Сабақтың тақырыбы Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Трапецияның орта сызығы



бет2/2
Дата07.07.2020
өлшемі0,5 Mb.
#74955
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Сабақ жоспары Трапеция
Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018, баяндама тапсырма, шешен, Физика. 7 класс. Механика. Ауырлық центрі.Презентация. (1)
Пәнаралық байланыстар

Үйлердің шатырларын салуда құрылыспен байланыс.

Түрлі ғимараттарды жобалау кезінде сәулетпен байланыс.



Бастапқы білім


Оқушылар параллель түзулермен таныс. Оқушылар сәйкес, айқыш, тұстас бұрыштарды анықтап, таба алады.

Оқушылар төртбұрыштың түрлерін ажырата білуі керек.

Оқушылар төртбұрыштарды салады, салыстырады және қасиеттерін атайды.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин




Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.



«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру

  1. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?

  2. Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы тұжырымдаңдар...





Сабақтың ортасы

10 мин

14 мин


Жаңа тақырыпты меңгерту

Анықтама: Екі қабырғасы параллель, басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш трапеция деп атаймыз. Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары , ал параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады.


Бір бұрышы тік болған трапеция, тікбұрышты трапеция деп аталады.

Екі бүйір қабырғасы тең трапеция, тең бүйірлі трапеция деп аталады.




Теоремалар:

1.Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең

2.Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең

Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады. Трапецияның орта сызығы табанына параллель және


«Миға шабуыл» әдісі арқылы топтық жұмыс

Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз.



Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40м, CF=50м, CD=8м, EF=10м



Шешуі:

DEGB трапециясын қарастырайық, онда СF-орта сызық болады BG= 100-40=60м, AH=120-50=70м, Фалес теоремасы бойынша CD=CB=BA=8, EF=FG=GH=10м , Демек шеберге тапсырманы орындау үшін 164 м металл сым қажет болады

Дескриптор:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-трапецияның орта сызығының анықтамасын қолданады.



ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек»

Жұптық жұмыс

Тапсырма 1.Трапеция қарама қарсы жатқан бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан бұрыштарын табыңыз

Жауабы: 700, 1100.

Тапсырма 2. Трапецияның орта сызығы 16 см және оның табандары 3:5 қатынасындай. Трапецияның табандарын табыңдар


Бағалау критерийлері:

- трапецияның түрлерін біледі

- суретті дұрыс салады ;

- трапеция қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс қолданады.



ҚБ: «Көршіңді бағала»




Математикалық сауаттылыққа тапсырма

10 мин

Косымша тапсырма

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ

Ойын залының 5,75м ×8м өлшемді еденіне паркет плиталарын төсеу жұмысын орындау керек. Паркет плиталары тікбұрышты үшбұрыштар, параллелограммдар, теңбүйірлі трапециялар пішіндес. Плиталардың өлшемдері суретте көрсетілген.







20

15 15 20
Бұл жұмыс үшін үшбұрыш, параллелограмм, трапецияның (барлығы) қанша саны керек? Бұл есепті шешу үшін қажетті есептеулер тізбегін орындаңыз:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Дискриптор

1

Паркетті бір қатарға орналастырады

2

Ұзындығы бойынша қанша қатар керек екенін анықтайды

3

Ені бойынша қанша паркет керек екенін анықтайды

4

Барлығы (үшбұрыш, параллелограмм, трапецияның) қанша саны керек екенін табады


Жауабы: 720 паркет. Бір қатарда ені бойынша екі үшбұрыш, сегіз параллелограмм, сегіз трапеция.





Сабақтың соңы

3 мин


Рефлексия

Мұғалім оқушылардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады.





Нені есте сақтадың?



Нені өзіңе түйдің?



Не түсініксіз болды?


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет