Сабақтың тақырыбы:«Әдебиет әлемі»


- сыныпқа арналған «Әдебиет әлемі» факультатив сабақтың жоспары



бет6/6
Дата11.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#111290
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БОӨЖ ППМ 911 Сапарбай Аружан
Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етілуі.
2- сыныпқа арналған «Әдебиет әлемі» факультатив сабақтың жоспары



Сабақтың тақырыптары

Сағат

саны


Оқушы әрекеті

1.



Iтоқсан (8сағат)

I Білім –керек бәріне

Қазақстан -біздің Отанымыз.

Өз Астанам –өз Ордам

1


Шығарма жазу



2.

Оқуға құштарлық. Керемет баға.

1

Мәтін құрастыру


3.

Жалқаудың жауабы.

1

Мақал жазу

4

Киелі мекен –Ақкиізтоғай (Ауылдан шыққан ақындар туралы түсінік беру)

1


Ақын жазушылар туралы мәлімет жинақтау

5


II.Атадан қалған асыл сөз

Асыл сөз. Ел аузынан.


1

Нақыл сөздер жазу


6

Алтын мүйіз ертегісі

1

Ертегі құрастыру

7

Ыбырай. Алғыр Шоқан

1

Өлеңдерін жаттау

8

Күш –білімде мақал -мәтелдер

1

Мақал –мәтел жазу

10

II тоқсан 7сағат

III Неткен сұлу ,неткен көркем, осы менің туған өлкем
Жазғы дала. Жайлау түні

1

Сурет салу

11

Кім қадірлі

1

Шығарма

12

Табиғат- ана

1

Эссе

13


IVҚыста талай қызық бар

Туған ел


1

Өлең шығару


14

Жаманқұмақ жалында ...

1

Шығарма

15

Көкжиегім келешегім А.Ершуов

1

Өлеңдерін оқу

16

Екі лақ

1

Ертегі құрастыру

17


III тоқсан (10 сағат)

V Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге
Жиренше шешен

1

Сөзжұмбақ құрастыру


18

Майдангер ата ерлігі.Бауыржан

1

Шығарма

19

Жақсы мен жаман

1

Әңгіме жазу

20

Ақындар шыққан талай бір...

1

Өлеңдер жинақтау

21

Өсиеті Абайдың. Сыйлық

1

Шығарма

22

Ақмешіт .Бекет Ата

1

Танымжорық

23

Ел қорғаған –ер бабам

1

Шығарма

24

Ержүрек Әлия мен Мәншүк

1

Өлеңдер жаттау

25

Құмға салған сурет. Суретші ата

1

Сурет салу

26

Шал мен бала

1

Әңгіме құрастыру

27


IV тоқсан (7сағат)

VI Адам болам десеңіз

Жақсылыққа жақсылық



1



28

Таза бұлақ

1

Әңгіме

29

Көктем сәні. Сәуір

1

Сурет салу

30

Жаңаша жыл санау

1

Сурет салу

31

Еңбекті сүйсең. Еңбекпен тапқан тиын

1

Мақал-мәтелдер

32

Мақтаншақ қоян

1

Ертегі құрастыру

33

Тест жұмысы

1

тест


Факультатив сабақтың күнделікті жоспары

Сабақтың тақырыбы: Майдангер ата ерлігі. Бауыржан Сабақтың түрі: Түсіндіру , таныстыру. талдау сабағы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, куәгерлерінің өмірі туралы түсінік қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы: Мәтінді түсініп оқу, диалогты рөлге еніп оқу, мәтіндегі негізгі ойды таба алуға дағдыландыру.

б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Көрнекілік әдісі. Жарыс. Мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме «Жауынгер жазушылар» Суреттер. Әдеби кітаптар.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І Кіріспе.

Дәйек сөз: «Кімде-кім өзінің елі, дәстүрі, тілі үшін мақтана алмаса, ол-сорлы адам» Бауыржан Момышұлы.

ІІ. Бір айналым сөйлесу «Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?»

ІІІ. Жарыс: І топ ІІ топ ІІІ топБауыржан Момышұлы .(Ауыл ардагері Наурыз Қатқылбаев)

а) Шығармалары. Берілген мәтіндерді еске түсіру.

ә) Бес жол өлең құрастыру. «Қаһарман»

б) Көркем сөзді мәнерлеп оқу.«Әлия» «Мәншүк» «Нүркен»

в) Ойын: «Жалғасын тап» Ерлік туралы мақалдардың басын айту.Оқушылар жалғастырады. Мағынасын ашады.

(Ардагер Наурыз атаның әңгімесі-оқушылар үйіне барып жазып әкелінген)

ІV. Қорытынды.

Ер есімі – ел есінде! Ұлы Отан соғысы туралы, қазақ халқының ержүрек

ұл-қыздары туралы еш уақытта ұмытпаймыз.

V. Мадақтау.

VІ. Сөзжұмбақ құрастыру. «Бауыржан»



Қорытынды

XXI ғасырда ұстаз қандай болу керек? Бұл сұрақ тереңнен ойланып жауап беруді қажет етеді. Себебі, XXI ғасырдың жан- жақты зерделі, білімді, талантты, дарынды адамынқ алыптастыру мұғалімнің білімділігі мен іскерлігінде. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіру, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге , бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніңіз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.

Сонау XX ғасырдың басында Ж. Аймауытов: « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - баланың қызығушылығын оятып, қабілетін арттыратын, өз бетімен ізденісін жаттықтыратын жағдай туғызу. Оның бастысы сабақ үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеттері арқылы білім, білік, дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өздері арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.

XXI ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы мағлұмат алып отырған балаларды бір нәрсемен таңқалдыру, тек ұстаздың қолынан келетін іс.

Әр сабақ сапалы да нәтижелі өткізілсе, ол мұғалімнің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Осы міндетті орындау үшін өзіме мынадай сұрақтарды белгіледім.

а) Оқушылар өз бетінше білімін қалай тереңдете алады?

ә) Білімді өмірмен байланыстыру дағдысын дамыту жолдары қандай?

Алдыма қойылған сұрақтарды шешу үшін топпен жұмыс жасау жолын таңдап алдым.

Топта жұмыс жасау оқушыға ой еркіндігін, жауапкершілік, ізденуге және ойын ортаға салуға мүмкіндік беретінін байқадым. Әрине, алғашында оқушылар бірден белсенділік танытып, ойын ортаға сала алмады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан оқушылар өз бетінше танымдық әрекететудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Сабақ барысында , сабақтан тыс мезгілде оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындатуға дағдыландыра алдым деп ойлаймын. ( Мәтінмен жұмыс, қосымша әдебиеттермен, интернет материалдарымен, еркін жазу т.б).

Оқушыларға еркіндік беріліп, бір топтан екінші топқа ауысып, ақпаратты жинап, ой бөліседі, салыстырады, ортақ пікірге келіп, көпшілікке жариялауға үйренеді. Жұмыс нәтижесінде жаңаны тез игеріп, дұрыс түсінетін, практикада жүзеге асыра алатын, болжам жасай алатын оқушылар қалыптасты. Сыныпта мұндай оқушылардың болуы менің жұмысыма оң әсер етті.

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

2. Қосымша әдебиеттер, материалдар іздей бастады.

3. Ой - өрістері кеңейді, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға көмегін тигізді.

Ал, оқушылармен топтық жұмыс мынадай нәтиже көрсетті:

1. Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар өз бетімен білім алады.

2. Ой бөлісті, пікір таластырды.

3. Ойларын басқалармен салыстырды.

4. Қорытынды жасап, ойын еркін баяндауға үйренді.

5. Пәнге деген қызығушылығы артты.

6. Өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеді.

Жыл бойы жүргізілген осы бағдарлама бойынша жасалынған жұмыстың арқасында сыныптағы 17 оқушының әдебиеттік оқудан білім сапасы- 89 % болды.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Қабатай. Ү Зейнетоллина.А Қалиева Әдебиеттік оқу кітабы 2 сынып 2018 жыл

2. З. Бейсембаев Б.Игенбаева Г. Әріпова Әдебиеттік оқу хрестоматиясы 2013 жыл

3. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж

4. Баспасөз материалдары

5. Ақпарат құралдары



6. Білім стандарты 1-4 сыныптарға арналған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет