Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары



бет4/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#5902
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Б). 800 – 600 : 5 = 680

Азайғыш

800

45 ∙ 4

445 + 355

1000

560

Азайтқыш

600 : 5

44 : 4

55 ∙ 3

230 ∙ 3

405 : 5

Айырма

680

169

635

310

479


Шығармашылық тапсырма. № 9.

Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Үйге тапсырма: № 8. 5 бет. Бағалау.

2. Тақырыбы: Арифметикалық амалдар.



Мақсаты: арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:


  1. Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек.


  2. + Р ? – S

    [ х - 5 )

    123 +? --???

    + ) см Р :





  1. Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?

10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес)

1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді)

12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)

24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар)

2). № 1. Ауызша. (жылдамдыққа ұжыммен)

750 + 10 = 760 900 – 130 = 770 110 + 55 = 165

230 + 20 = 250 800 – 450 = 350 250 + 550 = 800 т.с.с.

3). Таза жазу. 3, 4, 5.цифрынан үш таңбалы сан құрастыру. (345, 354, 435, 453, 534, 543)

№ 2. Жазбаша есепте және дұрыстығын тексер. (тақтада есептеу түсіндіре шығару)

69 9 = 621 621 : 9 = 69 621 : 69 = 9 (компоненттердің атауын атау.) 4). Жұппен жұмыс



. № 3. Өрнектер жаз және олардың мәнін тап.

А). 256 : 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19 ә). 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253 б).(176 + 412) : 6 = 98



Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.

1кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель

Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис

Шоколад - ? 1000 – 650 =350(г) шоколад.

Жауабы: 350 г шоколад

№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару.

Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала.



Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр.

1000 – 250 < 1000 – 25 630 + 300 + 20 > 630 + 30 + 200 90 + 110 > 80 + 120



ҮІ. Бекіту. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ... Шығармашылық тапсырма. № 8 кесінділер сызу.



Ү. Үйге тапсырма: № 2. 6 - бет. Бағалау

3. Тақырыбы: Шамалар, олардың өлшем бірліктері.



Мақсаты: шамалар туралы білімдерін пысықтау, олардың өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру; кеңістіктік танымды дамыту.

Түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару .

ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 2. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Ауызша сұрақтар бойынша сауалнама. .

  • Қандай шамаларды білесіңдер?

  • Ең кішісінен бастап, ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.

  • Ең үлкенінен бастап, массаның өлшем бірліктерін ата.

  • Ғасырдан бастап, уақыттың өлшем бірліктерін ата.

2). Терме диктант. Соңынан өздерін өздері тексереді.

1 қатар – уақыт бірліктерін, 2 қатар – масса бірліктерін, 3 қатар – ұзындық бірліктерін жазып кесте құрып тақтаға іліп қойыңдар.



ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру

Ү. Жаңа сабақ: № 1.(ауызша). Сағаттардағы көрсетілген уақытты ата. (12 сағ 15 мин. 2 сағ 45 мин. 9 сағ 10 мин. т.с.с.

№ 2. жұптық жұмыс. Салыстыр.

9 ц > 90 кг 200кг = 2 ц 1 ж. > 345 күн 2 ж. < 810 күн

№ 3. Өздік жұмыс. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

Ш: 14 ∙ 4 = 56 Ж: 56 г печеньенің жалпы массасы

Ш: 25 ∙ 6 = 150 Ж: 150 г ақ ірімшік жалпы массасы

№ 4. Есептің берілуін жазуды кесте түрінде жазуға болады.

1 адамды қабылдау

Адам саны

Жалпы уақыт

20 мин

?

? сағ, 9-дан 12-ге дейін

№ 5. Топтық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

2 м 8 см = 208 см 72 дм = 7 м 2 дм 3 тәул. 6 сағ = 78 сағ. 95 мин =1 мин 35 с



ҮІ. Білімін тексеру.

Өз бетінше жұмыс. № 6. Кесінділердің ұзындықтарын өлше және жаз. 2). Қандай шамаларды білесіңдер?

Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?

ҮІ. Үйге тапсыру: № 7, 8. 9 бет. Бағалау.
4. Тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.

Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім-білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.

Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.

Көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексереміз. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 7, 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Мақсат қою кекзеңі: Тақырыбы, мақсатын хабарлау. Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру

ІҮ. Жаңа сабақ: Ауызша жұмыс: 1. Математикалық диктант.

  • 7 саны 91 –ден неше есе кем? (13)

  • 68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек? (4)

  • 8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек? (7)

  • Азайғыш – 1000 , азайтқыш – 450 . Айырманың мәнін тап. (550)

  • Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)

  • Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең? (240)

№ 1. Жасырын санды ата.

Қосылғыш

785

135

710

425

808

Қосылғыш

43

125

290

245

92

Қосындының мәні

828

260

1000

670

900




Азайғыш

950

1000

285

400

925

Азайтқыш

190

690

215

201

25

Айырманың мәні

760

310

70

199

900

№ 6. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада)

Ү. Өтілген материал бойынша жұмыс. Түсіндіріп шығару.

1). № 3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.



1 тәсіл. Амалдарды немесе өрнек бойынша есептеу.

Торкөз дәптер – 30 дана 70 дана Ш: 70 – 30 = 40 (жолды дәптер)

Жолды дәптер - ? дана Ж: 40 жолды дәптер.

2 тәсіл: Теңдеудің көмегімен есептеу. Теңдеу құрамыз:

Торкөз дәптер – 30 дана 30 + х = 70

Жолды дәптер - х дана 70 дана Х = 70 – 30

Х жолды дәптер сатып алдық дейік. Х = 40 (жолды дәптер)

Ж: 40 жолды дәптер

, б тапсырмаларды орындап теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қорытындылау.)

2). № 4. (3 топқа бөлініп, І топ – а, ІІ топ – ә, ІІІ топ – б.)

І сөреде – 45 кітап. Ш: 145 – (45 + 45 ∙ 2) = 10

ІІ сөреде - ? , 2 есе артық 145 кітап Ж: ІІІ сөреде 10 кітап бар.

ІІІ сөре ?

3). Өздік жұмыс: № 5. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.

165 : 5 < 29 ∙ 4 425 + 230 < 333 2 1000 – 111 > 150 – 117

ҮІ. Сабақтың қорытындысы. № 8. Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.

Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) S = 5 ∙ 3 = 15 (см2)

Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) S = 3 ∙ 3 = 9 (см2) № 9 . шығармашылық жұмыс.

ҮІІ. Үйге тапсырма : № 2,7. 9, 11 бет. Бағалау.

5. Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.



Мақсаты: оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру.

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 2, 7. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Мақсат қою

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1). Ауызша жұмыс. а). Фигураларға қара. Аттарын ата.

ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.



Б). Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

Ү. Сабақтың тақырыбымен жұмыс.

1). № 1. Ауызша орындау. 12 ∙ 1 = 12 1000 : 1 = 1000 700 : 1 = 700

2). Геометрияның даму тарихынан үзінді: «Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.

Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

№ 2. Ауызша талдау.

- Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, ал енін в деп белгілеңдер. Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тауып, жазыңдар.

Р = (а + в) ∙ 2 S = а ∙ в

№ 3. Түсіндіріп шығару. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын тап. Р = (25 + 5) ∙ 2 = 100 (см) S = 25 ∙ 5 = 125 (см2)

№ 4. Есепті шығару.

6 жәшікте – 108 кг Ш: 162 : (108 : 6) = 162 : 18 = 9

? жәшікте – 162 кг Ж: 9 жәшік керек. (кері есеп құрастыр)

Сергіту сәті.

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1). № 5. Ауызша. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

2). № 6. Тақтада түсіндіріп. Белгісіз санды х-пен белгілеп, теңдеу жаз және оны шеш.

Х + 25 = 725 х ∙ 7 = 84

Х = 725 – 25 х = 84 : 7

Х = 700 х = 12

700 + 25 = 725 12 ∙ 7 = 84



ҮІІ . Сабақтың қорытындысы: 1). Жұптық жұмыс. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ... 911 – 9 жүздік 1 ондық 1 бірлік.

2). - Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? - «Геометрия» туралы не білетін болдық?

- Периметрді, ауданды қалай табамыз?



ҮІІІ. Үйге тапрсыма : № 8, 13 бет. Бағалау
6. Тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты: оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік, дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту.

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық .

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ?

2. Ауызша жаттығулар. а) Мен «көбейту» белгісімін, қосуды оңайлату үшін ең алдымен бар балаға санап шығуды ұсынамын.



  • Жүздікпен санаңдар, әуелі 0-ден 1000-ға дейін және керісінше.

  • Ондықтармен санаңдар, 0-ден 100-ге дейін және кері.

Б). «Гиннестің рекордтар кітабынан» диктант.

1. Метрмен өрнекте. Ең биік құйынның биіктігі 1 км 528 м. Бұл құйын Австралияда болды. (1528м)

2. Метрмен өрнекте. Ең қалың мұздың қалыңдығы 4 км 776м. (4776м)

3. Минутпен өрнекте. Ең ұзақ көрінген кемпірқосақ аспанда 3 сағат тұрды. Ол Англияда болған еді. (180 мин)

4. Граммен өрнекте. Ең үлкен қызанақ Америкада өсірілді. Оның массасы 3 кг 51 г. ( 3051г)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

1. Есепті шығару алдында балалардан: «Баға деген не? Құн деген не? Саны мен құнын біле отырып, бағасын қалай табуға болады? Құны мен бағасын біле отырып, санын қалай табуға болады?» деп сұрау пайдалы.

А). Кесте бойынша есептер құрастыр, оларды шығар.( тек шешуін жаз).

1. 315 : 7 = 45(теңге)

2. 726 : 6 = 121 (теңге)

3. 432 : 9 = 48 (теңге)

Ә). Оқушылар өздігінен шығарады.

№ 2. Есептің шарты кестеге қысқаша жазылады.



1 қораптың массасы

Саны

Жалпы массасы

25 кг

20 кг


6 қорап

? қорап


?

? , 50 кг кем



1). 25 ∙ 6 = 150 (кг) – печенье

2). 150 – 50 = 100 (кг) – прәндік

3). 100 : 20 = 5 (қорап) – прәндік Ж: 5 қорап прәндік әкелінді

№ 2 (ә). Өздігінен шығару.



ҮІ. Сергіту сәті.

  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз.

(қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)

ҮІІ .Түсінгендерін тексеру:

1). Жұптық жұмыс. № 4 Периметрі белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін болатын нұсқаларын жаз.



Периметрі

420 мм

64 м

46 м

Ұзындығы

100 мм

15 м

10 м

Ені

110 мм

17м

13 м

2). Өздік жұмыс. № 5. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

4 ғ. 25 ж. = 425 ж. 4 ц 9 кг = 409 кг 7ц 20кг = 720 кг т.с.с.

3). Топтық жұмыс. № 6. Бос орынға төменде берілген сандарды кезегімен жаза отырып, өрнектер құрастыр. Олардың мәнін тап.


  1. 64 + 126 = 458 + 122 + 126 = 458 + 52 + 126 = 458 + 134 + 126 =

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: -Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?

  • Нені үйрендіңдер? Шығармашылық жұмыс. № 7, 8.

Үйге тапсырма: № 3 ; 14 бет. Бағалау
7. Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты: оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік, дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Әдісі: іздену- ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.

Көрнекілігі: оқулық, ережелер, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру).

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІҮ. Сабақтың тақырыбымен жұмыс. Кіріспе:

  1. Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет қанша тұрады? (60)

  2. Бақтиярдың 100 теңгесі болды. Ол 55 теңгеге журнал сатып алды. Бақтиярда қанша теңге қалды? (45)

  3. Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда қанша бет кем? (75)

  4. Марат 65 теңгеге альбом және 70 теңгеге қарындаш сатып алды. Марат барлығы неше ақша жұмсады? (135)

  5. № 2. Ауызша орындау. 15 ∙ 9 = 135 (доп) 25 ∙ 3 = 75 (қуыршақ)

№ 3. Есептің шартын сұрақпен толықтыр және оны шығар. Оқушының түсіндіріп шығаруы:




1 бұйымға жұмсалған мата

Бұйымның саны

Жалпы жұмсалған мата

Костюмдер

Көйлектер



? м неше м артық?

? м


40

80


240 м

320 м


Шешуі: 240 : 40 – 320 : 80 = 2 (м)

№ 4. Жұптық жұмыс. Ш: (550 + 450) : 50 = 1000 : 50 = 20 (м)

№ 5. Жеке жұмыс. Шешуі төмендегідей болатын есептер құрастыр.

а). 21 ∙ 3 = 63 (тг. бояғыш); ә). 17 ∙ 6 = 102 (тг. карандаш);

б). 21∙ 3 + 17 ∙ 6 = 165 (тг. барлығы) в). 17 ∙ 6 – 21 ∙ 3 = 39 (тг. Артық)

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:

№ 6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

А). см және мм-ге; 909 мм = 90 см 9 мм 120мм = 12 см 1000мм = 100 см

105 мм = 10 см 5 мм 100 мм = 10см 20мм = 2см

Ә).дм, см және мм –ге. 909 мм = 9дм 9 мм 120 мм = 1дм 2см 105мм =1дм 5мм


  1. Шығармашылық жұмыс. № 8.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 7 . Бағалау.

8.Тақырыбы: Өткенді қайталау. № 1 ө.ж.



Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау; қосу, азайту, көбейту және бөлуді орындау; теңдеулерді және есептерді шығару; геометриялық фигураларды сызу және тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет