Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток күші. Электрқозғаушы күші Сабақ / оқу мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі115,32 Kb.
#92757
түріСабақ
Байланысты:
тұрақты электр тогы
-1271881365, пр1, крит29.11

Бекітемін
«Жалпы пәндер»
бірлестігінің жетекшісі
________ Темирханова С.Т

Күні:

Курсы:

Тобы:

1.11.18

1

О-181
« » ________ 2018 ж.
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток күші. Электрқозғаушы күші
Сабақ / оқу мақсаттары:
Білімділігі: Тұрақты электр тогы, ток күші туралы түсіндіру, электр қозғаушы күші туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілділікке тәбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев жаратылыстану – математика бағытына арналған 10 сынып физика, Алматы: мектеп, 2006
Б.С. Арызханов Физика : Алматы, мектеп, 1986
Қ.Аққошқарова, Н.Қойшыбаев физика: Теория.Есептер мен тест сұрақтары және оны щещу жолдары, Алматы, Атамұра, 2006
Құрал-жабдықтар:_тақта, бор__
Сабақ/оқу барысы



Реттік


Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі қою. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

Есеп шығару
1.Өткізгіштердің әрқайсысында 10 мкКл заряд бар. Олардың арасындағы потенциалдар айырымы 5 В. Жүйенің сыйымдылығы қандай?
2.Конденсатордың сыйымдылығы С=5 пФ. Егер потенциалдар айырымы U=500 В болса, оның астарларының әрбіреуінде қандай заряд болады?
3.Егер астарларындағы кернеу 300 В болса, сыйымдылығы 5пФ конденсатордың энергиясын табу керек.
4.Заряды 15 нКл, сыйымдылығы 3 пФ конденсатордың энергиясын табу керек.
5.Егер кернеуі 40 В батареяның полюстарымен қосатын болсақ, сыйымдылығы 500 мкФ конденсатор қандай заряд алады?

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Электр зарядтарының бағытталған қозғалысын электр тогы деп атайды. Металдар мен шала өткізгіштерде ток тасымалдау қызметін электрондар атқарса, электролиттер мен иондалған газдарда – оң және теріс иондар атқарады.
Берілген көлемнен бірлік уақыттың ішінде ағып өтетін электр мөлшерін ток күші деп атайды:

Күші мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін токты тұрақты ток деп атайды:

Электр кернеуі – бірлік электр зарядының орын ауыстыруы бойымен электр өрісінің атқаратын жұмысымен анықталатын физикалық шама.

Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің электр қозғаушы күші деп аталады және ЭҚК болып белгіленеді. Ток көзінің электр қозғаушы күшін бірлік оң зарядты тасымалдау кезінде тосын күштердің атқаратын жұмысымен өлшейді:


4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

Есеп шығару


5

Үйге тапсырма

Есеп шығару. №18 жаттығу

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылар білімін бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет