Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал иелері Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі66,94 Kb.
#33898
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал иелері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау, тиянақтау, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, төрт түлік мал жөнінде түсініктерін дамыта отырып, үй жануарларының жүріс-тұрысын, сипатын тілімізде дұрыс айтуға баулу.

  2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

  3. Тәрбиелік: оқушылардың халық мұрасына, тіліне, жеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру, қазақ халқының төрт түлік малмен байланыста екенін жеткізу, олардың адамға деген пайдасын көрсете отырып, малды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Диалог:


  • Қазір қандай сабақ?

  • Қазір қазақ тілі сабағы.

  • Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

  • Үшінші сабақ.

  • Балалар, қазақша таза, жақсы сөйлеу үшін, сауатты жазу үшін біз қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біліміз керек, сондықтан оларды қайталап жіберейік.

  • Хормен: Ә, Ө, Ұ, Ү, І, Қ, Ғ,Ң, Һ

Жаңылтпаштарды әуелі жекеше, содан соң хормен айтамыз.

Ай, Айдарбай, Айдарбай Сүт бетінде май қаймақ,

Мүйізі бар сиырыңды Майдан тәтті бал қаймақ

Үйіңе айдай бар.

Диалог:


  • Биыл қандай жыл?

  • Биыл мешін жылы.

  • Былтыр қандай жыл болды?

  • Былтыр қой жылы болды.

  • Қазақтар жыл атауларын қалай атаған?

  • Жылды жануарлардың атымен атаған.

Енді, балалар. «Жыл жануарлар» туралы айтып берейік. Содан кейін сабағымызды жалғастырамыз.

Тышқан, сиыр, барыс, қоян –

Деп, орнына дұрыс қоям.

Ұлы, жылан, жылқы, қой да –

Деп, сақтаймын мықты ойда.

Мешін, тауық, ит пен доңыз –

Деймін бұны: біткен болды іс.

Жыл аттарын болсақ талдап,

Енді пікір алысайық:

Әрқайсысын жорамалдап,

Жеке-жеке танысайық.

Оқушылар жыл атауларына өлең оқиды.



Тышқан

Тапқырлықпен түйені алдап,

Жылдар басы болған тышқан.

Жазда азығын түгел қамдап.

Мал – жан аман қалған қыстан.

Сиыр

Жан жалы көп, дауы көп,

«Жаман жылға» саналған

Сиыр – бейіт, жауы жоқ

Ырыс жылға саналған.

Барыс

«Жақсы да емен, жаман да емен,

Орташа жыл барыс», - деген

Бұл заманда, жылға демен,-

Жомарт жыртқыш табыс берген.

Қоян

«Жалпақ қоян жұты», - деп,

«Үлкен қоян жұты», - деп,

«Кіші қоян жұты», - деп,

«Тақыр қоян жұты», - деп, -

Жүрген қоян,

Қоты кеп,

Жылға айналды құты көп.

Ұлу

Жылан да емес,

Балық та,

Темсақ деген алып та.

Ол – сілеусін, қабылан

Төркінінен табылған –

Ұлитұғын тағы аң.

Кейін құрып кетіпті,

Керім жыл боп кетіпті.

Жылан

«Жылан жылы жылыс болды»,

Дейді көне жазбаларда,

Енді талай ұлы іс болды,

Ата-баба таң қалардай.

Жылқы

«Жылқы жылы ұрыс болды»,

Заманында ол дұрыс болды.

Бүгін бізге «жылқы мінез»

Осы жылда ырыс толды.

Қой

«Қой жылызеңгер тоғыс болды»,

Деп, қайтадан оңды іс болды –

Егемен ел сонда аттанып,

Қой үстңне «той құс» қонды.

Мешін

Маймылға ұқсас дене, өңі,-

«Азған адам» дейді оны.

Қалған сондай пішінде

Жыл иесі «мешін» де.

Бұрын екен жаман жыл,

Бүгін – елім аман жыл.

Тауық

«Тауық кірсе – тамақ көп,

Азық, астық мол болды», -

Деген сөзде ағат жоқ –

Дөп жорамал сол болады.

Ит

Бірі жеті қазынаның-

Ит – ежелден адам досы.

Балаларға қозы-лағың

Бағысатын жыл да осы.

Доңыз

Жылнаманың соңғы жылы –

Тағы шошқа –

Доңыз жылы

Баяғыдан мерекеге,

Берекеге толы жылы

Мұғалім:

Жыл атарын болдық талдап,

Әрі пікір алыстық біз.

Әр қайсысын жорамалдап,

Жеке – жеке таныстық біз.

ІІ. Жаңа сабақ

  • Бүгінгі сабағымызда біз төрт түлік мал иелерімен танысамыз, бізге қандай пайдасы бар екенін білеміз, жазып отырамыз.

  • Дети посмотрите на рисунок, скажите, что изображено на нем, что связывает их с домашними животными.

  • Дұрыс балалар.

  • Көшпелі қазақ халқының өмірі, тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланыста болды. Жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік. Малды қастерлеген, күтіп-баққан.

  • Енді осы төрт түлік мал иелері туралы айтайық.

Жылқы атасы – Қамбар ата,

Түйе атасы – Ойсыл қара,

Қой атасы – Шопан ата,

Сиыр атасы – Зеңгі баба.

  • Дәптерге жазамыз.

Түйе – малдың үлкені.

Жылқы – малдың үркегі.

Сиыр – малдың сүттісі.

Қой – тірліктің құттысы.

  • Төрт түлік мал иелеріне сипаттама беріндер.

  • Біз сөйлейміз, күлеміз, айқалаймыз осы күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен білдіреміз, төрт түлік мал да дыбыстайды.

Қой маңырайды.

Жылқы кісінейді.

Сиыр мөңірейді.

Түйе боздайды.

Биені құрау-құрау,

Түйені көс-көс,

Сиырды аухау-аухау,

Ешкіні шөре-шөре. Осыны әр оқышы қайталап шығады.

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Дұрыс көктем. Көктемде мал төлдейді. Малдың төлін қалай аталатының білесіңдер ме? Сурет бойынша малдың төлдерін атап шығу.

Түйе – бота,

Сиыр- бұзау,

Қой – қозы,

Жылқы – құлын,

Ешкі – лақ.

  • Сөзжұмбақ шешу.

Сабақ қорытындысы:

  • Төрт түлік малды ата

  • Малдың төлін ата

  • Малды қалай шақырамыз?

  • Сиыр не береді?

  • Жылқы не береді?

  • Түйе не береді?

  • Қой не береді?

ІІІ. Бағалау

ІV. Үйге тапсырма төрт түлік мал суреттерін салып келу.
Каталог: images -> stories -> kazahskii -> eksperim innovatsi
kazahskii -> Семинар Қостанай 2007 Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші көрші
kazahskii -> Дөнгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы маб және Ұбт дайындықтарын арттыру»
kazahskii -> Мазмұны (2003-2004) Фонетика
kazahskii -> Өткізілетін іс-шаралар
kazahskii -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты 1 1 тоқсан 18 сағат
kazahskii -> «аттестатталушы педагогтың фестивалі» байқауының ережесі жалпы ережесі. «Аттестатталушы педагогтың фестивалі»
kazahskii -> Фонетика Тест сұрақтары
kazahskii -> 1 нұсқа 9-сынып. Қазақ тілі
eksperim innovatsi -> Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет