Сабақтың тақырыбы: Төле бидің шешендік сөздері "Ердің бақыты әйел" Күні


“Ұрпақ тәрбиесі атаның ақылымен, ананың сүтімен беріледі” деген тақырыпта эссе жазып келу



бет5/5
Дата21.10.2019
өлшемі2,38 Mb.
#50335
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Толе би Ердин бакыты - айел кмж пустой - копия
Практикалық сабақ 6

“Ұрпақ тәрбиесі атаның ақылымен, ананың сүтімен беріледі” деген тақырыпта эссе жазып келу.

Рефлексия пирамидасы” әдісі арқылы рефлексия білдіреді.



  1. Есте сақтау керек мағыналы бір нәрсе.

  2. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе.

  3. Сіз үйренген үш нәрсе.

  4. Бүгінгі сабақта сізге ой салған 4 кейіпкер.










Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?




Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



1.Пәнаралық байланыс

2.Денсаулық және қауіпсіздік

3. АКТ-мен байланыс

4.Құндылықтармен байланыс



Мен ұсынған саралау шаралары тиімді болды:

  1. Мұғалім қолдауын көп қажет ететін оқушыларға Төле бидің шешендік сөздерін көбірек оқуды ұсынамын. “Ердің бақыты - әйел” атты шығарманың идеясын түсініп, кейіпкерлерді анықтау тапсырмаларын беремін. Сұрақтарға жауап беріп, шешендік сөздердің мағынасын түсінуін сұраймын.

2. Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға шешендік сөздегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасап, әңгіме оқиғаларын өмірмен байланыстыруды, талдау тапсырмаларын орындауды, пікірін айтуды ұсынамын.

3. Қабілетті оқушылар үшін Шешендік сөздегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстыруды, жаңашылдығына баға беруді, тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар орындауды ұсынамын.

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Бұл әрекеттер критерийлерге негізделген дескрипторлардың көмегімен орындалады. Оқушы білімін әрбір дұрыс жауапқа гүл беру арқылы қалыптастырушы бағалаумен бағалаймын.

1.Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, этнография.

2. Денсаулық және қауіпсіздік

шаралары сақталды.



  1. АКТ-мен байланыс: интербелсенді тақтаны қолданамын.

4.Құндылықтармен байланыс: Елбасының “Мәңгілік ел” ұлттық идеясының “Азаматтық жауапкершілік” бағдары сабақтың тәрбиелік элементі ретінде танылды.




Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?


Сыныптағы ахуал қандай

болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Бүгінгі сабақ жоспар бойынша қамтылды. Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізуге қолданған әдіс-тәсілдерім, соған сәйкес берілген тапсырмаларым, нәтижеге бағытталған іс-әрекеттің барлығы қамтылды. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталады. Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.


Бүгін оқушылар шешендік сөздегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін білді, әңгіме оқиғаларын өмірмен байланыстырды, талдау тапсырмаларын орындады, пікірлерін білдіре алды. Шешендік сөздегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға берді. Тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар орындады.
Сыныпта өте жақсы ахуал қалыптасты. Оқушылар “Оның есесіне мен...” деген ойынмен сабақты бастап, соңына дейін сергек, сабаққа белсенді қатысып отырды. Тапсырмалардан кейін берілген “Қызыл табан” ойыны оқушы білімін тақырыпқа сай ұштай түсті. Оқушылардың барлығы сабаққа белсенді қатысып, топтық, жұптық, жеке, шығармашылық жұмыстарды қуанышпен, бар ынталарымен орындады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта қолданған әдіс-тәсілдерім оқу және сабақ мақсатына сай болғандықтан, мен жүзеге асырған саралау шаралары тиімді болды деп ойлаймын.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталғандықтан, уақытымды тиімді пайдалана алдым.
Мен жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізбедім. Себебі сабақ тақырыпқа сай өтті. Оқу мақсаты мен сабақ мақсатына түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жеттім. Сондықтан өзгеріс енгізу қажет болмады.




Қорытынды бағалау



Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Топтық жұмыс пен үй тапсырмасын сұрау кезеңі табысты болды.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сергіту сәті мен психологиялық ахуал сабаққа оң әсерін тигізді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет