Сабақтың тақырыбы: Түркімен ертегілер, батырлық және романтикалық дастандар



Дата30.03.2023
өлшемі64,12 Kb.
#173339
түріСабақ
Байланысты:
03.01. Түркімен ертегілер, батырлық және романтикалық дастандар
Далелбек Разихан дене шын ДОТК3Ж, osh sor kazahskaja-literatura 9-klass kaz

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сарқан гуманитарлық колледжі

Сабақтың тақырыбы: Түркімен ертегілер, батырлық және романтикалық дастандар.

Модуль /пән атауы: ТМД елдер әдебиеті

Педагог: З. А. Жумагельдинова



2022 жылғы «03» қаңтар

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Курс,топ



2-курс, 2 Б

Сабақ типі:

Жаңа сабақ

2. МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ



Түркімен ертегілер, батырлық және романтикалық дастандар туралы мағлұмат бере отырып, Оқушылардың әдептілік, инабаттылық, сыйластық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

3.ОҚУ САБАҚТАРЫ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАР ИГЕРЕТІН КӘСІБИ БІЛІКТЕРДІҢ ТІЗБЕСІ



Студенттердің барлығы орындай алады: Сұрақтарға жауап бере алады. Жазба жұмыс жасайды.
Студенттердің көбі орындай алады:
Түркімен ертегілер, батырлық және романтикалық дастандары туралы ақпарат айта алады. Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
Студенттердің кейбіреуі орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

4. САБАҚТЫЖАБДЫҚТАУ

Оқу және әдістемелік құралдар, интернет ресурстары, көрнекі құралдар.

5. БАҒАЛАУ КРИТЕРИИІ

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Түркімен ертегілер, батырлық және романтикалық дастандары жайлы мағлұмат айта алады және қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

6. САБАҚТЫҢБАРЫСЫ
Сабақтың басы:
(Негізгі бөлім)


Сабақтың ортасы:

Сабақтың соңы:



Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Зейінін сабаққа аудару.

Түркімен халық ауыз әдебиеті- эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше бай болып келеді.


Түркімен ертегілері «Біреуге ор қазба-өзің түсесің», Нысапты мен нысапсыз», «Ақыл мен Бақыт».
Мақтымқұлы Фраги (1733-1772) — түркімен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі. Мақтымқұлы-халықтың озық ойлы, данышпан ақыны, түрікмен әдебиетінің классигі екендігі. Ақын жырларының өзекті тақырыбы-адамгершілік, гуманистік идеяны ту етіп көтеру. Мақтымқұлының туған жер, қарапайым халық, ізгілік, адамгершілік жайында жырлары («Тең емес», «Ат керек», «Дегейсің», «Боларсың» т.б ақын ретінде танытты.
Молланепес Қадырбердіұлы (1810-1962 )- түрікмен халқының атақты ақыны және көрнекті музыканты.
«Таһир мен Зуһра» дастанының түркі тілдес елдер арасына кең тараған сюжет желісінде өрнектелуі. Ақынның ойшылдық дәстүрмен өзінше, ел өміріне, ерекшелігіне бейімдеп жырлауыү Зуһра мен Таһир образын суреттеу арқылы азат махаббатты, жан-дүние пәктігін, тазалық, ізгілік жайлы жырлай отырып, бас бостандықты аңсаған жастар бейнесін сомдауы.
Түрікмен әдебиеті – Түрікмен қазақ халқының ежелгі туыстары. Түрікмен мен қазақ халықтарының тілі, мәдениеті, тарихы, тұрмыс-салты бір-біріне көп ұқсас. Сондықтан да түрікмендер Абайдың, Жамбыл мен М. Әуезовтің шығармаларын түпнұсқасынан оқи алады. Б. Кербабаев, М. Әуезов, А. Кекілов, Ғ. Мүсірепов, Б. Сейтақов, С. Мұқанов іргесін қалаған түрікмен мен қазақ жазушыларының бауырластық байланысы ілгері дамып, кең қанат жайып келеді. Абай Құнанбаевтың, Жамбылдың, Мұхтар Әуезовтың шығармаларының түрікмен тіліне аударылуы, Б. Кербабаев, Р. Эсеновтағы басқа түрікмен жазушыларының шығармаларының қазақ тіліне аударылуы осының айғағы. Абай шығармалары түрікмен тіліне 50-ші жылдардан аударыла бастады.
Тақырыпқа байланысты жағдаяттарға өз ойларыңызды айтыңыздар:
1-жағдаят
Қолында ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап екі бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едіңіз?
2-жағдаят
Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан балалы әйел мінді ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?

Сабақ бойынша рефлексия



ҮЙТАПСЫРМАСЫ

Тақырып бойынша лекция жазу және сөзжұмбақ құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет