Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы Сабақтың түрі: зертханалық


Әдебиеттер: негізгі: 1:97-101 бет, қосымша: 2:129-133 бет Сабақтың барысы



бет2/5
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#172183
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.инновация, 2 5379744076394408808
Әдебиеттер: негізгі: 1:97-101 бет, қосымша: 2:129-133 бет
Сабақтың барысы


элемент

Сабақты ұйымдастыру, оқу сұрақтары, оқытудың әдіс - тәсілдері

Қосымша, өзгеріс
тер
Ескерт
пелер

І


ІІ
ІІІ


ІV

V
VI

Сабақты ұйымдастыру:
Студенттермен амандасу, кезекші арқылы жоғын түгендеу.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңғырудың бірнеше бағытын атап өтті. Біріншісі бәсекелік қабілет –жеке адам ғана емес, тұтас халық бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетеді деген. Мен сендердің бүгінгі бәсекелестікке толы сабақтарында табысқа жетулеріне тілектеспін.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Тамаша екен»
Студенттер шеңберге тұрып өзінің жақсы бір қасиетін жанындағы жолдасына айтады. Жолдасы оған «тамаша екен» деп жауап қайтарады. Осы ретпен жалғаса береді
Өткен тақырыптарға шолу:

  1. Электр тогы деген не?
    2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?
    3. Тұрақты ток деген не?
    4. Электр тогының қандай әсерлері болады?
    5. Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар
    6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
    7. Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.
    8. Электр тогының жұмысы.
    9. Электр кернеуі деген не?
    10. Электр тогының қуаты дегеніміз не?

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ой қозғау:



Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің бар екендігімен ерекшеленеді.
Яғни бүгін токтың жылулық әсері Джоуль-Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.
Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=IRt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.
Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
І топ. Электр тогының жұмысы
ІІ топ. Электр тогының қуаты
ІІІ топ. Джоуль-Ленц заңы
ІV топ. Тізбек бөліге арналған Ом заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет