Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту



бет2/4
Дата05.02.2022
өлшемі23,38 Kb.
#24111
түріСабақ
1   2   3   4

  • Сабақтың барысы:
  • І.
  • Ұйымдастыру
  • кезеңі
  • ІІІ.Жаңа материалды
  • түсіндіру
  • ІҮ. Жаңа сабақты
  • бекіту-
  • Ү. Қорытынды.
  • Бағалау.
  • ҮІ.
  • Үйге тапсырма
  • беру
  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
  • 2.Қағанаттың тарихи шеңбері? 3. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды? 4. Қағанаттың құрамы тоғыз тайпадан тұратынын айтқан кім? 5.Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті? 6. Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің? 7. Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды. 8. Қарлұқтар арасында ислам
  • дінін қабылдау қай кезден басталды? 9.Қағанаттың астанасы
  • 10.Қарлұқтардың Қашғарияны жаулап алған жылдары?
  • 11.Қарлұқтардың Батысынан Шығысына жету үшін 30 күн жол жүру керек дегенді кім айтты?
  • 12. Үйғырлармен болған күрес неше жылға созылды?
  • ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы. 2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы. 3. Саяси жағдайы. 4. Шаруашылығы 5. Кәсібі мен қолөнері
  • 6.Оғыздардың ескерткіші
  • Сыр елінің көне қалаларының бірі Тамыры тереңде жатқан Жанкент қаласының орта ғасырдағы Оғыз мемлекетінің астанасы болғандығын тарихшылар мен зерттеушілер дәлелдеді. Сыр өзенінің сол жағалауында, дарияның Арал теңізіне құяр сағасына жақын, қазіргі Қазалы қаласының 25 шақырым жердегі қираған қаланың қалдығын Жанкент шаһарының орны деп есептейді.
  • Жанкент жайлы ең бірінші жазбаша естеліктер ІХ-Х ғасырлардың үлесіне тиеді, ал ХҮ ғасырда қала туралы деректер жоғалады. Тек арада үш жүз жыл өткен соң, ХҮІІІ ғасырда ғана Жанкенттің аты қайта жаңғырады. Алайда, бұл, қираған Жанкент жайлы жазбалар. Жанкент қаласы жөнінде орыс саяхатшысы П.И.Лерх өзінің 1867 жылы жасаған археологиялық экспедициясынан соң құнды мәліметтер қалдырған. Қираған қаланың орнын қазу үстінде араб әріптері табылған. Аңыз бойынша Жанкентті билеп тұрған қатыгез Санжар хан Қарабура әулиенің қарғысына ұшырап, 1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болады.
  • Бегім ана өмірде болған тұлға. Ол Қарабура әулиенің қызы, ХІ ғасырда өмір сүрген. Сол кезден қалған ауызша деректерге сенсек, Бегім ананың сұлулығының алдында ешбір жан тұра алмапты. Оның көркіне тамсанған талай жігіт сөз айтып, қалыңдық қылғысы келген. Алайда, ару ешкімге мойын бұрмай үнемі біреуді тосумен болған екен. Бегімнің күткен жігіті Жанкент қаласы билеушісінің баласы Санжар хан еді. Санжар да Қаратаудың баурайында тұратын ару қыз жайында көп естіген. Күндердің күнінде, үйленер жасқа жеткен Санжар Бегімді ақыры іздеп тауып, онымен көңіл жарастырады. Артынан елде үлкен той болып, ғашықтар отау тіккен екен. Бұл екеуінің махаббатын көре алмай, сыртынан күндейтіндер де көптеп табылған ол заманда. Соның салдары бұл жандарды үлкен қайғыға душар етті. Бірде Санжар хан серіктерімен аңға шығып, бүркіт салмақ болады. Межелеген жеріне жетіп қалған тұста қыранның басына кигізетін томағасын үйінде ұмытып кеткенін байқап, уәзірлерінің бірін ауылға қайта жіберген екен. Әлгі уәзірі үйіне келіп, Бегім ананы көрген кезде тілін жұтып, есінен таңып қалыпты. Үш күн дегенде әзер есін жиған ол дереу аңшылықта жүрген ханға аттанады. Бірақ, шындықты айтпай, тек «ханшайым ұстап қалды» деп жалған сөйлеген. Мұны естіген Санжар дереу атын ерттеп, үйіне шабады. Келе салысымен мән-жайды сұрамай әйеліне тап беріпті. Бегім ана да шындықты айтып, түсіндірмек болған, алайда, хан әйелінің екі қолы мен бұрымын шауып тастап, зынданға тастатқызады. Қаралы хабар Қаратаудағы Қарабураға да тез жетеді. Жанкентке келген ол Санжар ханмен кездесіп: «Егер менің қызым кінәсіз болса, қазір оның қолы мен бұрымы қайтадан орнына келеді» депті. Санжар да дереу зынданда жатқан Бегім ананы алдыртқан. Есіктен кіріп келген жарын көргенде хан өз көзіне өзі сене алмай тұрып қалады. Сөйтсе, Бегімнің екі қолы да бүтін, жараның орны да жоқ. Әйелінің бейкүнә екеніне көзі жеткен Санжар қанша жалынып кешірім сұраса да Бегім ана илікпей, күйеуіне бұрылып та қарамайды. Сол замат аққуға айналған ол көкке самғап кетіпті. Теңіздің үстінде біраз самғаған аққу жағалауға ұрынып, көз жұмған екен. Қызының көз жұмғанынан әулиенің жүрегі қайғыға толып, еліне қайтыпты. Ал, Жанкент Құдайдың қарғысына ұшыраса керек, алай-дүлей дауыл соғып, қала Арал суынан жермен-жексен болыпты. Ал, шаһардың орнын ордалы жыландар мекендеген дейді осы аңызда. Тіпті кешеге дейін осы маңайдағы елдімекендерде әлгі жыландардың бой көрсеткен кездері болған. Таң қаларлығы сол, осынау мұнараға ер азаматтардың баруы өте қиын дейді білетіндер. Жолай көліктері бұзылады немесе ауырып қалады, әйтеуір жақындауы қиын. Бәлкім, бұл Бегім ананың ер азаматтарға деген реніші болар...
  • Қазіргі Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген кірпішпен (23х26х6) қапталған. Биіктігі 10,5 м. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегізқырлы призма пішінді, төбесі пирамида болып біткен. Орта деңгейге (шамамен 5,5 - 6 м) дейін мұнара бағанасы тұтас, одан жоғары бөлме бар; бұған шығыс жағындағы аркалы ойық арқылы кіруге болады. Қарабура әулиенің көмегімен Бегім Ана белгісін салдырып: "Мұнан былай еркекті көрмеймін" деп, қалған жұмбық ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізген. Ата-бабасының қасиеті дарып, кейін Бегім Ана әулие атанады. Таң қаларлығы сол, осынау мұнараға ер азаматтардың баруы өте қиын дейді білетіндер. Жолай көліктері бұзылады немесе ауырып қалады, әйтеуір жақындауы қиын. Бәлкім, бұл Бегім ананың ер азаматтарға деген реніші болар...
  • ІҮ. Өзіндік жұмыс.
  • Өзіндік жұмыста таблицаны толтыру.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет