Сабақтың тақырыбы: «Ю ю» дыбысы мен әрпі «Сырдария» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



бет12/14
Дата08.12.2016
өлшемі2,82 Mb.
#3440
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Немене» ауылына да келіп қалыппыз. Мына буындарды жалғастырып жаз.

а – а -

а – а -

са – ай -

жа – қа -

Қорытынды бөлім.

Міне, балалар, сыныпқа да келдік. «Жеті ата» ауылының адамдары сендердің білімдеріңді көрді. Ашық сабақтан алған білімдерімізді қайталадық. Жеті атасын біліп жүру әрбір баланың міндеті.



Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Жетім».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Тақырып бойынша жүйелі әңгімелеуге үйрету. Жетім баланың өмірімен таныстыру.

Дамытушылық:Жетімдерге қоғам қандай көмек беріп отырғаны туралы түсінікберу.

Тәрбиелік: Өмірдегі қиыншылыққа төзе білуге, өмір сүре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа технология" Тәй-тәй" бағдарламасын пайдаланып өту.

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезовтің суреті, схемалар, үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, бейнелеу өнері.
Оқушыларды орталықтарға бөліп, топпен жұмыс жасау:

1. Оқу орталығы.

2. Жазу орталығы.

3. Өнер орталығы.

4. Зерттеу орталығы.
Орталықтарға бірігіп өткен сабақ кезінде меңгеретін білім.

1. Оқушылар бірін-бірі тыңдауға, бірін-бірі толықтыруға;

2. Белгілі бір кейіпкерді зерттеп үйренуге;

3. Кейіпкердің образын сахналап керсетуге;

4. Өзінше ой қорытып, еркін сөйлеуге, дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, бүгінгі күнгі «Жетім» тақырыбын түсіндіру.

2. Үйге берілген тапсырма: "Амангелді батыр".

Оқу орталығы: Мәтінді сауатты оқу.

Өнер орталығы: Амангелді батырдың суретін салу.

Зерттеу орталығы: Батырлардың батырын - елімізді қорғауға сақадай сай екендігін зерттеу.

Жазу орталығы: "Батырлар" туралы өлең құрастыру.

Әр бір орталықтағы жеке оқушылар дайындаған жұмыстарын өздері қорғайды.


Үй тапсырмасын бағалау.
Сергіту сәті: "Егеменді Қазақстан ұлдарымыз" биі.
Жаңа сабақты "Отансыз адам, ормансыз бұлбұлмен тең" деген мақалмен бастаймын.
Жаңа сабақтың тақырыбы: "Жетім" Мұхтар Әуезов.

Бұл мәтіннің авторы Мұхтар Әуезов (1897-1961ж) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлыжазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматургі және қоғам қайраткері. Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына шексіз қызмет етті. Оның әлемге тараған "Абай жолы" роман - эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған "Көксерек", "Жетім" т.б. шығармалары бар.



Мәтінді толығымен мазмұндап айтып беріп, таныстырамын. Бүгінгісабақ барысында жұмыс жасайтын орталықтар:

1. Оқу орталығы. Мәтінді төрт бөлікке бөліп, әр бөлікке тақырыптар қою.

- Табиғат көрінісі.

- Баланың аянышты халі.

- Иса мен Қадишаның көрсеткен қорлығы

- Қасымның ата-анасынан, әжесінен айрылуы.
2. Жазу орталығы. Қасымның өмірі туралы қысқаша әңгіме жазу.
3. Зерттеу орталығы. Авторды зерттеу, кейіпкерді сыйпаттау. Жетімдерге дәл қазіргі заманда қандай көмек беріліп отыр?
4. Өнер орталығы.

1. Сурет салу.

2. Кейіпкерді сахналау.
Әрбір орталық өз тобымен тапсырмаларын орындайды. Әр топ берілген тапсырмаларды орындаған сайын бағалап отыру.
Сергіту сәті (хормен қимылмен)

Тамаша ғой жазғы орман,

Құстар сайрап ән салған.

Қасымға мінездеме.




Жақсы кейіпкер

Қиналған кездері

Әжесі





  1. Қасымның қаралы күйге түсуі

  2. Тау ішіндегі қорқынышы





"Жалғасын тап" ойыны.

1. Адам ұрпағымен мәңгі ..........

2. Туған жердей жерболмас.........

3. Атадан мол қалғанша.............

4. Отанеызадам.....................
Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма:

1. Оқу орталығы. Мазмұнын әңгімелеп айту.

2.Жазу орталығы. А) Қасымға мінездеме, өмірі туралы жазу.

Ә) М.Әуезовтың еңбектері (тірек - сызба арқылы)



3. Өнер орталығы. Тау бөктеріндегі табиғат суреттері.

4. Зерттеу орталығы. Мәтінге зерттеу жүргізу.
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Авторы: Қабыкен Мұқышев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әрі ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.
Дамытушылығы: Көктемдегі өзгешеліктерге, көп ізденуге, бірін-бірін тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Өз беттерінше жұмыс істеуге және сол іс-әрекеттерінен қорытынды шығаруға жағдай жасау.
Тәрбиелігі: Отанын, елін, жерін сүюге, әрі еңбек етуге баулу. Табиғатқа қамқоршы болуға, жақсы қасиеттерге баға беру, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беру.
Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.

Көрнекілігі: Көктем көрінісі. Аңдар суреті. Қайраткерлер суреттері.
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

а) Қызығушылығын ояту:

1. Өзіңе ұнайтын мақал айт.

2. Қандай үй жануарын жақсы көресің?

3. Өзіңе ұнайтын жыл мезгілін ата?

4. Жақсы көретін атақты адамың кім?

5. Өзіңе ұнайтын өсімдікті ата.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

«Көктем сәні» ертегісін сахналау.

Біз қандай аңдармен таныстық?

Қызыл кітапқа енген аңдар туралы түсінік берілді.

Осы ертегідегі «Көктем сәні» не екенін, мағынасын, мазмұнын оқушылардан сұрау
III. Топқа бөлу.

1. топ Өнер орталығы.

II. топ Жазушылар орталығы.

III. топ Суретшілер орталығы.


IV.Жаңа сабақ. Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

Көктем туралы не білесің және не білемін деп ойлайсың?

Қыс жыл мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

Көктемде күн жылынады. Күннің сәулесі жер-дүниені тегіс жылытады. Бұл кезеңде аңдар оянып, құстар келіп, ағаш бастарына ұя салып, балапан шығарады. Мал төлдейді. Жер құрғап, мал жайылымға шығады. Бұл көктем мезгілі деп аталады.


V. Оқушылардан сұрақ-жауап алу.

І.Қыста табиғат қандай болады?

2. Қыс туралы қандай әңгімелер мен өлеңдер білесің?

З. Қай аңдар қыста ұйықтайды?

4. Қыс айларын атаңдар.

5. Көктем айларын ата.


VI. Кітаппен жұмыс.

Көктем өлеңін оқу. Авторы Қабікен Мұқышев.(1920-1976)


VII. Қорытынды.

Венн диаграммасы.Қыс және көктем мезгілін салыстыру.




XI. Бағалау: Мадақтау. Марапаттау.

XII. Үйге тапсырма беру: «Көктем» өлеңін жаттап келу. Жыл мезгілдеріне мақал-мәтел жазып келу.

Әдебиеттік оқу. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.

Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдыларын, лирикалық өлеңдерді талдау шеберліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Абайдың өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, ялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, нақыл сөздері,буклеттер, абай туралы жазылған кітаптар көрмесі.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ойға шықыру,тест, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасау



- түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Тұрар Рысқұлов туралы мағлұмат жинау.

  2. Бала Тұрар әңгімесін оқып, мазмұныны айту.

  • Мұғалімнің аты жөні кім?

  • Мұғалім Тұрардың дәптеріне неге үңілді.

  • Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?

  • Тұрар жазған сөздерін қалай түсіндірді?

  • Ал тақта алдында тұрған Тұрардың портретін жазушы қалай суреттеген

  • Иван Владимирович Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты.

  • Бала Тұрардың бойындағы қасиеттерді ата.

  • Тұрарға күлген айбаровқа мінездеме бер.


Сабақтың барысы:

ІІ. Жаңа сабақ.

  1. Қызығушылықтарын ояту.

  • Балалар, тақтағда нені көріп тұрсыңдар?

  • Қандай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар?

  • Қыс, жаз, күз, көктем

  • Осы жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?

  • Абайдың қыс, жаз, жазғытұры, күз өлеңдерін білеміз.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?

  • Айбай жайлы, оның өлеңдері жайлы

  • Оқушылар, біз бүгін сабағымызда Абай құнанбаевтың табиғат лирикасымен танысамыз.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болмақ?

  • Бүгінгі сабақта біз Абай құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұныны ашу, олармен танысу.

  • Дұрыс балалар.



  • Абай кім?




Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.

Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.

Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.


  • Абайдың шыққан тегімен таныстыру.

Абай тегі – Кішік – Әйтек – Олжабай – Қайдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Абай (Ибраһим)

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,


Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ( Абай)


  • Бұл сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Қазір Абай болмаса да, артынан із қалдырған, өлеңдерін қалдырған.

  • Дұрыс, сондықтан бүгінгі Абайдың артынан қалған өлеңдерін өтеміз.

  • Лирика дегеніміз не?

  • Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші. 

Лириканың 4 түрі бар.

 1. Философиялық



2. Саяси 

3. Махаббат

4. Табиғат

Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.



1 – тапсырма:

1 топ: «Қыс» өлеңі мәнерлеп оқып беру



  1. топ: «Күз» өлеңін оқып беру

3 топ: «Жаз» өлеңін оқып беру

Сергіту сәті:

Тоғай, тоғай, көп тоғай,

Көп тоғайда, көп торғай.

Тоғай іші қапырық,

Дем алайық отырып.

Орнымыздан тұрайық,

Қанатымызды жазайық.

Қағып – қағып алайық,

Орнымызға қонайық!

2 –тапсырма:

1 топ: «Қыс» өлеңінің шығу тегін айтып беру.

2 топ: «Күз» өлеңінің шығу тегін айтып беру.


  1. топ: «Жаз» өлеңінің шығу тегін айтып беру.



  • Абай тек қана өлең жазбаған, ол әндер мен қара сөздер жазған, және аударған.

  • Сендер қандай қара сөздерін білесіңдер?

  • Мен алтыншы қара сөзін білемін

  • Айта ғой Аружан

  • Ал қандай әндерін білесіңдер?

  • «Желсіз түнде жарық – ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым саған қаламқас»т.б.

  • «Желсіз түнде жарық – ай» әнін балаларға естірту.

  • Балалар сендер «Желсіз түнде дарық ай » әнін естідіңдер. Қанадй сезімде болдыңдар?

Ой итолғау

  • Енді сендер өзерің « Табиғат» бейнесін дәптерлеріңе суреттеп, шағын шығарма жазасыңдар.

  1. тапсырма:

1 топ: «Қыс» өлеңін суреттеп беру,

2- топ: «Күз» өлеңін суреттеп беру.



  1. топ: «Жаз» өлеңін суреттеп беру.

1. Абай Құнанбаев кім?

а) ақын ә) дәрігер б) әртіс

2. Абай жасынан қандай болды?

а) ақылсыз ә) ынталы, зерек

б) білімсіз

3. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) училищеде ә) институтта

б) медреседе

4. Ақын қысты кімге теңеген?

а) гүлге ә) малға б) адамға

5. Ақ киімді” сөзін аудар.

а) белая борода

ә) белая одежда

б) белая бумага




6. Абайдың шын аты кім?

а) Әбдікәрім ә) Ибраһим

б) Әбдірахман

7. Абай қай жылы туды?

а) 1845 ә) 1935 б) 1965

8. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) Қостанайда ә) Алматыда

б) Семейде

9. Абай қазақ халқын неге шақырды?

а) мәдениетке, білімге ә) ойнауға

б) қыдыруға

10. “Зерек” сөзін аудар

а) умный ә) способный

б) красивый




Тест орындау

ІІ. Сабақты бекіту

1. Абай жасынан қандай болды?

2. Абай өмірі туралы жазған жазушы кім?

3. Абайдың неше қара сөзі бар?

4. Абайдың сүйген жары?

5. Абайдың әжесінің аты кім?

6. Абайдың анасының аты кім?

7. Абайдың әкесінің аты кім?




ІҮ. Рефлексия:

Сабақта не өттік? Не білдік? Не үйрендік?
Ү. Үйге тапсырма:

1 топ – Абайдың өздеріңе ұнаған бір өлеңін жаттау

2 топ – Жыл мезгілеріне байланысты мақал мәтел жинау

3 топ – «Мен ұнататын жыл мезгілі» тақырыбына шығарма жазу


ҮІ. Бағалау

Оқушыларды бағалау парағын қолдану арқылы білімдерін сай бағалап ,мадақтау




Р/С

Оқушының

аты - жөні

Үй тапсырмасын орындауы

Сабаққа қатысуы

Қосымша сұрақтарға жауап беруі

Бағалау

1
















2
















3
















4
















5
















ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Елін сүйген,елі сүйген Елбасы

Мақсаты:а).Елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,елжандылыққа,отансүйгіштікке,азаматтыққа баулу.

ә).Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.


б).Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
в).Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, , әнұран, «Астана» фотомонтажы
Түрі: тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.



Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі 2 «Б» сыныбының «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

-Ендеше оқушыларымыздың «Ұлы Отан» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

Мемлекет басқару ісі- машақатты да,мәртебелі міндет.Басшы басқарған ел- ең бай мемлекет,халқы да ең бақытты халық.Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен таныс болыңыздар.



1 оқушы. Алибек.

2 оқушы.

3 оқушы. Әсем-ай.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді .Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.


4 оқушы. Нұрай.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.


5-оқушы: Әділет

1991 жылыдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғары сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.


6 –оқушы :Батырхан

Астана ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылды.


7-оқушы.Аяна.

Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз.


Сандуғаш

Ақылым өсіп,азмат болып еңселі,

Адам да болам,артатын маған ел сенім.

Үлгісі болған намысы ұлдың-елбасым,

Өзіңнен алам ұлылықтың нағыз өлшемін.
Балнұр.

Талай елге танытып қазағыңды,

Өркениет өлкесіне өріс алдың.

Мойындатып туымды байтақ елге,

Тәуелсіздік төріне сен апардың.
Халық

Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағың,

Тарихтантартымбабаларжолынжалғадың.

 Ерлік пен елдікмұратын ту ғыптөбеңе,

Болашаққамын,халқыңныңқамынжырладың.

Елімменбірге,есейіпөсіптоламын,

Ақылынтыңдап,үлкенніңтіліналамын.

Елініңқамынойлаймындегенелбасы,

ҚазақтыңұлыНазарбаевтайболамын!
Жүргізуші
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2050 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.. 
Ән: «Бейбіт ел»

Ардақ

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн


Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Мұғалім:
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Әділет:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың


Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын






Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет