығы, табанды еңбектенуге ұмтылыс жасау)



Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану (заттар және материалдар бөлімі), математика (массаны, көлемді, тығыздықтарды есептеу)

Алдыңғы білім

Заттар мен материалдар тығыздығы туралы түсінігі қалыптасқан.

Жоспар

Жоспарланған мерзім

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)


 

 

Білу



 

 

 



Қызығушылықты ояту

Ынтымақтастықты қалыптастыру «Ыстық алақан»

Топқа бөлу

Стикерлер түстері   арқылы 4 топқа бөлу.

Үй тапсырмасы  «Домино»

Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары

Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау арқылы білім деңгейін сұрақтар қойып анықтаймыз.

   1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

   2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

   3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?



Дескриптор: тығыздық анықтамасын, оны анықтау жолдарын, өлшем бірлігін білу – әрқайсысына 1 балл. (жалпы 3 балл)

 

 

Стикерлер



 

 

Ауызша сұрақтар



 

 


Сабақтың ортасы

 (33 мин)

 

Түсіну


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қолдану



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жинақтау


Мағынаны тану

 «Жалғасын тап...» Топтық жұмыс

 Мақсаты: Тығыздықтың анықтамасын, формуласын, шамалардың өлшем бірліктерін анықтау.

1.Заттың тығыздығы дегеніміз –

2.Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады:          ρ=__________

3. Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=________

Дескриптор: тығыздық анықтамасын, формуласын, шамалардың өлшем бірліктерін анықтайды



ФБ:         

 

 

 



Оқулық

Парақша


 

 

 



 

Бірлескен жұмыс  «Есептер шығару»

1 – тапсырма: «Бос торкөзді толтыр»

Bilimlаnd.kz сайтынан №1, №2, №3 жаттығулардағы тапсырмаларды сыныппен орындау





КБ:


тақтаға шыққан оқушыға кері байланыс беру

2 тапсырма «Деңгейлік тапсырма»

Барлығы

1. Көлемі 1л өсімдік майының массасы 920г. Майдың тығыздығын тап.



Көпшілігі

2. Егер шойынның тығыздығы 7∙103кг/м3болса, онда көлемі 2м3 ойын кесегінің массасын анықтаңыз.      



Кейбірі                                                                                           

3. Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса,бұл білеушелердің массалары қандай болады? ρА=2,7 г/см3, ρМ=8,9 г/см3.



Бағалау критерийі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

1. Өлшем бірліктерді ХБЖ айналдырып, тығыздықты формула бойынша есептейді

-  Берілгенін дұрыс жазу

- Өлшем бірліктерді ХБЖ айналдырады

- Тығыздықты анықтау


1

1

1



2. Тығыздық пен көлем бойынша массаны анықтайды

- тығыздық арқылы массаның  формуласын анықтау

- Массасын есептеу

- Өлшем бірлікті дұрыс жазу


2

2

2



3. Көлемі бірдей әртүрлі заттардың массасын анықтайды

- Өлшем бірліктерді ХБЖ айналдыру

- Алюминийдің массасын анықтау

-Мыстың массасын анықтау


 

2

2



2

Барлығы

15

(дескрипторға қарап өздерін бағалайды)

 

                

                       

                    Тамаша!      Жақсы!     Толықтыру қажет!



 

Bilimlаnd.kz  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Таратпа материал

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бағалау критерийі

 

 



 

 

 



 

Ой – толғаныс:

«Анықтамалық кесте»



Негізгі ұғымдар

Анықтамасы

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Заттың тығыздығы

 

 

 

2

Дененің массасы

 

 

 

3

Көлем

 

 

 

Дескриптор: Ұғымдардың анықтамасын, формуласын, өлшем бірліктерін жазады – әрқайсысына 1 ұпайдан

 

 

 



Кесте

 

 



 

Сабақтың соңы

(5 мин)


 

Бағалау


 

 

 



Кері байланыс:

«Кубик лақтыру» әдісі

Нені үйрендім?

Нені білдім?

Не қызықты болды?

Нені есте сақтаймын?

Не қиын болды?

Нені қайталадым?



 

 

 



Кубик

 

 



 

Үйге тапсырма

1.«Эссе» жазу «Заттың тығыздығы»

Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді.

2. Картоптың тығыздығын анықтау



 

 

Оқулық, дәптер



Саралау.

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары есептер шығарады. Қосымша көмек беру үшін қайта бағыттау және жетелеу сұрақтарын қоямын.

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді жоспарлау әр тапсырмадан соң өзіндік, өзара, топтық бағалаулар арқылы жүзеге асады және сабақ соңында  «Кубик» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Құндылықтардағы байланыс.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Рефлексия.

Оқушылар формула бойынша есептер шығаруды білді, өлшем бірліктерді ХБЖ айналдыруды үйренді. Сабақ барысында сараланып берілген есептер өте тиімді болды, себебі оқушылар өз деңгейіне қарай орындай алды.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Деңгейлік тапсырманы орындау барысында оқушылар арасында бәсекелестік пайда болды.

2. Топтық жұмыс кезінде үлгерімі төмен оқушы табысқа жетуге ұмтылысын белсенділік арқылы көрсетті.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды  (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта тәжірибе арқылы түсінуге мүмкіндік (құрал жабдықтар) жасалған болса.



2. Қосымша ақпарат көздері қолжетімді болса.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жаңа технологиялар арқылы көрсету, тәжірибе жасап көру сияқты тәсілдерді жоспарлау.

Заттың тығыздығы

21 наурыз 2016, Дүйсенбі

Категориясы: Физика

aiboll

Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С.



Тақырып: Заттың тығыздығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тығыздық ұғымымен таныстыру, алған білімдерін тұрмыста қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Пікір таластыруға, шығармашылықты дамытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
I. Қайталау. «Сөзжұмбақ»
1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
2. Жүрілген жолды уақытқа бөліп, қандай физикалық шаманы анықтаймыз. (жылдамдық)
3. Уақыттың туынды бірліктерінің бірі. (ғасыр)
4. Негізгі өлшем бірлігі секунд болатын қандай физикалық шама. (уақыт)
5. Дененің сапалық текшелігін сипаттап, оны құрайтын не? (зат)
6. Температураның өздерің білетін өлшем бірлігі.
(градус)
7. Табиғатты зерттеудің үш әдісінің бірі. (бақылау)
8. Қандай күйінде зат өзінің пішінін де, көлемін де
сақтайды. (қатты)
«Сөзжұмбақ» түгел шешілгенде ұзындығынан «Тығыздық» деген сөз шығады.
Т
Ы
Ғ
Ы
З
Д
Ы
Қ

ІІ. Ойын. «Ұшты, ұшты – қарға ұшты» - ойынының шарты бойынша сөз ішінен тек затты білдіретін сөзді оқығанда ғана қолдарын көтеру. 10 сөз: ұшақ, болат, шеге, ағаш, темір, қасық, су, шыны, тақта, сынап.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мысалы: Сынып бөлмесінің ішінде 20 адам отырса, екінші жағдайда 100 адам отырса, екінші жағдайында адамдар тығыз отыр дейміз. Тығыздық та жылдамдық, жол, уақыт, масса сияқты физикалық шама сондықтан оның белгілі бір белгісі, өлшем бірлігі болады.
ρ → (ρо) – грек әрпі → бірлігі (кг/м ³)
1. Мысал: Массалары бірдей екі шар, бірі болат, бірі пластилин. Болат шардың V кіші, себебі ρ көп, ендеше ρ пен V бір - біріне кері шамалар.

2. Мысал: Көлемдері бірдей екі цилиндр, бірі болат, бірі алюминий. Болат цилиндр ауыр, себебі ρ көп, ендеше ρ мен m бір - біріне тура пропорционал шамалар.

Таразының көмегімен өлшеу арқылы бұған көз жеткізуге болады.

Болаттың бөлшектері пластилин мен алюминийге қарағанда тығыз орналасқан. (218 беттегі 6 – 7 – 8 кестені пайдаланамыз) айсбергтердің суға батпайтын себебі де сол екен. Қатқан кезде судың көлемі ұлғаяды, яғни олардың бөлшектерінің арасы алшақтайды, тығыздығы кемиді. Кеме жайлы да айту керек. Кеменің көп аумағын ауа толықтырып тұрады.


3. Тәжірибе: №1. Үш сұйықты бір пробиркаға құйып, қалай орналасатынын бақылау.

Болаттың бөлшектері пластилин мен алюминийге қарағанда тығыз орналасқан. (218 беттегі 6 – 7 – 8 кестені пайдаланамыз) айсбергтердің суға батпайтын себебі де сол екен. Қатқан кезде судың көлемі ұлғаяды, яғни олардың бөлшектерінің арасы алшақтайды, тығыздығы кемиді. Кеме жайлы да айту керек. Кеменің көп аумағын ауа толықтырып тұрады.

3. Тәжірибе: №1. Үш сұйықты бір пробиркаға құйып, қалай орналасатынын бақылау.
1. Сынап ρ = 16000 кг/м ³
2. Су ρ = 1000 кг/м ³
3. Бензин ρ = 710 кг/м ³

№2. Стақанға су мен бензин құямыз да олардың ішіне парафиннен ρ = 240 кг/м ³ жасалған кубиктерді саламыз.


4. Көрініс: Тығыздыққа байланысты «Архимед туралы аңыз».
5. Есеп шығару:
а) Сызғыштың көмегімен ағаш кесегінің көлемін есептеп, оның массасын анықтау.

Берілгені:


ρ = 0, 4 г/см ³
а = 13 см
b = 2 см
с = 4 см
m –?
Шешуі:
ρ = m/V
m = ρ*V
V = a*b*c
V= 13 см*2 см*4 см = 104 см ³
m= 0, 4 г/см ³*104 см³ = 41, 6г
Жауабы: m = 41, 6 г

ә) Сызғыш пен таразының көмегімен бетіне массасы жазылған пішіні тік бұрышты параллелипипедке ұқсас бір кесек сабынның тығыздығын анықтау.


Берілгені:
m = 250 г
а = 8, 5 см
b = 6 см
c = 5см
ρ –?

Үйге тапсырма: Өздерің оқитын сынып бөлмесіндегі ауаның массасын анықтау.


Берілгені:
ρ ауа = 1, 29 кг/м3
а = 6 м
b = 5м
с = 2, 5 м
m –?

Шешуі:
m = ρ*V


V = a*b*c
V = 6 м*5 м*2, 5 м = 75 м ³
m = 1, 29 кг/м3*75 м3 = 96, 75 кг
Жауабы: m ≈ 97 кг

6. Қорытындылау: «Масса», «Көлем», «Тығыздыққа» арналған үш сұрақты оқушылар қалаулары бойынша таңдап алады.


Масса.
1. 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?
2. Мына заттардың көлемдері бірдей, кестені пайдаланып олардың массасының ең үлкені қайсысы, ең кішісі қайсысы екенін анықта. (массасы үлкені – болат, массасы кіші – ағаш)
3. Массасы 500 000 тонна кеме суға батпайды, ал массасы 50 г шеге суға батып кетеді, неге? (шеге бір - тұтас тығыз дене, ал кеменің қуыстарын ауа толтырып тұрады)
Көлем.
1. Көлемдері бірдей мұз бен судың қайсысының массасы көп? ( судың)
2. Шөлмек толы суды қысты күні далаға шығарып қойсаң не болады. Себебін түсіндір. (Шөлмек сынады, себебі су қатқанда оның көлемі ұлғаяды, яғни мұздың тығыздығы азаяды, себебі бөлшектердің арасы алшақтайды.)
3. Үш мензурканың біреуіне – көмір қышқылы, біреуіне – бензин, біреуіне – машина майы құйылған. Олардың массалары бір - біріне тең. Көлемдерін салыстыра отырып, қандай сұйық қандай мензуркада орналасқанын анықта. (1 – көмір қышқылы, 2 – машина майы, 3 – бензин.)

Тығыздық.


1. Кестені пайдаланып суға батпайтын қатты заттарды ата (қайың, қарағай, мұз, тығын)
2. Шарлардың массалары өзара тең. Қайсысының тығыздығы көп? (1)

3. Кесек күйдегі ас тұзының тығыздығы 2200 кг/м3, ал ұнтақталған күйдегі ас тұзының тығыздығы 800 кг/м3. Неліктен? (Ұнтақталғанның арасында ауа бар, көлемі үлкен болғанмен, тығыздығы аз болады.)


4. Фокус. «Тіл алғыш жұмыртқа». Үш ыдысқа жұмыртқаны салып көрсету. 1 - ші ыдыста – түбіне батады, 2 - ші ыдыста – ортасында тұрады, 3 - ші ыдыста – бетінде жүзіп жүреді. (Неліктен? Үйде ойлануға.)
5. Үйге тапсырма: §32, 12 – жаттығу (2).

Тексерілді: Оқу – ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Көкшетау қаласы, ДБАОММИ №3

Күні: 5.02.2019 ж.

Мұғалім: Акпанова Сания Есенқызы

Сынып: 7 Д, Е

Оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кері итеруші күш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану.



Сабақ мақсаттары

Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтау; Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру; Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру;

Жетістік критерийлері

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады;

-қысым ұғымын түсінеді;

-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;

-Архимед заңын түсінеді

Кейбір оқушылар: Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады


Тілдік мақсаттар


Архимед заңы –закон Архимеда-Archimedes’ principle

Судың тығыздығы – плотность воды - density of water

Кері итеруші күш – Выталкивающая сила - buoyant force

Дененің көлеміОбъем тела - volume of the body

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық

Құрмет

Функционалды сауаттылық

Оқушыларды оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыруға, бір бірінің ойын тыңдауға және оларға түсінік беруге үйрету арқылы олардың бір біріне деген құрметтері мен ынтымақтастығы артады. Есептер шығару барысында функционалды сауаттылықтары қалыптасады. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиеленеді.



Пәнаралық байланыстар

Физикалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау арқылы география пәнімен тығыз байланыстырылады. Техникамен күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіру арқылы байланысады. Электронды кітап арқылы немесе интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан мини-видеолар тамашалау барысында информатика пәнімен байланысады. Тақырыпқа байланысты есептер шығару және өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіру арқылы математика пәнімен тығыз байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар АКТ қолдану дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім


Қысым, Паскаль заңы, күш, тығыздық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жопарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.

І Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау.



Миға шабуыл

  1. Гидростатикалық қысым дегеніміз не?

  2. Сұйықтың ыдыстың табына түсірген қысымы қандай шамаларға тәуелді?

  3. Гидростатикалық қысымының формуласы

  4. Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды,

Кім айтады түсіндірген ғалымды?

Жаңа сабақ:

Тәжірибе:

Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.



Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?

Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.

Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динакмометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.

Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.

Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?

Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.

Видеоролик: «Судағы кері итеруші күш»

Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б.287-212) есептеп шығарған. Архимедке дейін де адамдар ығыстырушы күштің бар екенін білгені анық. Суда кемелер, қайықтар, салдар жүзген,ығыстырушы күш мүмкіндік беретіндей дәрежеде оларға жүктер тиелген. Алайда осы күштің шамасы неге тең болатынын дәл есептеп шығарған Архимед болатын. Аңызда айтылатындай, Сиракуз патшасы Гиеронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма? деген сұраққа жауап таба алмай, көп күн әуреленген ғалым бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.

Видеоролик «Архимед және тәж»



Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық. Осыдан кейін денені толық суға батырайық. Динамометр көрстуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады?

Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүене отырып, осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады. Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады. Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ12.



Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.

Тірек-сызба:



Есеп шығару:

1. Тастың ауадағы салмағы 30 Н, тастың судағы салмағы 10 Н. Тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең?

2. Сұйыққа батырылған денеге 20 Н кері итеруші күш әсер етеді. Дененің көлемі қандай?

Бекіту сұрақтары:

1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек

2. Архимед заңының формуласы қандай?

3. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

4. Ертедегі гректерде Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып, сол қолымен 1000 кг жүкті көтерген екен, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе?

Жауабы: Мүмкін, егер жүктің көлемі үлкендеу

5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады?

6. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді?

Жауабы:Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді.

Презентация

Физика 7 сынып. Л.Э.Генденштейн, А.Б. Кайдалов

Кирик есептер жинағы

http://bilimland.kz/ru/#lesson=10695

Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8

http://5terka.com/node/1728

http://bilimland.kz/ru/#lesson=10695




Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы




Сабақ соңында алынған жетондар санын есептеп оқушыларды бағалау.

рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары - кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым



Уй тапсырмасы: &29 жат 4.6 №8.11 Прак, ж №15 (1,2). Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлық оқушылар:

Архимед күшінің формуласын біледі



Көпшілік оқушылар:

қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады;

-қысым ұғымын түсінеді;

-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;

-Архимед заңын түсінеді

Кейбір оқушылар:

Архимед күшінің формуласын пайдалана отырып есептер шығара біледі.



- «Миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақ-жауап арқылы жетонмен бағалау;

- Өзара бағалау;

- Жек жұмысты бағалау;


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Демонстрациялық тәжірибелер көрсету барысында приборлармен мұқият болу. Себебі, таразымен жұмыс жасау барысында кір тастарын құлатып алу қаупі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



.




Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

(7-сынып)

 


Сабақтың аты

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  -     Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі жайлы мағлұмат беру
  -    Белгілі бір бетке түсетін қысымның  күнделікті өмірде формуласын есеп шығаруда  қолдана білуге үйрету
  -    Топта бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже

  -    Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі жайлы мағлұмат алады
  -    Белгілі бір бетке түсетін қысымды күнделікті өмірде, формуласын есеп шығаруда  қолдана білуге үйренеді
  -    Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:



   

р-қысым,


Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.



ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді.  

гПа=100 Па=102 Па          кПа=1000 Па=103 Па         МПа=100000 Па=106 Па

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді



   

ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ:



Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.



Тапсырмалар

Топтық жұмыс: «Білім конверті», үй тапсырмасы бойынша әр топқа берілген сұрақтарға топ болып жауап береді.

Жеке жұмыс: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы», жаңа сабаққа байланысты берілген тірек сөздердің мағынасын ашу.

Топтық жұмыс: «Суреттер сөйлейді», қысымға байланысты суреттерді топ болып түсіндіру және қолмен көрсету.

Топтық  жұмыс: «Ынтымақтастық атмосферасы», әр топқа берілген деңгейлік тапсырмалар мен есептерді шығару.

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)
1.1.  Сәлемдесу
1.2.  Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу
1.3.  Түгелдеу
1.4.  Топқа бөлу (жыл мезгілдерінің суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді, не үшін жыл мезгілдеріне бөліну себебін түсіндіру)



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (7  минут)

«Білім конверті» деп аталатын конверттер ішінде жасырылған үй жұмысының сұрақтарына топта өзара талқылап, жауап беру. Топта көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларға бөлу.



1

1.  Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?
2.  Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
3.  Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау қажет? Үйкеліс коэффициенті μ=0,3.


№2
1.  Ауырлық күші дегеніміз не?
2.  Басқа планеталардағы ауырлық күші.
3.  Жүктің массасы 10 кг. Оган қандай ауырлық күші әрекет етеді?

                                              


№3
1.  Серпімділік күші дегеніміз не?
2.  Деформация және оның түрлері.
3.  3 Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.

                                                  


№4
1.  Тең әрекетті күш дегенді қалай түсінеміз?
2.  Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіріңдер.
3.  Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: Ғ1=50 Н, Ғ2=100 Н және Ғ3=150 Н. Олардың тең әрекетті күші неге тең?

 

ІІІ. Жаңа сабаққа көпірше.  Тақтаға «мысықтың» суреті қойылған слайд көрсетіледі және оқушылар мысық деген жазуды керісінше оқу (жазу) арқылы «қысым» деген сөзбен танысады. Ендеше бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбы «Қысым» екендігін біледі.



 



                           

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. (13 минут)

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.



V. Жеке жұмыс: (4 минут)

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа сабақ бойынша тірек сөздер жазылып, оны жауып (шторка), оқушылар неше сөз есінде қалғанын жазып шығады және оның мағынасын ашады.



ҚЫСЫМ
КҮШ
АУДАН
ПАСКАЛЬ
ҚАТТЫ ДЕНЕ
СҰЙЫҚ
ПАСКАЛЬ ШАРЫ


VІ. Топтық жұмыс: «Суреттер сөйлейді»  (5 минут)  

      

     №1 топ                                           №2 топ



      

 №3 топ                                         №4 топ



VІІ. Топтық жұмыс: «Ынтымақтастық атмосферасы» (10 минут)   

Әр топқа оқулықтан және дидактикалық материалдардан деңгейлік есептер беріліп, оқушылар өз топтарында бірге шығарып, дәптерлеріне жазады және әр топтан бір оқушы тақтаға жазып, өз тобының шығарған есебін басқа топтармен алмасады.



5.1.  Оқулықпен жұмыс (15 жаттығу, 134 бет)
1. 100 смауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымын анықтаңдар.
2. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м,ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
3. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
5.2.  Дидактикалық материалдар,7-сынып (№1-5, 16 бет)
1. 200см2 ауданға түсірілген күш 100Н болса, қысым қандай болар еді?
2. Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге 100кПа қысым түсіретін болса, өлшемдері 60 смХ 80см болатын үстел бетіне қандай күш түсірер еді?
3. Шаңғы үстіне тұрған спортшының массасы 78 кг, ал шаңғының әр сыңарының ұзындығы 1,95 м, ал ені 8 см. Шаңғы қарға қандай қысым түсіреді?
4. Көлемі 6 м3 гранит бағанасының табан ауданы 1,5м2 болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді?

 


  1.  Оқулықпен жұмыс (15 жаттығу, 134 бет)

  1. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымын анықтаңдар.

  2. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м,ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

  3. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

VІІІ.  Сабақты бекіту (2 минут)

Оқушыларға «не үйрендім?», «не қиын болды?» деген үлестірме қағаздары таратылып, әр оқушы өз ойын жазады. Мұғалім әр оқушының жазбаларын ескеріп, алдағы уақытта жұмыстар жүргізеді. Әр топтан бір-бір оқушы жазғанын оқиды.



Не үйрендім?

Не қиын болды?

 

 

 

ІХ. Үй тапсырмасын беру.


Кейінгі тапсырмалар 

15 жаттығу №3 есебі

Кейінгі оқу

 Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.
 

 

 



 

Х. Бағалау (2 минут)

Топта көшбасшы (лидер) әр кезең бойынша топ мүшелерін бағалап (+,- таңбалары арқылы), содан соң мұғалім өз бағасын шығарады.





Топ   мүшелерің аты-жөні

Үй тапсырмасын орындауына

Есептер шығару белсенділігіне

Сұрақтарға жауап беру деңгейіне

 


Сабаққа белсенді қатысуына

Бағалау

Лидер бағасы

Мұғалім бағасы

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 


Ядроларды бөлу дегеніміз— ядроны нейтрондармен атқылау  арқылы ірі жарықшақтарға ажыратуды айтады.

Ядролық ыдырату ядролардың өздігінен бөлінуі. Ол табиғи процесс.

Айырмашылықтары: табиғи процессс белгілі бір заңдылыққа бағынады, ал бөліну бұл заңдылықтарға бағынбайды. Ядро бөлінгенде нәтижесінде нейтрон босап шығады. Ядро ыдырағанда нәтижесінде нейтрон босап шықпайды.

1938ж неміс ғалымдары О.Ган мен Ф.Штрассман тәжірибе жүзінде уран ядросын нейтрондармен атқылап бөлінетіндігін дәлелдеді.

Ядролар ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Ауыр ядроларға – уран, плутоний  т.б. , жеңіл ядроларға сутегі гелий т.б. жатады.

Бөліну барысында қозған ядро ірі жарықшақтармен қатар қосымша 2 немесе 3 нейтрон шығарады. Бұл нейтрондар ядролардың бөліну реакциясын жалғастырады. Нәтижесінде тізбекті реакция пайда болады.



Тізбекті реакция дегеніміз туынды нейтрондардың қатысуымен ядролардың бөлінуі жүзеге асатын процесс, яғни ядролардың тасқынды жарылуы.

Мысалы Уран ядросын нейтронмен атқылағанда екі ірі жарықшақ (басқа екі ядро) және 2 немесе 3 нейтрон пайда болады. Пайда болған нейтрондарды туынды нейтрон деп атайды. Олар әрі қарай уран ядросмен соқтығысып тағы да екі ірі жарықшаққа және нейтрондарға ыдырайды. Сөйтіп ядролардың бөлінуі жалғасатын реакция тізбекті реакция деп аталады. Тізбекті реакция арқылы атом энергиясын өндіруге болады. Ауыр ядролардың тізбекті бөлінуі Мысалы Уран ядросын нейтронмен атқылағанда екі ірі жарықшақ (басқа екі ядро) және 2 немесе 3 нейтрон пайда болады. Пайда болған нейтрондарды туынды нейтрон деп атайды. Олар әрі қарай уран ядросмен соқтығысып тағы да екі ірі жарықшаққа және нейтрондарға ыдырайды. Сөйтіп ядролардың бөлінуі жалғасатын реакция тізбекті реакция деп аталады. Тізбекті реакция арқылы атом энергиясын өндіруге болады.



Атом энергиясын өндірудің екі жолы бар:

Өйткені ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды. Ал жеңіл ядролардағы энергия тек оларды бір ядроға біріктіргенде ғана босайды.

Осы реакциялар яғни ауыр ядроны бөлу немесе жеңіл ядроны біріктіру арнайы қондырғыларда жүзеге асады. Ондай қондырғыларды ядролық (атомдық) реактор немесе атомдық бомбалар деп атайды.



Ядролық ректорда ядролық реакциялар басқарылатын жолмен іске асырылады. Ал атомдық бомбаларда басқарылмайтын жолмен іске асырылады.

Ең бірінші қолдан басқарылатын реактор 1942 жылы 2 желтоқсанда АҚШтың Чикаго қаласында Фермидің басшылығымен іске қосылды. Екінші реактор 1945 жылы КСРОда Москва түбіндегі Серпухов қаласында И.В.Курчатовтың басшылығымен салынды.

Ядролық реактордың негізгі бөлігі — белсенді аумақ. Осы белсенді аумақ мынандай бөліктерден тұрады:

Жылу шығарғыш элемент (ЖШЭ)

Тежегіштер

Жылу тасығыш

Нейтрон қайтарғыш

Басқарушы немесе апаттық таяқшалар



 Жылу шығарғыш элемент, ол ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан тұрады.

Тежегіш, ол  яролық отын толтырылған таяқшаларды графитпен қоршап тұрады.

Жылу тасығыш , ЖШЭ айнала қоршап тұратын сұйықтар ағып өтетін түтіктер. Жылу тасығыштың қызметін су немесе сұйық металл, мысалы натрий атқарады.

Нейтрон қайтарғыш нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсенді аумақты қоршайтын зат.

Басқарушы таяқшалар тізбекті реакцияны қопарылысқа жеткізбейтіндей, нейтрондарды жұтып алатын зат.

Сонымен ЖШЭ таяқшаларындағы ауыр элементтердің ядролары бөлінгенде пайда болатын бөлшектер үлкен кинетикалық энергияға ие болады. Ядродан босаған энергия электромагниттік энергияға айналады. Бұл бөлшектер белсенді аумақта тежегіштің әсерінен тежеліп, кинетикалық энергиясы мен сәулелік энергиясы жылу энергиясына айналады. Белсенді аумақтағы артық жылу мөлшері жылу тасымалдағыштарға беріліп, оларды буландырады. Жоғарғы қысымдағы бу электр энергиясын өндіретін бу турбиналары мен генераторға берілді. Осылайша реакторда бөлінген атом ядросының ішкі энергиясы туынды бөлшектердің кинетикалық және электромагниттік энергиясына , ал ол энергия жылу энергиясына, жылу энергиясы электр энергиясына айналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет