Сабақтың тақырыбы ш мұртаза «Бала Тұрар»



Дата08.09.2017
өлшемі44,77 Kb.
#30988
түріСабақ
Шерхан Мұртаза

«Бала Тұрар»

Айжан Айжарыққызы Муханова,

№1 Алға мектеп-бақша,

Алға қаласы, Ақтөбе облысы.



Сабақтың тақырыбы

Ш Мұртаза «Бала Тұрар»

Мақсаты

Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өмірімен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.

Күтілетін нәтиже




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды,

Балаларға пайдалы.


Бәрін ұғып алыңдар,

Әңгімеге зер салыңдар.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.



Қызығушылықты ояту

Топқа бөліну (Қазақ хандары, ақындар, батырлар, билер топтары)

«Кең ауқымды дәріс» әдісі

Оқушылар топқа бөлініп, өзара сөйлеседі.

Сыртқы және ішкі шеңберге бөлінеді.



Үй тапсырмасын сұрау

-Сөйлескен диалогтан не алдық?


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша кімдермен ой бөліскендігі туралы айтып, үйге берілген «Шал мен бала» мәтіні туралы өз сыныптастарының әңгімесін жеткізеді.

«Сандар сыры»

Сандарға сипаттама беру (20жыл ,550 жыл, 1991жыл, 1992 жыл, 1932жыл,1916 жыл) Демек, бүгінгі жаңа тақырбымыз бізге бейтаныс 1916 жыл және 1932 жылдарға қатысты екен. Оқушыларға тарих беттерінен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және 1932-1933 жылдардағы аштық туралы мәлімет беру. Жаңа сабақ кейіпкері бала Тұрардың өміріне осы оқиғалардың қалай әсер еткені жайында түсіндіру.

І.Сабақтың мақсатын тақырыбын хабарлау.
ІІ.Жаңа сабақты меңгерту

Кіріспе Шерхан Мұртаза туралы қысқаша түсінік.
Шерхан Мұртаза
: 1932жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Оның «Қызыл жебе» романы, «Белгісіз солдаттың баласы» романы, «Қара Маржан» деген романдары болған.
- Ал енді Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз? - Тұрар қандай бала болған?
Тұрар зерек бала екен. Тұрар Рысқұлов 1894ж - 1938ж Мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылы төңкеріске қатысушы. Қазіргі Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. 1907ж - 1910ж Тұрар Рысқұлов мерекедегі орыс қазақ бастауыш мектебінде ал 1910ж - 1914ж Пішкек (қаз Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде оқиды. Бау-бақша мамандығын алады.
Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғаш тұрар Рысқұлов еді.
б) 1937ж - 1938жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үміт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22мыңы атылды. Белгілі жазушы Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.
Романның үзіндісін түсініп жалғастырып оқу. Мәтінді оқушыларға бөліп оқыту.

ІІІ. Джиксо әдісі.

1) Мәтінді 4 топқа бөлу және түсініп оқу ( оқушыларға -1,2,3,4 )

2) Сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4) Мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп алу, осы үзіндіні қайткенде де топ мүшелеріне жеткізу

3) Өз тобына келіп, сараптау тобында түсінгендерін бір-біріне үйрету. Қажет болса мәтін мазмұнын түсіну үшін сұрақтар қояды.

4. Презентация жасау (әрбір топ өзіне түскен мәтін бөлігі бойынша)


ІV. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.



Мағынаны тану

Сергіту сәті

«Мен қазақпын» әніне қимылды би

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Топпен жұмыс.
1-топ. Тұрарға мінездеме бер.

2-топ. Ұстазға сипаттама жаз. (Иван Владимирович)

3-топ. Бала, оқу, жыртық бешпент сөздерін пайдаланып мәтін құрастыр.

4топ. Атамырзаға мінездеме бер


Сұрақ-жауап өткізу
1.Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?

2. Тұрар қандай сөздер жазды? Мағынасын түсіндір.

3.Иван Владимирович Тұрарға қандай тапсырма берді?

4.Атамырза неге күлді?

5. Мұғалім қандай мысалмен Тұрардың еңсесін көтерді?

6.Атамырза кімнің баласы?

7.Балалар неге күлді?

 8. Атамырзаға не ұнамады?



9. Мұғалім оларды қандай бағамен   бағалады деп ойлайсың?  


Үйге тапсырма

Мәтіннің мазмұнын айту

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Мұғалім белгіленген критерийлер бойынша топ басшысының қойған бағаларын анықтап, оқушыларға жиынтық бағаны журналға қояды


Бағалау парақшасын толтырады. Белгіленген өлшемдер оқу шапшаңдығы, мазмұндауы, сұрақ-жауапқа қатысуы, өзіндік жұмыс орындауы

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар өздерінің пікір және тілектерін жазып, стикерлерді өзі қалаған орынға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0033
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0033 -> Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттың болашағы»
0033 -> Сабақтың тақырыбы: Ауа. Сабақтың мақсаты: Ауаның қасиеті және оның маңызы туралы білімді кеңейту
0033 -> Сабақ жоспары 8 сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет