Сабақтың тақырыбы:«Әдебиет әлемі»



бет2/6
Дата11.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#111290
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БОӨЖ ППМ 911 Сапарбай Аружан
Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етілуі.
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін,қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту; әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру; оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;

Міндеті: Оқу сапасын ( дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;ақын –жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін , негізгі мазмұнын білгізу;Оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау; оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуын,сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Өзектілігі:

1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.

2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.

Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет