СабақТЫҢ технологиялық картасы № І блок «Мақсаттылық» Пәні



бет9/12
Дата07.11.2022
өлшемі92,25 Kb.
#156782
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 - Кіріктіріп оқыту
Эргешова-Мукаддам, Дәріс-4 Мехатронды жүйелерді жобалау
ГИПЕРМӘТІН № 2


Мүгедектіктің экономикалық моделі қоғамның түрлі деңгейдегі мүшелері арасында табысты реттеп бөлуді қарастырады. Мұнда әдіснамалық негіз ретінде мүгедектіктің медициналық анақтамасы алынады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар физикалық жетілмеген немесе психикалық ауыру деп саналғандықтан, олар дені сау адамдарға қарағанда «аз мөлшерді жүктемені» орындайды немесе мүлдем жұмыс істемейді. Сонымен бұл «жетілмеген» тұлғалар экономикалық шығын әкеледі. Олар өздерін қамту үшін қажетті мөлшерде ресурстар өңдемейді, сондықтан қоғам үшін пайдасыз, тек ауыртпалық болып табылады. Егер мүгедек еңбектену көрсеткіштеріне сәйкес бола алса, бірақ денсаулығында тұрақты бұзылыстары бар болса, юристтердің пікірі бойынша оның «мүгедектігін» алып тастауға болады.
Мүгедектіктің мәдени моделі 20-шы ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысында қалыптаса бастады, оның негізінде мүгедектердің өздерінің маңыздылығын түсіну, яғни өзіндік идентификация жатыр. Мүгедектіктің мәдениетін дамыту арқылы топтық идентификацияға жетуге болады. Мүгедектердің өзіндік идентификациясы кешенді шешімдерді іздеуді талап етеді:
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамда басым мәдени ұстанымдарға тәуелді болуын жеңу;
- мүгедектіктің ерекше субмәдениетін құру және қоғамның өміріне оны белсенділікпен енгізу;
- мүгедектіктің мәдениетін құру, өз мемлекетінің мәдени өміріне белсенді қатыстыру, осы арқылы қоғамға толық интеграцияландыру, өзіндік мақсаттары мен қызығушылықтарын іске асыру;
- қоғамның жағымсыз ұстанымдарын белсенді өзгерту және мүгедектердің құқықтарын қорғаудағы маңызды компонент ретінде мүгедектердің өзін-өзі анықтауларына жағдай жасау.
Бұл ұмтылыс мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған американдық қозғалыстың үш заманауи ұрандарында көрсетілген: «Біз туралы бізсіз ешнәрсе!», «Өз ерекшеліктеріңді танытыңдар!», «Мен мүгедекпін, бірақ мен онымен мақтан етемін!»
Адамдар түрлілігі моделі бойынша, мүгедек - көпқырлы индивид, оның мүгедіктігі адамдар арасындағы түрліліктерден оған берілген ерекшеліктері, мұнда ешқандай бағалау компонентін, қалыптылық пен ауытқушылықтардың иерархиясын құру қажет емес. Негізгі акцент теңдік түсінігіне жасалады: қоғам өмірінің барлық аспектілері оның барлық мүшелері үшін қол жетімді болуы керек. Бұл бағыт бойынша мүгедектік – адамның қалыпты күйі. Мұндай ой-пікір өзінің юристтік анықтамасын 1993 жылы АҚШ-тан шыққан мүгедектер мен Билл туралы құқықтық әрекеттер Заңында тапты: «Мүгедектік адам тәжірибесінің бөлігі болып табылады...» Бұл прогрессивті мүгедектік модельдері мүгедектігі бар адамдарды қоғамның өміріне қатысатын және өз жетістігін оған қосатын адамдар ретінде сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет