Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Дайындық бөлімі: Жүру жаттығулары және түрлері



Дата18.02.2022
өлшемі19,44 Kb.
#132429
түріСабақ
Байланысты:
Гандбол ойынынын техникасы
Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының маңызы, Женил атлетика, Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері

Гандбол ойынының техникасы

Тақырыбы: Гандбол ойын техникасы
Мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларды қол добы ойынының техникасын үйрету, жетілдіру.
2. Дамытушылық - Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, дамыту.
3. Тәрбиелік - Оқушыларды патриоттық сезім мен адамгершілікке қасиеттерге баулу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Керекті құрал - жабдықтар: Гандбол доптары, ысқырғыш





Кіріспе бөлімі:
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
Командалық бұрылыстары: Оңға! Солға! Артқа бұрыл!
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық бөлімі:

Жүру жаттығулары және түрлері:

- бір қалыпты жай жүру;
- қол белде, өкшемен жүру;
- қол желкеде, аяқтың ұшымен жүру;
- қол иықта, жартылай отырып жүру;
- қол тізеге, желкеге, белге қойып, жүріп өту;
- қол желкеге қойып, оңға, солға отырып секіру;
- терең тыныс алып жүру;
Арнайы жүгіру жаттығулары:
- ара қашықтық сақтап жай жүгіру, қол алға созып ұстау.
-тізені көтере жүгіру.
-аяқты артқа сілтейжүгіру, қол желкеде.
-оң және сол жаққа қапталдап жүгіру қолды алға, артқа айналдыру.
-жылдамдықты арттыра жүгіру,
-қайтадан жай жүгіру бір қалыпты т.б. жүгіру жаттығуларын орындау.
-дем басу жаттығуларын орындау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Б.қ аяқ иық деңгейінде, қол белде
1-4 басты мойыннан сол,1-4 оңға айналдыру.
2.Б.қ. аяқ иық деңгейінде 1 қолды жоғары көтеру 2 жанға созу.3 алға созу,4 б.қ.к.
3.Б.қ. 1-4 қолды түзу иықтан алға айналдыру,1-4 артқа айналдыру.
4.Б.қ. аяқ иық деңгейінде қол белде 1-4 белді солға,1-4 оңға айналдыру.
5.Б.қ.аяқ иық деңгейінде 1 қолды жоғары созу, 2 аяқ ұшына жеткізу,3 қолды созып отыру.4 б.қ.қ.к.
6.Б.қ. сол қол жанымызға созу, оң қол белде 1-2 белді оңға қисайту.3-4 қолды алмастыру.
7.Б.қ.аяқ арасын алшақ ашу, қол белде 1 сол аяқ түзу оң аяққа отыру,2.б.қ.қ.к.
3-4 керісінше орындау жат.
8.Б.қ. аяқ иық деңгейінде 1 қолды алға созып отыру.2 б.қ.қ.к.
9.Б.қ. аяқ арасы қосулы қол тізеде 1-4 тізені солға, 1-4 оңға айналдыру.
10.Б.қ. аяқ арасы қосулы қол белде 1-4 қос аяқпен секіру бір орында,1-4 2.оң аяқты көтере сол аяқпен секіру. 1-4 сол аяқпен секіру.
Негізгі бөлім
Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – гандбол ойыныңдағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді.
Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады.
Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан – жанжағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады.
Оқушыларды сапқа тұрғызып екі командаға бөліп кезекпен допты алып жүруді орындату. Допты алып жүруді жақсы орындаған оқушыны қайталатып алып жүргізіп көрсету.
Ара-қашықтығы 2 метрден қойылған кеглилердін арасымен допты кезекпен алып жүру.
Лақтыру әдістерін меңгеру: Бір қолмен бір орында және қозғалыста допты қақпаға лақтыру, әртүрлі қашықтықтан лақтыру, айып соққыларын орындау
Шабуыл кезіндегі ойын техникасын үйрету
Қорғаныс кезіндегі ойын техникасын үйрету
Оқушыларды сапқа тұрғызып санату арқылы екі командаға бөліп ережесімен гандбол ойнату.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет