Сабақтың тақырыбы Тұрлаулы мүшелер Сілтеме



Дата06.07.2018
өлшемі29,5 Kb.
#47380
түріСабақ
БҚО, Казталов ауданы, Тереңкөл ауылы

Тереңкөл ОЖББМ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

Ищанова Лузия Салимжановна



Сынып 3

Күні: 20.11.2017 жыл

Пәні: Қазақ тілі




Сабақтың тақырыбы

Тұрлаулы мүшелер




Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, оқулық : Қазақ тілі І бөлім. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова




Жалпы мақсаттар:

Оқушылар тұрлаулы мүшелер туралы біледі, білген білімін топпен жұмыс істеуге пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамытады.




Ресурстар:

Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.




Әдіс - тәсілдер

Әдісі: өрмекші торы, сиқырлы жіп кермесі, үш қадамдық сұхбат. Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)




Оқыту нәтижесі:

Топқа біріктіру барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын. Балалармен бірге тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.




Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.




Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті




Ұйымдастыру кезеңі: Тренинг. «Біздің сынып керемет»


1 мин


Саламатсыздар ма оқушылар. Сабақта бүгін кезекші кімдер? Оқу құралдарымыз түгел ме? Оқушылар бүгін бізде ерекше ашық сабақ өткелі тұр.Білгенімізді ортаға қысылмай салып, белсенділік танытайық.


6 мин


«Бала-өмірдің гүлі» деп бекер айтылмаса керек-ті.Мен сіздерге үш топқа гүл сыйлаймын.Енді гүлдің күлтелерінде үш түрлі жазу бар.І топ Біздің, 2 топ сынып, 3-топ керемет тобы боласыздар.

Оқушылар гүлдің күлтесіндегі сөздерге сай бірігіп 3 топ құрайды, әр топ гүлдің күлтесіндегі жазуды топпен айтып орналасады.



Үй тапсырмасын тексеру. «Өрмекші торы» әдісі. Сұрақтар жаңбыры
:




1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есімге мысал келтір.

3. Сын есім дегеніміз не?

4.Мысал келтір.

5.Сан есім дегеніміз не?

7. Мысал айт.

8.Етістік деген не?

9. Мысал келтір.

10. Бастауыштың ережесін айт

11.Мысал айт.

12.Баяндауыштың ережесін айт.

13.Жамбыл-ақын деген сөйлемде сызықша неге қойылады?

14.Ғалия-үлгілі қыз. Осы сөйлемде қай жерге сызықша қойылады?

15.Ит қоймай үрді. Бастауышы мен баяндауышын ажыратшы?

16.Ертең өскенде кім болғың келеді?


Өзара бағалау. «Алақан қуаты» Үш рет санын алақанмен, үш рет иықты алақанмен, үш рет алақанын соғады.

Қызығушылықты ояту. «Суреттер сөйлейді» әдісі

Мағынаны тану. «Ақылды жіп кермесі» әдісі.


Талантты және дарынды оқушыларға танымдық сұрақ.

АКТ: «Аю неге қыста ұйықтайды? Видеоролик.


Тақтамен, дәптермен жұмыс.





Слайд.Жаңа тақырыпқа із салу үшін суреттің тек бірінші әріптерін пайдаланып, суретті

сөйлетеді. Дұрыс шеше білсең, суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз шығады.


Топпен жұмыс.Үш топқа бөлек сөздері қиылған сөйлемдер таратылады. Ақылды жіп кермеге сөйлемдегі сөздердің реттілігін сақтай іледі. Сөйлемнің ішінен бастауыш пен баяндауышты оқшаулайды.

Аю туралы не білесіздер?


Оқулықпен жұмыс.2-жаттығу. Мәтінді тізбектей оқыту. 1-топ: мәтіннен қоңыр аю туралы сөйлемдерді пайдаланып, постерге керекті суретті тауып жапсырады.Баяндауышы зат есім болып тұрған сөйлемдерді көшіріп жазады.Түсіндір.

2-топ: Ақ аю туралы керекті суретті постерге жапсырып, Ол балықпен қоректенеді. Тұрлаулы мүшелерін табады.

3-топ: Сүйір ерінді аюға байланысты суреттерді постерге жапсырып, Ол құрт-құмырсқаны жейді деген сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызады.

Слайд. 3-жаттығу.Топпен ақылдасып, тақтаға жазады.




Жаңа сабақтың тақырыбы тұрлаулы мүшелер. Дәптерді ашып күн жадын жазады.

Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз. Ережені топпен біріге қайталайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Керемет,Тамаша, Жақсы» деген сөздермен топты бағалау.

Жазу каллиграфиясы мен қатесіз жазуы үш түспен бағаланады.















Ой толғаныс.

Үш қадамдық сұқбат.



1-топ сұрақ қойып оқиды. 2-топ Бастауыш болатын сөз қойып оқиды. 3-топ Тек тұрлаулы мүшелерін атайды.




Бағалау

1

мин


Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.




Кері байланыс




Табыс ағашына алма түстерін жапсырады.




Үй жұмысы

1мин

5 -жаттығу. Өлеңді көшіріп, тұрлаулы мүшелердің астын сызады.




Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет