Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары



бет7/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#5902
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ІІІ. Білімдерін тексеру 1.Панно деген не? 2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.

ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен «Құс» панносын тігеміз. «Құс» панносын қолдан тігіп сыйға тартуға немесе ине шаншитын жастықша ретінде пайдалануға болады. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1. Құс панносының қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға құстың кеудесін қарындашпен сызып, қиып аламыз.

2. Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.

3. Матадан құстың қанатын қиып алып, кеудесіне желімдейміз. Қызыл түсті матадан айдарын дайындап, құстың басына желімдейміз не тігеміз.

4.Ал қосымша бөлшектерін суреттегідей етіп жапсырамыз.

5. Көзіне түйме, ал кеудесіне іліп қою үшін бау тігеміз.



Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
12. Тақырыбы: «Ат» ойыншығын жасау.

Мақсаты : Оқушыларға «Ат» ойыншығын жасауды үйрету. Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: ат панносы.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, мата, мақта (синтепон), ине, жіп, қайшы, оймақ.

Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.1.Тігістің қандай түрлері бар?

2. Тігіс тізбегі қандай қашықтықта болу керек?



ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен Ат ойыншығын жасаймыз. Ол үшін 1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.

2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.

3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.

4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.

ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Панно жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар ?

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
13. Тақырыбы: Әшекейлі бет орамалдар.

Мақсаты: Оқушыларды бет орамалдардың түрлерімен таныстыру. Оларды әшекейлеуге үйрету. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, қол икемін дамыту.

Әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі: аралас сабақӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: әр түрлі әшекейленген бет орамалдар.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бет орамал – тазалықтың кепілі. Ол әрқашан өзіңмен бірге жүруі тиіс. Бет орамалдың көлемі әр түрлі, ол балаларға, ересектерге арналып тігіледі. Өздеріңе ұнамды матадан бет орамал тігіп, өрнектеп алуларыңа болады. Ол үшін бір түсті үш бөлек шаршы мата алып, жиектерінен бір жіпті суырып, орамал шетін түзулеңдер. Суырылған жіп ізімен қиыңдар. Үш орамалды үш түрлі тор көзді, кестелі, мережкалы өрнектермен көркемдеуге дайындаңдар.Сергіту сәті



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту. 2. Практикалық жұмыс. Орамалды өрнектермен көркемдеу. 3.Техника қауіпсіздігін сақтау.



V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бет орамалды әшекейлеудің қандай түрлерін үйрендік ? Мережкалы кеестені қандай бұйымнан кездестірдің?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
14. Тақырыбы: «Күнбағыс панносы.

Мақсаты: Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: дайын панно. Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: сары, жасыл, ашық жасыл және қара түсті тоқыма жібі, қатырма қағаз, ПВА желімі, қайшы, қарындаш.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Күнбағыс – ірі жапырақты, сары гүлді, дәні майлы өсімдік. Одан өсімдік майын, шекілдеуік алады. Күнбағысты көз алдымызға елестете отырып, өз бетімізше жасап көрейік.Сергіту сәті



IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап.

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.

2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.

3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.

4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.

5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.



V.Бекіту кезеңі.Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Күнбағыс қай жерлерде өседі? Одан қандай шикізаттар алынады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет