Сабақтың түрі : Аралас сабақ



бет9/9
Дата05.01.2017
өлшемі1,93 Mb.
#6344
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күні:25.02 6- сынып

Тақырыбы:Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік.тұрмысы мен шаруашылығы, қоғамдық құрлысы және мәдениеті жайында таныстыру. Олардың ерекшеліктерін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өз елінің барлық  тарихи құндылықтарын құрметтеуге,мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру, «пошта» ойыны, «тұлғаны таны», «білім жәрмеңкесі» ойыны.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті  қағаздар, Абылай хан суреті,т.б.

Сабақтың  барысы:

  І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

  2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

  3.Оқушыларды топқа бөлу



І-топ Археологшылар /қызыл/

ІІ-топ Тарихшылар/сары/,

ІІІ-топ Этногрофтар/жасыл/)

Миға шабуыл жасау.

Берілген сөздерден сөйлем құра:

ЖОРЫҒЫ  ХАЛЫҚТАРДЫҢ  СЕБЕП  ҒҰНДАРДЫҢ   ҰЛЫ  БАТЫСҚА  ҚОНЫС  БОЛДЫ  АУДАРУЫНА

Шешуі: Ғұндардың батысқа жорығы халықтардыңұлы қоныс аударуына себеп болды.

ІІ. Ұй жұмысын

Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Қойылатын сұрақтар:

І-топ Археологшылар /қызыл/

1.Ғұндар қай империаға үлкен қауіп төндірді?

2. 5 ғасырда ғұндардың басшысы кімболды және ол өз қол астына кімдерді жинады?

ІІ-топ  Тарихшылар/сары/

1.Ғұндардың соғыста жеңу себептері неге байланысты болды?

2.Каталауын шайқасы өткен жыл және соғыстың қорытындысы қалай болды?

ІІІ-топ Этногрофтар/жасыл/

1.Ғұн жорықтарының маңызы неде?

2.Ғұндар туралы жазған Византия елшісі?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Аттила қандай адам болған екен?          Қаһарлы ел билеуші

 Ержүрек жауынгер

        Дарында қолбасшы       Ғұндардың патшасы

1 сұрақ-Ғұндардың билеушісі шаньюй сөзінің мағынасы /шексіз билеуші/

2 сұрақ-Ғұндар қай елмен 300 жылдан астам уақыт соғысты? /Қытай/

3сұрақ-Цинь патшалығы  ғұндардан қорғану үшін не істеді? /Ұлы Қытай қорғанын салды/

4сұрақ-Ғұндар қай ғасырда оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?/б.з.б 1 ғасыр/

5сұрақ-Ғұн тайпасы қай билеуші тұсында күшейді?/ Мөде/

6 сұрақ-Ғұн тайпасы қанша рудан тұрды? /24/

 

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Ғұндардың тұрмысы

2. Ғұндардың қоғамдық  құрылысы

3. Ғұндардың мәдениеті



1. Тірек- сызба бойынша түсіндіру


 




 

 
Ғұндардың қоғамдық  құрылысы бойынша топтарға сұрақтар беріледі. 

Археологшылар /қызыл/

Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғасы қалай аталады?



Тарихшылар/сары/

Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша бөлініп қанша қанатқа бөлінген?



Этногрофтар/жасыл/

Түменбасы өзінің қарамағына кімдерді тағайындады?



3.Мәтінмен жұмыс.Қалып қойған сөзді тауып сөйлемді толықтыр

Ғұн тайпаларында ..................... теңсіздік қалыптасқан. Ғұндар- көшпелі

                     .......................... ел. Оларды .................. кеңесі басқарған.Елді ................ биледі.

                    Ғұндарда өзіндік ............... қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық

жасағандарға  ................. жазасы тағайындалған.

4. Ғұндардың мәдениеті.

Ғұндар көшпелі өмір кешті.Олардың өмір салты римдіктер мен гректерге өзгеше болып көрінген.Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әртүрлі көзқарасты кездестіреміз.

1.Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды қалай сипаттады?

2.Ғұндардың қалалары жайында Прииск қалай сипаттады?

3.Аммиан Марцеллин ғұндардың өмірі туралы пайымдап жазғаны.

 Көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды негізінен былғары, жүн, киіз, ағаштанжасады.

Көшкелілер зергерлік әшекей бұйымдар жасауда тамаша жетістіктерге жеткен.

Олар бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған.

Безендіру кезінде бұйымдарға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсырған.Ғалымдар мұндай стильді «полихромдық стиль» деп атаған.



Тарихи терминдер:

Жүзбасы – жүз адамдық әскердің басшысы.

Патриархалды билік- ер адамдардың билігінің жоғары болуы.

Тәлімді  егіншілік -қолдан суарылмайтын егін.

Зерлеу әдісі- бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.

«Полихромдық стиль»- бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жабыстыру.

Ү.Сабақты бекіту. «Білім жәрмеңкесі » ойынын ойнату арқылы

Әр топқа мына заттарды алу үшін сұрақтар беріледі.

Дәптер-Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер

Қаламсап-Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

Қалам-Ғұндарда құқық қорғау жүйесі болды ма?

Түрлі-түсті қалам-Ғұдар ыдыс-аяқ жасауға қандай материлдар пайдаланған?

Сызығыш Бұйының бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?

ҮІ.Сабақты бағалау. Қай топ жоғары ұпай жинаса сол топ «білім шыңына» бірінші жетіп 5-тік баға алады.

Үйге тапсырма.

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті.

Көшпелілердің баспанасы киіз үй туралы эссе жазып келу.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §23.Сармат тайпаларының орналасуы

Сабақтың мақсаты:


  • Сарматтардың орналасу территориясы, ескерткіштері, жорықтары туралы баяндай отырып, білікті, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілік: карта Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезең

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Оқулықтағы материалдарды пайдаланып, Сыма Цянь, Аммиан марцеллин, Приисктің ғұндар туралы айтқандарын салыстыр.

  2. Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

  3. Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер.

  4. Ғұндардың билеушісі қалай билік жүргізген?

  5. Ғұндардың мәдениеті жөнінде әңгіме құрастыр.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сарматтар туралы деректер

  • Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасырында мекендеген.

  1. Сарматтар мәдениеті.

  • Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.

  1. Сарматтар туралы болжамдар.

  2. Сарматтардың наным-сенімі.

Сабақты бекіту:

  1. Сарматтар ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарында табылған? Картадан көрсет.

  2. Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай?

  3. «Савромат-сарматтардың көне замандағы орны» деген тақырыпта эссе жаз

  4. Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 23. Тест. Амазонкалар туралы аңызды оқып, түсінігін айту.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §24. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:


  • Қоғамдық құрылысы, тұрмысы,шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы баяндай отырып, білімді, азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сарматтар ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарында табылған? Картадан көрсет.

  2. Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай?

  3. «Савромат-сарматтардың көне замандағы орны» деген тақырыпта эссе жаз

  4. Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қоғамдық құрылысы.

    Сарматтардың қоғамдық құрылысы

    Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықты

    Әскери демократия жетілді

    Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды.

  2. Сарматтардың тұрмысы

  3. Сарматтардың шаруашылығы

    Сарматтардың шаруашылығы

    Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты

    Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді

    Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті

    Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды

    Зергерлік өмір жоғары дамыды

  4. Сарматтардың заттай мәдениеті

  • Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой суданы жерінен табылған аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері табылған.

Сабақты бекіту:

  1. Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?

  2. Әскери демократияның мәні неде?

  3. Сарматтардың әсемдік заттарын ата.

  4. Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?

  5. Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §24. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  • Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар, Сарматтар тақырыбын , сонымен қоса ІІІ тоқсан материалдарын қайталай отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?

  • Әскери демократияның мәні неде?

  • Сарматтардың әсемдік заттарын ата.

  • Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?

  • Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Қайталанатын материалдар:

  1. Үйсіндердің тарихы, орналасқан жері, шаруашылығы мен тұрмысы.

  2. Қаңлылар, олардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.

  3. Ғұндар тарихы, Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

  4. Халықтардың ұлы қоныс аударуы

  5. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

  6. Сармат тайпаларының орналасуы.

  7. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • «Эрудит»

    • «Өрмекші» ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Бағалау:

Үйге тапсырма: ІІІ тоқсан материалдарын қайталау



Күні:8.04

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

  • Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқаның тұрғындары, олардың шаруашылығы ескерткіштерінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, тарихи танымы жоғары дәрежеде қалыптасқан тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?

Әскери демократияның мәні неде?

Сарматтардың әсемдік заттарын ата.

Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?

Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Жаңа сабақтың жоспары:


  1. Ерте темір дәуіріне шолу

  2. Сарыарқа-ұлы дала

  • Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр. Ал оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.

  1. Сарыарқаның тұрғындары

  • Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.

  1. Шаруашылығы

  • Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.

Сабақты бекіту:Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

  1. Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.

  2. Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?

  3. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

Бағалау: Үйге тапсырма: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Күні:13.04

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §26. Солтүстік Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

  • Тарихта Ұлыбай-Тасмола мәдениеті деген атпен қалған Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жағдайы, ескерткіштері, металды өңдеу әдісі т.б. туралы айта отырып, белсенділігі жоғары, иманды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.

Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?

Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

Жаңа сабақтың жоспары:


  1. Солтүстік Қазақстанның табиғат ерекшеліктері

  2. Тұрғындар туралы жазба деректер

  • Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін латын тілінен «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аударады.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары б.з.б. 1 мыңжылдықта көшпелі өмір салтына ауысқан.

  1. Мал бағу ерекшеліктері

  • Қазақ даласында оқта-текте жұт болып тұрды. Жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрды.

  1. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері

  2. Металл ұқсату

Сабақты бекіту:

  1. Солтүтік Қазақстан деген тарихи географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?

  2. Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы табиғат пен климаттың ерекшеліктерін Солтүстік Қазақстанмен салыстыр.

  3. Солтүстік Қазақстанда мал жаю ерекшеліктері неде? Жұт дегеніміз не? Халық табиғаттың бұл құбылысына қарсы қалай күресті?

  4. Солтүстік Қазақстанмен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі мәдениетіндегі ұқсастықтарды ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 26. Шығармашылық тапсырма

Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің Қазақстанның басқа өңірлердің мәдениетімен ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ата.

Күні:16.03

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §27 Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты:


  • Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Шілікті патша қорғандарыжалпы бұл аймақты мекендеген аримаспылар туралы баяндай отырып, белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Солтүтік Қазақстан деген тарихи географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?

Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы табиғат пен климаттың ерекшеліктерін Солтүстік Қазақстанмен салыстыр.

Солтүстік Қазақстанда мал жаю ерекшеліктері неде? Жұт дегеніміз не? Халық табиғаттың бұл құбылысына қарсы қалай күресті?


  • Солтүстік Қазақстанмен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі мәдениетіндегі ұқсастықтарды ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Табиғат жағдайы мен халқы

Шығыс Қазақстан аумағын етеде аримаспылар мекендеген

Шығыс Қазақстан-ежелден адамға жайлы, малға шұрайлы жер. Оның жайылымы мол шалғынды аймақтары мен тау жоталары, түрлі металдарға бай кен орындары бұл жерде көне мәдениеттердің қалыптасуына себеп болды.



  1. Шілікті патша қорғандары

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жеріндегі жазықта сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ішінде 50-ден астамыпатша немесе ақсүйектер ескерткіштері саналады.

  1. Берел қорымдары

  2. Мәдениеті

Сабақты бекіту:

  1. Шығыс Қазақстан табиғат жағдайларын Солтүстік Қазақстанның табиғатымен және климатымен салыстыр.

  2. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеті қай аймақтың мәдениетімен ерекше байланысты болған?

  3. Шіліктіобасы мен Бесшатыр обасының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тізіп жаз.

  4. Берел қорғандарын салу үшін иқай саладағы білімді игеру керек екенін ойлап көр.

  5. Берел обасы туралы қысқаша әңгіме құрастыр.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §27. Шығыс Қазақстандағы ерте темір дәуірі.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §28. Ежелгі Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалар, олардың өркениеті, Ұлы Жібек жолының сол кездегі қоғам үшін маңызын аша отырып, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.




Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Шығыс Қазақстан табиғат жағдайларын Солтүстік Қазақстанның табиғатымен және климатымен салыстыр.

  • Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеті қай аймақтың мәдениетімен ерекше байланысты болған?

  • Берел қорғандарын салу үшін иқай саладағы білімді игеру керек екенін ойлап көр.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелілер өміріндегі адамгершілік құндылықтар мен өнер.

  • Көшпелілер тұрмысындағы адамгершілік пен әкімшіліктің жүйесі қытайлардың назарын аударып отырған. Қытай билеушілері ғұндардың шабуылынан ғана емес, көбінесе қытайлардың Далаға кетіп қалуынан да қорыққан.

  1. Археологтар ғұндардың баспаналары жайлы...

  2. Көшпелілердің әскери өмірі

  • «Аң стилі» өнері б.з.б. 7-6 ғасырларда шыққан.

  1. Ұлы Жібек жолының көшпелілер үшін маңызы.

  • Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар Қытаймен, Үндістан және Персиямен сауда-саттық жүргізіп тұрған. Бұған сақ обаларынан табылған қытай айналары, Ираннан әкелінген бұйымдар дәлел болады.

Сабақты бекіту: Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.

  1. «Полихром стилі» туралы не білесің? Оны «аң стилімен» салыстыр.

  2. Ұлы Жібек жолы туралы әңгіме құрастыр.

  3. Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?

Бағалау: Үйге тапсырма: §28. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §29. Көшпелілердің сал-дәстүрі мен діни нанымдары

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанның ертедегі тұрғындары-сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мен сарматтардың наным-сенімдері, бұл тайпалардың мәдениетіндегі ұқсастықтар, ескерткіштеріндегі ерекшеліктер, дәстүрі туралы толық-қанды мәлімет бере отырып, ұтжанды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:сызба, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.

  • Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт.

  • Ұлы Жібек жолы туралы айт.

  • Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелілердің діни-нанымдары

    • Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сыйынған.

    • «Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деген сөздерді ертедегі грек тарихшыларының еңбектерінен оқи аламыз. Олар көшпелілердің «басқалармен достық, адал, әрі шынайы қарым-қатынасындағы» қайырымдылық пен әділеттікті атап айтқан.

  1. Мәдениеттегі ұқсастықтар.

  2. Ескерткіштері

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.

  2. Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?

Бағалау: Үйге тапсырма: §29. Шығармашылық тапсырма. Картадан ежелгі Қазақстан тұрғындарының, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің орналасу аумағын көрсетіңдер. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастығын анықтаңдар.

Күні:27.04



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §30. Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні

Сабақтың мақсаты:

  • Тарихи, қола дәуірінің ежелгі адамдардың , жалпы антропология ғылымы туралы айта отырып, оқушыларды ғылым-білімге, адамгершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:



  • Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.

  • Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Антропология дегеніміз не?

  2. Тарихи антропология

  3. Қола дәуірінің антропологиялық сипаттамасы

Сонымен Андрон мәдениетін қалдырған тайпалардың түр-түсі қандай болды? Жалпы алғанда, Қазақстан жерін қола дәуірі заманында еуропоидтік нәсілге жататын адамдар мекендеген. Олар қырмұрынды, ат жақты, өңі ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау болып келген.

  1. Ерте темір дәуірі адамдарының түр-түсі.

Монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолоидтық нышандар аздау кездеседі.

Ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесі (антропологиясы) тақырыбына қорытынды. /Жалпы, темір дәуірінің аясында Қаз. жерін мекендеген көне этностардың бет әлпетінде біртіндеп монғолоидтық белгілер көбейе бастады./

Сабақты бекіту: Антропология ғылымы жөнінде әңгіме құрастыр.


  1. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың нәсілі қандай болды? Ерте темір дәуіріндегі қазақ жерін мекендеген жұрттардың нәсіліне сипаттама бер.

Бағалау: Үйге тапсырма: §30. Тест.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Тест

Сабақтың мақсаты:

  • Тест тапсырмаларын беру арқылы бір жылғы Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін пысықтау, белсенділігін арттыру, білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Қайталау

Әдісі: тест

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақстан жеріндегі тас дәуірі

  • Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?А)Ерте тас дәуірі

  • Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштерін анықта.С)Құдайкөл

  • Кейінгі палеолит дәуірінің археологиясын атаС)Б.з.б.40мың-12мың жыл

  • Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?В)Мезолитте

  • Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?Е)Кроманьондық

  • Еңбек құралдарын жасаудың нуклеустік әдісі қай дәуірде кең тарады?Д)Мустьер дәуірі

  • Неолит дәуірінде Қазақстанның қай аумағында яшма мен кварциттен еңбек құралдары жасалды?В)Солт.-Шығыс Балхашта

  • Кейінгі палеолит қай кезеңді қам-тиды?С)35-30мың-12-10мың ж. бұр.

  • Мезолит дәуіірнің ескерткіші-Дүзбай тұрағы Қазақстанның қай жерінен табылды?Солт. Қаз.

  • Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?А)Жарып түсіру техникасы

  • Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағын ата.В)Обалысай тұрағы

  • Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?С)Неолит

  • Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыпт-асқан?А)Ортақ меншік

  • «Қытай адамы» қалай аталды ?С)Синантроп

  • Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші-Шақпақата тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды ?Д)Батыс Қазақстан

  • Жеңіл найза, ілмекті сүңгілер мен боластар қай дәуірде шыққан ? С)кейінгі палеолит

  • Сатшықыз тұрағы қай кезеңге жатады ? Д)Б.з.б. 5 мың-3 мың жыл.

  • Неолит дәуірінде тас өңдеу техника-сының қандай тәсілі пайда болды ? С)Жылтырата тегістеу тәсілі

  • Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңызЕ)Жаман айбат тұрағы

  • Келтеминар мәдениетінің хрон-қ кезеңін тап ?А)б.з.б ІVмың ж. аяғы-II мың ж.басы

  • Алғашқы адамның даму эволюциясы қайсы тарихи кезеңде жетіліп бітті ?А)Тобырда

  • Мустьер деп қай дәуірді атайды ? В)Ортапалеолит

  • Палеолит дәуірінің кезеңін анықта ?С)б.з.б. 2 млн.-12 мың ж.

  • Шару. еңбектің қалыпт., өнім өндіру кезеңі қашан болды Д)б.з.б.5-3 мың ж.

  • Палеолит дәуірінің ескерткіші қайсысы?С)Ащысай, Үсіктас

  • Қаз. территор. қанша неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылды ? Е)600

  • Неолит дәуірінде Ботай тұрағынан не табылды ?Д)Жертөледен жылқы сүйектері

  • Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді?В)Мәйітке қызыл бояу ж.у

  • Мезолит дәуірінің кезеңін анықта ? В)б.з.б. 12 мың-5 мың ж.

  • Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген? А)Ежелгі палеолит

  • Адам баласы жер бетінде қашан пайда болды ?В)б.з.б.2млн. жыл

  • Қазақстан климатының үлкен өзгеріс-терге ұшырап, мұз басу кезеңі болған уақыт: В)б.з.б.100-80мың ж.

  • Тас өңдеу әдістері қай дәуірде жоғары нәтижеге жетті ? С)Неолит

  • Қазақст. қай аумағынан ежелгі палеолит кезеңіне жататын ескерткіштер табылды ? Д)Оңтүстік Қазақстан

  • Питекантроп қашан табылды? С)1890ж.

  • Туыстық қауымдастықты не алмастырды ? В)Көршілік қауым

  • Адамзат қазіргі зам. адамзат қалпына қашаннан бастап келді ? Е) 40мың жыл бұрын

  • Тас ғасыры қай кезеңмен аяқталды?Д)Неолит

  • Алғашқы еңбек құралдарының атауы:А)Чоппер

  • Мустьер дәуірінің хронологиясы-С)б.з.б.140мың-40мың ж.

Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • Эрудит

    • Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Бағалау:

Үйге тапсырма: материалдарын қайталау



Күні:18.05

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ

Сабақтың мақсаты:

  • Жыл бойында өткен материалдарды қайталай отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Қайталанатын материалдар:



  1. Алғашқы терімшілер мен аңшылар

  2. Көшпелі мал шаруашылығы-тіршіліктің қайнар көзі

  3. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттерҚазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері

  4. Палеолит дәуірінің ескерткіші қайсысы?С)Ащысай, Үсіктас

  5. Қаз. территор. қанша неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылды ? Е)600

  6. Неолит дәуірінде Ботай тұрағынан не табылды ?Д)Жертөледен жылқы сүйектері

  7. Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді?В)Мәйітке қызыл бояу ж.у

  8. Мезолит дәуірінің кезеңін анықта ? В)б.з.б. 12 мың-5 мың ж.

  9. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген? А)Ежелгі палеолит

  10. Адам баласы жер бетінде қашан пайда болды ?В)б.з.б.2млн. жыл

  11. Қазақстан климатының үлкен өзгеріс-терге ұшырап, мұз басу кезеңі болған уақыт: В)б.з.б.100-80мың ж.

  12. Тас өңдеу әдістері қай дәуірде жоғары нәтижеге жетті ? С)Неолит

  13. Қазақст. қай аумағынан ежелгі палеолит кезеңіне жататын ескерткіштер табылды ? Д)Оңтүстік Қазақстан

  14. Питекантроп қашан табылды? С)1890ж.

  15. Туыстық қауымдастықты не алмастырды ? В)Көршілік қауым

  16. Адамзат қазіргі зам. адамзат қалпына қашаннан бастап келді ? Е) 40мың жыл бұрын

  17. Тас ғасыры қай кезеңмен аяқталды?Д)Неолит

  18. Алғашқы еңбек құралдарының атауы:А)Чоппер

  19. Мустьер дәуірінің хронологиясы-С)б.з.б.140мың-40мың ж.



Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • Эрудит

    • Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Бағалау:

Үйге тапсырма: ІҮ тоқсан материалдарын қайталау





Каталог: uploads -> doc -> 0426
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0426 -> Әдебиеттік оқумен байланыс. Абайдың қара сөзі
0426 -> «Театр әрекеті – бала тілі мен сезімін жетілдірудің бір тармағы» Орындаған: М. Какеева Н. Умербекова 2016 жыл
0426 -> Сабақтың тақырыбы Қ. Аманжолов "Туған жер" Сілтеме
0426 -> Сабақтың тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі. Сабақтың мақсаты
0426 -> Ана тілі 1- сынып Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет