Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау



бет4/19
Дата20.03.2020
өлшемі5,65 Mb.
#60480
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
математика 1
Англ я3Ауезханов Д, математика 1, 42 2, Атомнан кварктарға дейін

Сабақтың тақырыбы:    Бөліктерге  бөлу және  құрастыру. 

    Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  Геометриялық  фигураларды  тани білу дағдыларын қалыптастыру;

   2.Дамытушылық:  Фигураларды  бөліктерге  бөле  алуға  және  құрастыра  білуге үйрету. 

   3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

   Сабақтың  әдісі:  өткенді қайталау, ауызша, жазбаша жұмыстар жүргізу

   Пәнаралық байланыс:  дүниетану

   Сабақтың  көрнекіліктері:   геометриялық  фигуралар,   магниттік  сандар

   Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру кезеңі

   Психологиялық  дайындық

   Дөңгелене  тұрамыз, Керегені құрамыз.

   Уықтар боп  иіліп,   Киіз үйді құрамыз.

    ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

    Ауызша  жаттығуларға    геометриялық  фигуралар  туралы  білімдерін бекітуге арналған    жаттығулар мен ойындарды енгізуге  болады («Менің  не  ойлағанымды  тап»).

     Тақтада  кесінді, шаршы, дөңгелек, түзу сызық, қисық  сызық бейнеленген. Мұғалім  бір фигураны сипаттайды,  оқушылар  оның қандай  фигура екенін табады.  Мысалы:

    -Мен үшбұрышы бар бір фигураны ойладым.  Мен қандай фигураны  ойладым?, т.б. Есептік санауға, тура ,кері бағытта  санауға берілген  жаттығулар орындау  маңызды. «Не өзгерді?» деген сияқты  ойындарды ойнатуға  болады  (заттардың орнын, түсін, мөлшерін өзгерту, заттардың санын  арттыру немесе кеміту). 

      ІV. Жаңа  материалмен  таныстыру.

      Практикалық жұмыстан бастауға  болады. Мұғалім  балаларға  өздеріне таныс екі фигураны көрсетеді: мысалы: шаршы мен үшбұрыш.  Фигураның  қалай  аталатынын, оның түсін, мөлшерін, т.б. нақтылайды.   Содан кейін алдын  ала белгіленген  сызық  бойынша фигуралардың бірін балалар жеңіл ажырата алатын шаршы, үшбұрыш сияқты бірнеше бөлікке  бөледі. Жаңа неше фигура пайда болғанын, олардың қалай аталатынын сұрайды.  Ары  қарай осы  жаңа  пайда  болған фигуралардан қайтадан алғашқы  фигураны құрастыруға болатынын   балалар анықтайды.  Практикалық жұмыс магнитті тақтада  көрсетіледі.  Екінші  фигурамен  де осындай  жұмыс  жүргізіледі. Фигураларды еркін түрде  бөліктерге бөліп, жинап алу сияқты жұмыстарды қайталау.

     V.Оқулықпен жұмыс.

       Неше  шаршы? Неше  төртбұрыш?  Үшбұрыштар  ше?»

      VІ.Сергіту  сәті

      Қырғауыл  боп  ұшамыз, ұшамыз

     Түлкі болып  қашамыз, қашамыз

     Қырғауылдай  тапқыр  боп, тапқыр боп

     Орнымызға қонамыз.

     VІІ.Дәптермен  жұмыс  21-22 бет

      №1 тапсырма   жаңа сабақты  тереңірек меңгеруге арналған.  Оқушылар көрсетілген  фигураны  құрастыруға  болатын  бөлікті бірнеше  бөліктердің арасынан табады. Тиісті бөліктерді тапқаннан кейін көрсетілген фигурамен  бірге  бір түспен бояйды.

       №2 тапсырма  бұрыңғы  алған білімдерін  еске түсіруге және графикалық дағдыларын арттыруға  арналған. №3 тапсырманы  орындамас бұрын  денелердің неше  геометриялық  фигуралардан құрастырылып тұрғанын  санайды.

       VIIІ. Сабақты қорытындылау.

        ІХ. Жақсы жұмыс  жасаған оқушыларды   мадақтау. 
Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

15-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау .Өздік жұмыс№1

Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша еркін   игеруге   тиісті қандай деңгейде білетінін анықтау.   2. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу 3. Алған білім деңгейін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:  қайталау.

                                Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                        

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:  Кітап пен дәптердің саны қанша? Қалың кітап нешеу?

Жұқа кітап нешеу? Не артық? Не кем? (сурет бойынша.) Қайсысы ұзын, қайсысы қысқа?

Геометриялық фигураларды ата.

 ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Оқушының білім деңгейін анықтау.

а) Өздік жұмыс:

1.Жоғарғы суреттегі фигуралардың ұқсасын қорша.

2.  Әр топта қанша фигура болса, сонша алма, алмұрт, лимон суретін сал.

3. Үш нүкте арқылы және төрт нүкте арқылы кесінді жүргізіп фигура сыз.

 4 Фигураларды үйлерге сызықтар арқылы орналастыр.

5.Орындаған жұмыстарынан білім деңгейін анықтап алу. 1) Салыстыру. 2) Сонша 3) Кесінді. 4) Фигураны ажырата біледі
«Бой жазу» сұрақтарға жауап алу.

1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

2.  Қосуға кері амалды ата.

3.  Бір аптада неше күн бар?

4.  Оқу жылы қай айдан басталады?

5.  2 + 2 қанша болады?

6.  Шеңберде бұрыш бола ма?

7. 3 алма көп пе, әлде 3 алмұрт көп пе?

8. біздің сыныпта неше қыз бар?

9. Партаның неше бұрышы бар?

10. сыныпқа қанша қонақ келіп отыр?
Ү.Үйге тапсырма ҮІ. Бағалау

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

16-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Бақылау жұмысы №1

Сабақтың мақсаты: 

1. Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша еркін   игеруге   тиісті қандай деңгейде білетінін анықтау.  

2. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу

3. Алған білім деңгейін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:  қайталау.

                                Сабақтың мазмұны.


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаң сабақ

Оқушыларға бақылау жұмысының қалай алынатындығы туралы түсіндіру

Бақылау жұмысы

1-сынып 1-тоқсан

1-нұсқа

1.Біркелкі фигуралар нешеу? Қызылмен боя

2. оң жағында неше фигура бар? (боя)


3. Кай фигура оң жақтан бірінші?

4. Қай кесінді ең қысқа?

1.


2

3
5. Фигурада неше бұрыш бар?





Бақылау жұмысы

1-сынып 1-тоқсан

2-нұсқа

1.Біркелкі фигуралар нешеу? Қызылмен боя

2. сол жағында неше фигура бар? (боя)

3. Кай фигура сол жақтан бірінші?


4. Қай кесінді ең қысқа?

1.


2

3
5. Фигурада неше бұрыш бар?



Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

17-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 1 саны және цифры

Сабақтың мақсаты: 1.Бірнеше заттың ішінен біреуін бөліп алып, сол заттың   санын, 1 см арқылы да бір санының пайда   болатынын көрсету,   түсіндіру   2. Тапқырлыққа баулу  3. Байқағыш, көргіштік қасиетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны, электронды оқулық.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.  Оқушылардың алған білімдерін пысықтау                 

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а)   Көп заттың ішінен бір затты бөліп алу,оның санын анықтау.

 ә) Оқулықпен жұмыс:        

Алма-3 сары алма-1

Алмұрт-3, көк алмұрт-1 б) 1 санының цифрымен таныстыру.      

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,  

 Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

 Бір тынығып алайық.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1) Қара өрік-1   Шие-1  Өрік-1

2 ) Суреттегі нәрселерді санату. Тек біреу болса ғана, 1 деген жазуы бар қорапқа салғызу.

3. 7 алманы кірпі 1 алмадан неше рет тасиды? 4. Бірінші қатардағы заттардың санын анықтау.(жеке-жеке) 5. Құстардың ішінде пілдің суреті тұрғаны дұрыс па?

Дәптермен жұмыс:



1 цифрын жазу. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.

ҮІІ.  Сабақты қорытындылау:        Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

ҮІІ.Үйге тапсырма. Бағалау

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

18-сабақ


Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1.  2 саны және цифрымен таныстыру  2. 2 цифрын таза жазып үйрену. 3. 2 цифры мен заттардың санын сәйкестендіре білуді    үйрете отырып, білімін тереңдете түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                               Сабақтың мазмұны.



І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау                           

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

 а)   Сыныпта ұл да, қыз да көп. Ұлдың ішінен бір ұлды, немесе екі қызды бөліп алып, санды сәйкестендіру.

 - Менің қолымда неше алма бар?

-1 алма 2 алма болу үшін не істеу керек?

-Тағы бір алма қосу керек. Осындай жаттығудың нәтижесінде 2 санын шығарып алу қорытындысын оқушылар өздері жасайды.

ә) Полотноға бір көк, екі қызыл дөңгелек қыстыртып салыстыру. Қандай дөңгелек көп?  Қандай дөңгелек аз? Демек,1 ≤ 2. 2>1-ден.   2-1 азайтса1 шығады. 1+1 қосса 2 шығады.

Сергіту сәті:

Бірден кейін тұрамын      

  Бірден кейін тұрағым.

1-ді 1-ге қосқанда                      

Мен шығамын шырағым.

Ү.Жаңа білімді бекіту.

1) Суреттен 2 санын бөліп алу.  2 ) Қорапта не бар?



2 см

-2 деген қорапқа нені саламыз?  -2 капуста, 2 қияр, 2 көк бұрыш.



3) Дәптермен жұмыс

2 Цифрын ауада жазып,дәптерге жазып үйрену.  1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.



ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау

 

Математика Бекітілді: ___________



Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________



19-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қосу, азайту таңбалары.
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: Өрнек, қосынды айырма жайлы жалпы түсінік беру. Оларды ажыратып, мәнін таба білуге үйрету. Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу. 
2.Дамытушылық: Заттарды қосу (заттар жиынын біріктіру арқылы ) және азайту (заттар жиынынан бөлікті бөліп алу арқылы) туралы түсініктерін қалыптастыру; математикалық өрнек туралы түсінік беру; өрнектерді таңбалардың көмегімен жазуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. 
3.Тәрбиелік: Байқампаздыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың әдісі: түсідіру, сұрақ -жауап, іздену, көрнекілік. 
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері. 
Сабақтың көрнекіліктері: теңдіктер, өрнектер, суреттер, экран. 
Сабақтың барысы: 
І . Ұйымдастыру кезеңі 
Психологиялық дайындық 
Қатар -қатар тізіліп, 
Оқушыға лайық 
Қолымызды жіберіп, 
Түп-түзу боп тұрайық 
Жақсы болып сабақта 
Әдеп сақтау сәніміз 
Отыруға нақпа -нақ, 
Дайындалдық бәріміз. 
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. 
ІІ.Тірек білімдерін пайдалану. 
Тақырыпты бастамас бұрын, өткенді қайталау. 
Ойын: «Кім жылдам?» 
-Берілген сандарды дұрыс орналастыру. 
- Сандарды кему ретімен орналастыру. 
- Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық? 
-Геометриялық фигуралардан жасалған үйдің бөліктерін дұрыс орналастыру. 
Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін Теңбіл бұғының суреті шығады. 
Теңбіл бұғы бізге сиқырлы таңбалар әкеліп тұр. Бұл таңбалар арқылы сандар бірде кем, бірде артық бола алады. 
ІІІ.Жаңа материалмен таныстыру. Видео арқылы түсіндіру. (видеоны қосу) Екі топтағы заттарды біріктіру және заттар жиынынан заттар бөлігін бөліп алу бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі. 
Мұғалім түсіндіреді: «Мен біріктіріп қостым, «+» таңбасымен белгілеймін. Математика тілінде «өрнек» деп аталатын математикалық жазу пайда болды. Неше болғанын жазу үшін «=» таңбасын қоямын».Содан кейін жазуды 
дұрыс оқуды үйрету керек. 
Мұндай жұмыс «азайту» амалын түсіндіргенде де жүргізіледі. Жиынның бөлігін бөліп алып, мұғалім өрнекті және оның мәнін жазады. Жазуды, оқуды үйретеді. 
Оқулықпен жұмыс . 
«1+1», «2-1» түріндегі жазулардың өрнек деп аталады. 
1 +1 = 2 -бұл теңдіктер 2- 1 =1 
1+ 1 -бұл өрнектер 2-1 
2 -өрнектердің мәні 1 
Алынған жазуларды оқығаннан кейін мұғалім оқушылардың сөздік қорына «өрнек», «өрнектің мәні» деген терминдерді енгізу. 
Ойын: «Кім білгір» 
№1 тапсырма. Өрнектерді атап, мәндерін табу. 
№2 тапсырма. Қосындыны оқу, мәнін табу. 
Ойын: «» 
№3 тапсырманы орындау кезінде балалар санау материалдарының көмегімен өрнектерді құрастырады. 
Ойын: «Көршісін тап» 
Жалғыз саусақ тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де. 
Екі саусақ бірікті, 
Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жүгіртеді қаламды. 
Өнерлі екен он саусақ, 
Қала салсақ, жол салсақ. 
ІV.Сабақты бекіту 
Дәптермен жұмыс
№1 тапсырма (цифрлар мен белгілерді жазу). 
№3 тапсырма Балалар мынадай қорытынды жасауы керек: «Қосу кезінде нәтиже қосатын саннан артық болады». 
№4 тапсырма 
V . Сабақты қорытындылау. 
VІ. Мадақтау. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау. 

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Начало формы

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

20-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы .

Сабақтың мақсаты: 1. 2 санының 2 бірліктен тұратынын , қосудың   нәтижесін белгісін пайдаланып жазуды, 2 ден 1-ді  азайтқанда 1 шығатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Теңдік , теңсіздік ұғымын қалыптастыру. Сана   сезімін ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Таңбалар, цифрлар. 

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау 2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады? 

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

 а)  Демонстрациялау арқылы түсіндіру.

 -Сол қолымда неше дәптер бар?

-бір. -Оң қолымда неше дәптер бар?

Сол қолымдағы дәптерді оң қолыма қосып ұстап, біз не істедік?

-Көк дәптерді ,қызыл дәптерге қостық.

 Оны амал таңбаларын қолданып жазып көрейік: 1+1=2 Осылай 2-1=1 теңдігін де түсіндіремін. ә) 2- ні 2- мен, 2 мен 1-ді, 1 мен 1-ді салыстырып,салыстыру ережесін тақтаға жазу. 2=2          2>1          1=1          1<2` теңдік ,теңсіздік таңбасымен таныстыру.



.Сергіту сәті

Ал балалар тұрмайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бр тұрып 
Біз тынығып алайық. 

8. Тік ұста бойыңды 
Жоғары соз қолыңды. 
Соз қолыңды тағы да, 
Жеткіз жираф мойнына.
Оқулықпен жұмыс:                                        

1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

   салыстыру.        2>1                 1<2 Бұлар теңсіздіктер

                   2=2                        1=1 Бұлар теңдіктер.

4.Өлше салыстыр.

Сергіту сәті:

 ҮІ. Сабақты қорытындылау:        

 Бүгін біз сендермен  <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?

ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау  

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

21-сабақ

Сабақтың  тақырыбы:   0 саны және цифры

     Сабақтың  мақсаттары: 1.0 санының  мағынасымен, оның  сандар  қатарындағы орнымен таныстыру, 0 цифрын жазуды үйрету.

     2.  Оқушылардың  сауаттылығын дамыту,

      3.  Тазалыққа, ізеттілікке  тәрбиелеу.

     Сабақтың  әдісі: ой   қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойындар.

     Көрнекі құралдар:  оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын  қақпа  сызбасы, доп.

     Сабақтың  барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі

     ІІ.Психологиялық  дайындық.

Спортпен шұғылдан,

Сұлулық  сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс.

Сауық  пен кинодан.

    ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру. 2,3,4,5  сандарының  құрамын қайталау барысында ауызша санауға лайықты жаттығулар мен дидактикалық ойындарды («Үйшік»,  «Көршілер») ұйымдастырып, сандардың ретін еске түсіруге, математикалық өрнектерді қосуға болады.

     IV. Жаңа  материалды  меңгеру .

     1.Ағаштың  бұтағында   2  қарлығаш  отыр,  біреуі  ұшып кетсе  бұтақта неше қарлығаш қалады?  2-1=1

Қалған  қарлығаш   жан -жағына қарап  ол  да ұшып кетеді.  Бұтақта неше қарлығаш қалды?  1-1 =0    Ештене  қалған  жоқ.  Егер ештене қалмаса, 0 цифрымен  белгілейміз.  0-көрсету.  (тағы  да  басқа  жаттығуларды  орындауға болады) 

      2.Оқулықпен  жұмыс.  №  1   тапсырманың  суреттері  бойынша   өрнектер  құрастыру,олардың  мәндерін табу.

3-1 =2                          2-1=1                        1-1=0

Оқушылардан  0-дің  сандар  қатарынын  қай жерінде тұратындығын  сұрау керек.   0 саны  1-ден кіші,  сондықтан  сандар қатарында  1-дің алдында тұратындығын  меңгеруі маңызды.  Содан кейін №2 тапсырма - «Көрші сандар» орындалады  (ауызша орындалады).

      V. Дәптермен  жұмыс   29-бет

     №1  -0 цифрын жазу

     №2  өрнек құрастыру.

     VI. Сергіту сәті

     Бала, бала,балапан

     Қане қайсы  алақан?

     Саусақтарын айбат,

     Былай -былай ойнат. } 2рет

   Оқулықтағы  №3  -56 бет дәптерге орындалады.  Амалдар ұзындық шамасымен орындалады.

4 см -1 см                         1см -1 см

2см +2 см                         3см -2см

5см -2 см                          2см + 3см

1 см +2 см                        4см -2 см

      VII. «Кел ойнайық!»    №5 -30 бет    бұл ойын -жаттығуы, оқушылардың  зейінің дамытуға бағытталған  және   геометриялық фигураларды қайталауға  арналған   тапсырмалар кездеседі.  Ойынның  шарты қарапайым.  Оқушылардың  біреуі тақтаға  шығып, белгілі бір түстегі  қоршауды ішінен  таңдайды.  Ал  қалғандары оған  сұрақтар қою арқылы  қандай қоршауды таңдағанын табады.

Оқушылар  осылай қоршаудың ішіндігілерді  салыстыра отырып, оқушының жасырған қоршауын табады.

     VIII.Жазбаша жұмыс . Салыстыру. Оқулықтағы № 4 дәптерге орындалады.

Бұл тапсырма алдын ала   ауызша   орындалады, содан кейін  белгілерді  оқушылар өз беттеріше  дәптерге қояды.

      ІХ. Сергіту сәті

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш

Дем аламыз  жалғап күш..

    VIIІ. Сабақты қорытындылау.



-Қандай тақырыппен таныстық?

-0 деген цифраны көрсетейікші.

-Сабақта не қиын болды?

-Не ұнады?

     ІХ. Жақсы жұмыс  жасаған  оқушыларды   мадақтау.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры.26 бет

Сабақтың мақсаты: 1.  3 саны және цифры. Үш бұрыштың элементтері    жайлы түсінік беру.  2. Тапқырлыққа баулу.  3. Қабылдау қабілетін дамыту

Сабақтың көрнекілігі:  Таңбалар, цифрлар. 

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                Сабақтың мазмұны.



І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -0 санының сандар қатарындағы орнын айт.

  1. 2.>1   1>0  2>0  өрнектерін оқы не деп аталады?  2=2  1=1  0=0  не деп оқылады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а)   Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1

Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.

        2                1

3 санының алдындағы санның қанша екенін табу әдісін үйрету.

3-1 =2         2-1=1                1-1=0

0  

1

2

3

      Сергіту сәті:

 Ү. Жаңа білімді тексеру. -2 санын, 3санын қалай шығарып аламыз? -3,2,1 санының алдындағы қандай сан?  -Оны қалай білдіңдер?



ҮІ. Жаңа білімді бекіту. 1-сурет. 2қ+1қ=3 қ                2-сурет. 3тікұ-1 тікұ=2 тікұ.

3- сурет. Үшбұрыштың  қабырғалары кесінділер. Үшбұрыштың қабырғалары сәулелер.

Екіден кейін қараңдар,

3 саны шықты, жараңдар

Үшінші орын тұрағы

Үш ілмекті қосып тұрады.

3 саны үш бірліктен тұрады.

(Тақтадан көрсету)

 

7) Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.

Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?

 ҮІІ. Сабақты қорытындылау:      

Балалар, келесі кезекті ойынға берейік, ойын ойнағанды ұнатамыз ба?

«Кім жылдам?» ойыны

Құмырсқаның туған күні болады

1-ші жыбырлап қоңыз келеді,

2-ші асығып көбелек келеді.

3-ші ара ұшып келеді.

Сонымен ,балалар ,құмырсқаның туған күніне неше қонақ келеді.

   Бүгін біз сендермен  қай санды білдік? 3 санын қалай шығарып аламыз?

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 3 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.  3. санының құрамы туралы түсінік беру.2. Ұқыптылыққа баулу.

                3. 3 санының  атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру.



Сабақтың көрнекілігі:  Таңбалар, цифрлар. 

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                Сабақтың мазмұны.



І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

  1. 2+1=3          1+1+1=3                0+3=3

  2. 2+1=3            3-1=2                        3-2=1

  3. 0+3=3           3+0=3

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ: а)   Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1        1+1+1        0+3 1+2

Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.



  1. мен 2-ң қосындысы. 0 мен 3-тің қосындысы.

ә) Оқулықпен жұмыс:  Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру.2+1=3    1+2=3

                                                                             3-1=2     3-2=1



  1. Теңдік құру. 2 кесе+1 кесе=3 кесе

                           3кесе-1 кесе=2кесе.

  1. Салыстыру. 0 * 1                0*2                0*3

                            1*2                1*3                2*3

  1. Шығармашылық жұмыс:  Әр суретте неше үшбұрыш бар?

       Сергіту сәті:

Үйімде бар үш қалам,                Үш досымды салдым мен,

Үшеуін де ұштағам.                             Үш балықты ұстаған.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

-2 санын, 3  санын қалай шығарып аламыз? -3,2,1 санының алдындағы қандай сан?

-Оны қалай білдіңдер?

  Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.

Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?

 ҮІІ. Сабақты қорытындылау:          Бүгін біз сендермен  қай санның құрамын білдік?

3 санын қалай шығарып аламыз?

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өрнек. Қосынды. Айырма. 34 бет

Сабақтың мақсаты:  1.  Өрнек .  Қосынды. Айырма жайлы жалпы түсінік  беру.Оларды ажырататып,   мәнін таба білуге баулу.Сонымен  бірге  алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге      баулу.   2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3.Байқампаздыққа тәрбиелеу.                              

Сабақтың көрнекілігі:   Интерактивті тақта, электронды оқулық және                

                                            үлестірмелер, жұмбақтар, тақпақтар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. Жалпы математика  сабағынан «Қарапайым түсініктер» тарауы бойынша осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсету. 1. 

« Геометриялық фигуралар» бойынша.  2. «Заттардың қасиеті» бойынша. (Интерактивті тақта бойынша эл. оқу.жұмыс.) - Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?

-  0, 1, 2, 3. - Ендеше осы сандарға байланысты қандай сергіту жұмысын білетін едік?

Жалғыз саусақ тіпті де,           Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,                      Ине қолға  ілікті.

Үш саусағым орамды,              Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,            Қала салсақ, жол салсақ.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өрнек. Қосынды. Айырма.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1.Интерактивті тақтамен электронды оқулықтың көмегімен «Қосу»,»Азайту»

бойынша  жұмыс жүргізу. 2. Оқулықпен жұмысты тақтаға түсіре отырып, үлкейтілген түрде   түсіндіру:

а/                                         2+1        3-1                Бұлар өрнектер.

                                         1+2        3-2

ә/  Жұмбақ жасыру.

 Қарап сүт пен қаймақты,Көзін шоқтай жайнатты.            Тышқан көрсе тықыршып,

                                                             Бола қалар айбатты.                   /Мысық/

Мысық суреттері бойынша түсіндіру.

    2+1=3                                3-1=2

    2+1   қосынды.                        3-1  айырма

3-қосындының мәні.                2 айырманың мәні

Ү. Жаңа білімді  тексеру.

1)  №3  және айырма құру. (2,1,3,0 сандары бойынша)

2)  №4 Теңсіздік құру.  

Ү. Жаңа білімді  бекіту.

 0+1      1+3     1+0   3+1   Бұлар не?   2+1- не?   3-1- не?

 Сергіту сәті

Үйімде бар үш қалам,                Үш досымды салдым мен,

Үшеуін де ұштағам.                            Үш балықты ұстаған. 

      Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу. 0,1,2, 3 қатарын жазу. Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?

 ҮІІ. Сабақты қорытындылау:        

-Бүгінгі сабақта не жайында білдік?   -Егер өрнек қосу түрінде болса, ол қалай аталады?

- Алу амалымен берілсе ше?


Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

25-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қосылғыштар, Азайғыш, азайтқыш.

Сабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту амалындағы сандардың атаулары туралы түсінік беру.2 Ұқыптылыққа баулу. 3.Сана сезімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Геометриялық фигуралар, суреттер .

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.



І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) 3+1    3-1   1+3    3-2  не деп аталады?

ә) Өрнекті оқытып мәнін тапқызу.

1+0=     1+1=     0+2=    0+1=    2+1=   0+3=    2+1=3  3-1=2   Бұлар теңдіктер.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Демонстрациялай отырып, қосу және азайту амалының компаненттерімен таныстырыу.

ә) 2+1=3                               3-1=2

2+1   қосынды.                          3-1  айырма

2-қосылғыш                    3-азайғыш

1- қосылғыш                            1-азайғыш

3-қосындының мәні.          2 айырманың мәні

б) Өрнек құрайық.

1+1=   2-1=   2+1=   3-1=



Ү. Жаңа білімді бекіту.

Мына сандарды пайдалана отырып теңдік құрау.  



Дәптермен жұмыс

Сабақтықорытындылау:  Бүгінгі сабақта нені білдік?

 

 



Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.31 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Қосудың ауыстырымдылық  қасиетін түсіндіру.  2.Ұқыптылық, байқағыштық сезімін тәрбиелеу.  3.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Геометриялық фигуралар, суреттер .

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.
Оқушылар бір-бірінің қолынан тізбектеліп ұстайды.
Кел, балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Кел,балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік! 

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а)  2+1=3  3-1=2б/ша айту.

ә) Қосу амалына кері амал қай амал? 1. Қосу  2.азайту.



  1. Айырманы көрсет 2+1 3-1 3-0 3-2  0+1 3+0

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты түсіндіру үшін практикалық жұмыстан басталады.Мұғалім жинақ полотосына  2 қызыл және 1көк қалам қойып «барлығы неше қалам? Математикалық орнекті жазыңдар.Бірінші қосылғышты,екінші қосылғышты,қосындыны атаңдар»Содан кейін мұғалім қаламдардың орнын ауыстырады: бірінші орынға қызыл,содан соң 2 көк қаламды қояды. «Математикалық өрнекті жазыңдар.Бірінші қосылғышты,екінші қосылғышты, қосындыны атаңдар.Қосындылардың мәндерін салыстыңдар.Не згерді? Не өзгермей қалды?»  

а) 2+1=3    1+2=3    2+1=1+2  ә)  Атаулы сандарды салыстыру.

1 см+2 см=3 см    2 см+1 см=3 см   2см+1 см=1 см+2 см

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.



Ү. Жаңа білімді тексеру.

Мына сандарды пайдалана отырып теңдік құрау.

1+2=3               1+0=1                 2+0=2

2+1=3               0+1=1                 0+2=2

Біз не жаздық? Қандай сандарды Қостық?  Бұл сандарды жеке-жеке не деп атайды? Теңдік таңбасын қоймай жазсақ не деп аталады?

ҮІ .Жаңа білімді бекіту. 1) 3+2-қосындысы,     4+0-қосындысы         2+1-қос-сы, 2+0-қсын-сы.   2) 3-2-айырма-сы,       2-0-айрма-сы,  2-1-айырмасы      2-0-айрмасы.

Дәптермен жұмыс: Қосынды мен айырманың мәнін тауып жазу. Үлгі бойынша сандар қатарын жазу

Сабақты қорытындылау : Бүгін сабақта не білдік?

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

27-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту амалдары өзара кері амалдар.

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларға қосу амалына азайту кері амал екенін  түсіндіру.  

2. Эстетикалық тәрбие беру  3. Сана сезімін дамыту.                                

Сабақтың көрнекілігі:  мазмұнды суреттер. .

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

2+1=3        1+0=1        0+3=3

1+2=3        0+1=1        3+0=3

Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің   ережесін айту.

 

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІҮ.Жаңа сабақ:

а) 2+1=3    1+0= 1

    3-2=1        1-1=0

    3-1=2        1-0=1

 ә) сурет бойынша есеп құрау.

б)  Теңдіктер құру.






+




=










-




=




 Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Ү. Жаңа білімді тексеру.

Қосу амалына азайту амалы кері амал.

 2+1=3          0+1=1                   0+2=2

 3-2=1                     1-1=0                2-2=0

 3-1=2                     1-0=1                2-0=2

 

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.



Математикалық  диктант 

  1. Азайғыш 2 азайтқыш 2 айырманың мәні нешеге тең?

  2. Қосылғыш 2, қосылғыш 1 қосындының  мәні нешеге  тең?

  3. Ең үлкен  бір  таңбалы  сан.

  4. Айдоста 3 шар,  Шыңғыста  одан 2 шар кем.  Шыңғыста неше  шар  бар?

  5. 2 санынан  кейін  тұратын  сан.

Дәптермен жұмыс:Сандарды салыстыру.  

      


ҮІІ. Сабақты қортындылау:Сандарды қалай қосып, қалай азайттық.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қанша артық? Қанша кем?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға қагша артық? қанша кем? атауларына түсінік беру. Математикалық компоненттерді  амалдарын қолдана отырып, олардың мән-мағынасын түсіндіруді тереңдете түсу.Бір таңбалы сандар,олардың шығарылып алыну әдістері жайындағы білімді бекіту; математикалық терминология мен символиканы қолдану,салыстыруды орындау,салыстырылатын объектілердің ортақ және ерекше белгілерін (қасиеттерін) айқындау.
2.    Дамытушылық. Санның цифрмен белгіленуін, оның кітапта және дәптерде жазылуымен таныстыру, әдемі жазуға қалыптастыру, біліктерін дамыту.
3.    Тәрбиелік. Оқушыларға бірін-бірі сыйлай білуге қамқоршылыққа, әдептілікке , оқу – құралдарын ұқыпты ұстауға, тәртіптілікке, орындарына дұрыс отыруын, денелерін тік ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ..
Әдістемелік тәсіл:сұрақ-жауап,әңгімелесу, түсіндіру, тест.
Пән аралық байланыс: дүниетану, ана тілі.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар (қосу мен азайту компоненттеріне байланысты), жемістер, аңдар суреттері, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру.
— Балалар күздің қай мезгілі?
— Балалар қазір күз мезгілінде адамдар көп еңбек етеді. Біз де өз еңбегімізге оқу арқылы ат салысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(ойын арқылы)
— Ендеше, балалар тақтадағы тиінді көріп тұрмыз ба?
— Тиінге саңырауқұлақ теруге көмектесеміз. Тиіннің үш кәрзеңкесі цифрмен белгіленген. Сондықтан саңырауқұлақтағы өрнектерді шығару арқылы кәрзеңкеге саламыз.
ІІІ .Жаңа сабақ.(Венн диаграммасы бойынша

- Балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз қосу мен азайту амалдарындағы сандардың атаулары. Тақтадағы Венн диаграммасына назар аударамыз. Қосу мен азайту өзара кері амал.


а) 2 + 1 = 3. Бұл – теңдік. 2 – қосылғыш, 1 – қосылғыш, 3 – қосындының мәні болып есептеледі.
б) 3 -1 = 2. Бұл – теңдік. 3 – азайғыш, 1 – азайтқыш, 2 – айырманың мәні болып есептеледі. Тақтадағы компоненттерді қайталаймыз.
ІV.Оқулықпен жұмыс. (Тапсырмалар мұғалімнің түсіндірмесіне ұқсас қарастырылып, оқушылар әрқайсысына сәйкес амалдарды атайды.)
—    Балалар, оқулықтағы компоненттерді атайм

Дәптермен жұмыс.

а)  0123  цифрларын  торкөздерге сандарды жазады.
ә)Сандарды өзара салыстырамыз.
б)Оқушылардың білімін тиянақтау мақсатымен дидактикалық материалдардан Т-1-1—4 орындауды ұсынуға болады. 2-тапсырмада берілген кесінділердің ұзындықтарын өлшеп, салыстыра келе, олардың бірдей екенін анықтайды.

7. Сергіту сәті


Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай – былай ойнат.
Топ – топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса , жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн.

VI. «Парашут» ойыны.(бекіту сұрақтары).


Парашуттағы адамдарды құтқару арқылы, өрнек амалдарын шығару, компоненттерін атату.
1.    Қосындыны есепте: 2 +1
2.    1+1 өрнегінің компоненттерін ата?
3.    Өрнек жаз?
4.    Айырманы есепте: 2-1
VІ. Қорытынды.
—    Балалар, тақтадағы қосу мен азайту амалдарындағы сандардың атауларын атаймыз.(қайталау)

VІІІ..Оқушалардың білімін бағалау (жемістер жинау арқылы).


Сабаққа оқушылардың жемістер жинау арқылы бағалау.

Математика Бекітілді: ___________

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

29-сабақ


Сабақ тақырыбы: 4 саны және цифры

Мақсаты:А) Білімділік: Оқушыларға 4 санының шығуы, 4цифрын жазуға 4-ті

1,2,3 сандарымен салыстыруға үйрету, төртбұрыштың элементтері туралы түсінік беру.

Ә) Тәрбиелік: Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа баулу.

Б) Дамытушылық: «Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ, топтық сайыс)

Сабақтың әдісі: Ойындар, логикалық есептерді орындату, санамақтар

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, фигуралар, сандар

Пәнаралық байланыс: сурет, еңбекке баулу, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Санамақтар

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

«Орамал тастамақ » ойыны



  1. Фигураларды ата. (нүкте, сәуле, бұрыш)

  2. 2+1 қосындысының мәнін тап. Қосу амалдарының компоненттерін ата.

  3. 3-1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалдарының компоненттерін ата.

  4. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

  5. Сандарды өсу ретімен сана.

IV. Жаңа сабақты меңгеру:

1-тапсырма. Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. Жаңа санды шығару және сәйкес цифрды жазуда суреттермен жұмыс істеу.

3+1 = 4 4-1 = 3

Кесіндіні өлше см 4см > см



2-тапсырма. Теңдіктер құр.


+1 = 4 - 1 = 3

«Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы тапсырмаларды орындау.


V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

3-тапсырма. Салыстыр.


Ойын мазмұны.

Ағаш бұтағына тапсырмалар жазылған кеспелер орналасқан. Әр кеспе бекітілген бұтақта құстар отыр. Тақтаның келесі ыңғайлау жеріне жемсауыт ілінеді. Оқушы кеспедегі мысалды дұрыс орындаса, құсын жемсауытқа қалдырады. Кеспелердегі тапсырма толық орындалып бітсе, барлық құстар жемсауытқа қонады. Мысалды дұрыс орындаған оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады.

4-тапсырма. Теңдіктер құр. Оларды оқы

+ = 4 4- =

Шығармашылық тапсырма.

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырмада суретке қарап сәйкес өрнекті тауып, мәнін табу.

2-тапсырмада сандарды және ұзындықтарды салыстыру.

3-тапсырмада 4 цифрын жазу, қосуды және оған кері азайту амалдарын іздерді бастырып жазу, мәндерін тауып жазу.(Сандар қатарын жазу)

Сергіту сәті

Шаршадым «Уһ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім,

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Ах!» дедім,

Шарасыз «Ех!» дедім,

Кейідім «И!» дедім,

Біліп ап «Ә!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

VІ. Сабақты қорытындылау:

«Қимақ» ойыны.



  1. 3+1 = өрнектің мәнін тап.

  2. Салыстыр 2*4; 4*3

  3. Кері амалды тап.1+2; 3-1;

  4. Қалып қойған сандарды ата. 0 2 3; 4 2 1;



VІІ. Үйге тапсырма. №5 45-бет

Теңдіктер құрып үйрену


VІІІ. Бағалау

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

30-сабақ

Сабақтың тақырыбы : 4 санының құрамы .
Сабақтың мақсаты : 4 саның қүрамын анықтай отырып , өрнек құру арқылы мәнін табу . Теңдік және теңсіздңк таңбаларын дұрыс қоя білу (салыстыру арқылы) . Қоршаған дүниедегі заттардың ішінен төрт бұрышты табу . 
^ Сабақтың дамытушылыгы : танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру , есептеу дағдылары арқылы білімділік дағдыларын қалыртастыру.
Сабақтың тәрбиелігі : Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу , ынтымаққа , жолдастық көмекке жетелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап , түсіндіру , ойын , бағалау .
Көрнекі - құралдары : геометриялық фигуралар . дидактикалық материалдар , қуыршақтар , цифрлар .
Сабақтың түрі : диалог сабақ .
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларға математика сабағы болатынын айту .
ә) оқу - құралдарын алып дайындатып қою .
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап әдісімен бастадым .
2. Сандар қатарын тура және кері санау .
1,2,3,4. 4,3,2,1.
Сандарды тақтаға жаздыру. 1,2,3,4. 4,3,2,1.
Жаңа сабаң.
1. Бүгін сендермен біз 4 санының құрамымен танысамыз . 4 санының құрамын анықтау үшін мен жоғарғы ұяшықтарға ойыншықтар қоямын . (Дидактикалық материалдарды пайдаланамын) . Жоғарғы ұяшықтағы ойыншықтарды санатамын.
Ойыншық нешеу ? (4)
Енді екінші сөреде бір ойыншық ауыстырылып қойылды .
Бірінші сөреде неше ойыншық ? (3) Екінші сөреде ше ? (1)
- Бірінші және екінші сөреде барлығы неше ойыншық ?
Балалар ойыншықтардың орналасу ретін өздерінше айтып
береді. (Оқушылардан кейін өзім толықтырып отырамын).
4 деген сен 3 пен 1-дің қосындысы .
Танымдық қабілет дамыта түсуге арналған жаттығулар .
Оқушылар шаршының ішіне өздері сан қояды . 
2. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары . Оқушылар ойыншықтарды ауыстыра отырып , 4 санының қүрамын анықтайды .
-Балалар , бірінші сөреге неше ойыншық қойдыңдар ? (2)

Екінші сөреге ше ? (2)

Бірінші және екінші сөреде неше ойыншық болды ? f4) Яғни 2
мен 2-нің қосындысы 4 болады . 1 мен 3-тің қосындысы да 4
болады. 3 1 13
1+1+1+1-4 (1-ді 4 рет қосқанда 4 шығатынын тақтаға жазып көрсетемін).
3. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық
Иіліп оңга бір,
Иіліп сога бір.

Алга ңарай бір адым,
Артқа қарай бір адым. 
Жогары төмен ңарайьщ. Орнымызды табайық..
4. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары .
4 санының құрамын анықтау және санды қосып , азайту Теңдік және теңсіздік табу . 0<4 2<4 4=4 4>3
^ 5. Ойын «Жасырын санды man»
Бос текшелердің орнына сандарды тауып қояды .

4



2



0



1,2,3>4 сандары бойынша санамақтар айтады .

  1. Логикалық ойлау жұмыстары. 




Әртүрлі фигуралардан төртбұрыш құрастырады .

  1. Дәптермен жұмыс .




Бос шаршының орнына тиісті сандарды тауып жазып , 4-ті қосып

азайту.

2+2=4 4-2=2 4-1=3

0+4=4 4-4=0 4-0=4

8. Қорытынды . Оқушылардың білімін бағалау .

Үйге тапсырма: №4 46-бет

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

31-сабақ

Тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Мақсаты: 1) Оқушыларға  4санының құрамын еске түсірте отырып, 5 саны мен цифрын таныстыру, есептей білуге, салыстыра білуге   дағдыландыру.

2) Оқушылардың санау, есептеу  дағдыларын, ой-өрісін, қызығушылығын  дамыту.

3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Өту әдісі:  сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, ойындар.

Пән аралық байланыс:  дүниетану

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

Ең бірінші сабағымызды бастамас бұрын  бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді айтып көрейік.

Мысалы:Бүгін сабақта 5 ал

–Енді балалар өткен сабақта не өттік, соны еске түсірейік. 4 санының құрамын еске түсірейік. Ол үшін мына ойынды ойнап жіберейік. «Адасқан сандарды орнына қой»  4=3+      , 4=1+     , 4=0+      , 4=4+      

 Ал, балалар кім 10-ға дейін санай алады екен?

 - Ал балалар, «Көршісін тап» ойынын ойнап жіберейік. 4 санының алдыңғы , кейінгі көршісін кім табады? Яғни біз бүгін 4-тен кейін тұратын сан 5 цифрымен танысамыз. 5 ке дейін сандарды кім орналастырып береді екен. 0 1 2 3 4 5

-Дұрыс, балалар. Бұл 5 саны екен.

2.Негізгі бөлім:. Шаблондармен есеп құрау.

Менің қолымда 4 алмұрт бар еді, оған тағы 1 алмұрт қосылды. Сонда неше алмұрт болды? Бұны теңдік түрінде кім тақтаға жазып береді? 4+1=5

Ал енді осы 5 алмұрттың 1алмұртын мен 1оқушыға бердім. Сонда неше алмұрт қалды? Теңдікті кім тақтаға жазып береді. 5-1=4

Оқулықпен жұмыс. Кесіндіні өлшеу. 5см >    cм (плакаттағы бос орынға сан қою.)  Сергіту жаттығуы.      Оң қолымда 5 саусақ,  Сол қолымда 5 саусақ.

                                                  Қосып едік екеуін ,   Шыға келді 10 саусақ.

Геометриялық фигураларды еске түсіру. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ал енді мына фигураны кім біледі. 5бұрыш. Неге 5 бұрыш деп аталды екен?

5 бұрышпен таныстыру. Тақтаға 5 бұрыштарды қыстыру, теңдік құру.

4+1=5                                5-1=4

Ал енді балалар, қазір мен сендерді 3 топқа бөлемін. 3 топ жарысып мына сандарды салыстырады. Қай топ қатесіз дұрыс бірінші болып шешсе сол топ жеңіске жетеді.

3*4                              2*1                       1*3

2*3                              4*1                        4*5

1*5                              5*4                        3*4                       

0*4                              0*3                       2*5

Оқулықпен жұмыс

№1 Теңдіктердің қалай құрылғанын түсіндіру және кесіндінің ұзындығын өлшеу

№2 Бесбұрыш арқылы теңдіктер құру

№3 Салыстыру

3.Қорытынды бөлім:

«Кел,ойнайық!» «Зымыран ұшыру» ойыны арқылы өтеді.

Ү. Үйге тапсырма №4 49-бет

 Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

32-сабақ


Сабақтың тақырыбы: 5 санының құрамы

Сабақтың білімділік мақсаты: 5 санының құрамы туралы түсінік қалыптастыру; теңдіктер құруға және сандарды салыстыруды пысықтау.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: жануарларды сүюге, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістер: ой қозғау,әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: қайталау

Көрнекілік: интерактивті тақта, карточкалар, жұлдызшалар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет