Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену


Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?



бет159/159
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#7332
түріСабақ
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
10. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?
А) маған В) мені С) өзінің Д) оның Е) оған.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау


Тест тапсырмалары
1.Қай сөйлемде анықтауыш бар?
а) Түлік төлден өседі ә) Үндеместе бәле көп б) Жаман бала – күйік.
2.Мақсат пысықтауыш
а) Ұялмаған ұялтады. ә) Әдейі жіберіп отыр б) Ерді намыс өлтіреді
3.Тура толықтауыш
а) Өтірікші өзін алдайды ә) Оқусыз білім жоқ б) Тек жүрсең тоқ жүресің
4. Сөйлем мүшесі бола алмайтындар. а) сөз тіркесі ә) күрделі сөз б) шылау
5.Сөйлем құрауға ұйытқы болатын сөздер
а) сөз тіркестері ә) тұрлаулы мүшелер б) күрделі мүшелер
6. Күрделі бастауыш. а) наурыз мейрамы ә) ағаш қасық б) кітап оқу
7.Қимыл-сын пысықтауыш
а) Төмен қарады ә) Сәл ойланып қалды. б)Ұялғаннан төмен қарады.
8.Жанама толықтауыш. а) Хатты берді. ә) Кітап оқыды. б) Балаға қарады.
9. Мекен пысықтауыш
а) Қонақтар бүгін келеді. ә) Ыстық мейіріммен қарады. б) Төрге қарай барды.
10. Күрделі пысықтауыш
а) сарғылт шашы ә) кеншілер сарайы б) жыл сайын
11.Пысықтауыш сұрағы
а) қандай,қай ә) кімде, неде б) қашан, қалай
12. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? а) 2 ә) 4 б) 5
13.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
а) Бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем
ә) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем
б) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын сөйлем.
14.Жақты сөйлемді тап.
а) Әлдене есіне түскендей жалма-жан қоржынға қол созды.
ә) Ертең қалаға жүруіміз керек. б) Қонақтардың кейін қайтуына тура келді.
15. Қарсылықты салалас сөйлемді тап.
а) Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан,местегі малта да таусыла бастаған.
ә) Осы әңгімеден екеуінің де көңілі жүдеп,үнсіз келе жатты.
б) Бас болмақ оңай,бастамақ қиын
16.Аралас құрмалас сөйлемді тап.
а) Бір қолмен белін ұстап,шық басқан көк шөптерді таяғымен анда-санда қағып қойып, шабылған бидайықтың жиегімен келе жатты.
ә) Біресе кемпірінің баяу қорылына,біресе шымылдықтың ар жағында сыбырласып жатқан баласы мен келінінің орысша сөздеріне құлақ түріп үнсіз жатыр.
б) Ол әлі құрығандай ақырын ғана сәлем берді де, келіп,босаға жақтан орын алды.
17. Сөйлемнен қаратпа сөзді тап.
а) Қап,келе жатқанымызды Бекберген күндік жерден естіп отыратын болды ау!
ә) Ай,шырағым-ай,мені қинайтын да осы ғой.
б) Меніңше,ол тапсырманы ойдағыдай орындайды.
18. Айқындауыш мүшенің неше түрі болады? а) 3 ә) 2 б) 4
19. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша қай сөйлемде қойылады?
а) Аспан да,жер де сұп-сұрғылт. ә) Жолға аттанар сол бір түн.
б) Бұл – Жарасбайдың жаздай тісін басып жүрген араз ауылы.
20. Атаулы сөйлем дегеніміз не?
а) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлем.
ә) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем.
б) Іс-оқиға жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайды атап көрсететін сөйлем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет