Сабақтың тақырыбы:



Дата27.12.2016
өлшемі38,61 Kb.
#5661
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Атамекен» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «табиғат», «махаббат» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Мақсаты:

Атамекен табиғаты туралы түсінік беру;

Табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.

Туған ауылының, жерінің табиғатын аялауға сүюге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: қағаздан жасалған аңдардың суреттері, орманның суреті салынған плакат, табиғаттың көрінісін бейнелейтін қосымша суреттер, үнтаспа, оқулық, дәптер.

Сабақтың әдісі: ЖИГСО – 1 стратегиясы, хат жазу стратегиясы, 5 жолды өлең стратегиясы, сұрақ – жауап,ой қозғау стратегиясы.

Шаттық шеңбер: Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі. Үнтаспадан «Айналдым сенен, Атамекен — ай» әніне қосылып, қимылмен көрсетеді.

Шеңберде тұрып, бірнеше сұрақтарға жауап береді.



Әңгімелесу:

-Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-Ауыл.

-Кіндік қан тамған жер.т.б.



- Сенің атамекенің несімен көрікті?

- Табиғаты.

-Тау — тасы.

-Ағаштары.

-Гүлімен.

-Жануарымен.

-Құстарымен.т.б.

- Саған табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?

-Жаңбыр жауғаны.

-Кемпірқосақ шыққаны.

-Қар жауғаны.

-Құйын өткені.

-Боран болғаны.т.б.

Ойын: «Ормандағы аңдар»

Табиғат пен адам мінезінің үйлесімділігін жете түсіндіру мақсатында ойын ойнату. Балаларға аңның суретін таратып, адамға ұқсас қасиеттерін айтқызу. Сол жануардың дауысын салу.



Мысалы: құс - еркіндікті сүйеді, тиін - ақкөңіл, түлкі - айлакер, қу.т.б.

Дәйексөз: Тақтаға плакатқа жазылған «Атамекен аясы – адамның жан саясы» деген халық даналығының сөзі ілінеді.Осы сөздің мағынасын ашып түсіндіріп, дәйексөз жазатын кітапшаларына жазғызу.

Мәтінмен жұмыс: Табиғатқа қамқорлық жасау, оны аялау мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізу. Кітаптарын жапқызып, мұғалімді тыңдап отыруға ұсыныс жасау. Әңгіменің бірнеше сөйлемін оқып, балаларға сұрақ қойып,олардың ойынша әңгіменің қалай аяқталарын сұрау.

- Енді не болады деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптарын тыңдаған соң, тағы да оқып сұрақтар қоямын.

- Апасының түрі бұзылған соң не болады деп ойлайсыңдар?

- Дос деген осындай бола ма?

- Неге қарлығаш үйдің шатырына ұя салады?

- Берекелі отбасы болсын деп.

- Татулық болсын деп.

- Шаңырақта береке болсын деп.

Осы орайда Төле би туралы аңызды айта кету.



Шығармашылық жұмыс: «Қарлығаштың ұясы» С.Дүйсенбиевтің әңгімесінің осылай аяқталғаны сендерге ұнады ма? Ұнамаса авторға хат жазамыз.

Мысалы: Құрметті аға.

Маған сіздің әңгімеңіз қатты ұнады. Бірақ, Гүлжамалдың досының қашып кеткені ұнамады. Соның кесірінен апасы Гүлжамалға ұрысты. Неге әңгіме осылай аяқталған?

Балалардың жауаптарын түйіндеймін де, келесі тапсырмаға көшемін.



  • «Қызыл кітап» деген не?

  • Неге ол қызыл түсті?

  • Қызыл кітапқа енген қандай аң – құстарды білесіңдер?

Кітаппен жұмыс: Қызыл кітапқа енген аңдарды, құстарды, өсімдіктерді көрсету.

Дәптермен жұмыс:

Берілген кіапты қызыл түске бояп, оның сыртына «Табиғатты аялайық» деп жазамыз.

Қызыл кітапқа өзі жақсы көретін аңның атын жазып, суретін салу.

Ассоциация құру: Балалар, «Атамекен» деген үлкен ұғым. Біз соның ішінде өз ауылымыз жайында айтып өтейік. Міне, мынау біздің Жамбыл ауылының маңы. Ал, мынау Есіл өзені.Ауылымыздың көрнекті орындары мектеп, дәмхана, емхана бар.Табиғаты таза, ауасы шипа осы ауылда дені сау балалр, жақсы сабақ оқып жүр.

ӨЗЕН


ТАУ

ОРМАН


АТАМЕКЕН

ДАЛА ЖАНУАР



5 жолды өлең жазу:

Атамекен

ыстық кең

қорғайды аялайды сүйеді

Атамекен табиғаты бәрінен қымбат.

Отан

Егер, сен дәрігер болсаң, қандай үлес қосар едің ...

Ауыл әкімі болсаң ше?

Орманшы болсаң ше?



Жүректен – жүрекке: Өтебай Тұрманжанов «Өс,ұлан!» өлеңі.

Осы өлеңдегі ұландай боп өсіңдер!
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет