Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктер: слайд, кесте, сұрақтар жазылған парақшалар, қызықты грамматикалық тапсырмалар



Дата04.08.2017
өлшемі91,72 Kb.
#22786
түріСабақ
Қазақ тілі 3 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Г.Т.

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»КММ
Тақырыбы: Есептік және реттік сан есімдер

Мақсаты: Есептік және реттік сан есім туралы алған білімдерін бекіту.

Міндеттері: оқушылардың сан есім туралы білік, білімдерін пысықтай отырып, түсініктерін молайту. танымдылық тапсырмалар арқылы ақыл - ой қызметтерінің белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: слайд, кесте, сұрақтар жазылған парақшалар, қызықты грамматикалық тапсырмалар.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау оқулықпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,өзін - өзі тану, математика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа әзірлеу,оқу құрал-жабдықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру 15- жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.

1.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

2.Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

3.Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

4.Жүз кісінің түсін білгенше, жүз кісінің атын біл

«Ой қозғау»  Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? (Қандай?)


Сөз таптары
Біз осылардың ішінде қайсысын өттік?(Зат есім, Етістік, Сын есім)

1.Зат есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

2.Етістік дегеніміз не, қандай сұаққа жауап береді?

3.Сын есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

4.Сан есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

5. Сан есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді? (есептік және реттік)

Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді:
1. Есептік сан есім
2. Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім
5. Топтау сан есім
6. Бөлшектік сан есім

Сан есімнің қалған түрлерімен алдағы уақытта танысатын боламыз.


6. Есептік сан есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

7. Реттік сан есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

Реттік сан есім жұрнақтарын ата, мысал келтір.( Реттік сан есім есептік сан есімге –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.)

Есте сақта:
Есептік сан есім заттың нақты санын білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді: алты қалам, он дәптер, екі кітап.

Реттік сан есім заттардың саналу ретін білдіреді. Нешінші? деген сұраққа жауап береді.


Дауысты дыбыстарға аяқталған сан есімдерге –ншы, -нші, дауыссыз дыбыстарға аяқталған сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнақтары жалғанады.


Кесте бойынша ауызша білімдерін бекіту

Есептік

Реттік







Алты , тоғыз, сегізінші, он, он бесінші,жиырма, жиырма бес, жиырма сегізінші, отызыншы, елу, алпыс бесінші, жүз, тоқсаныншы.

Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу Ққ он алты, жиырма бес



  1. желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 25 жыл

І. Оқулықпен жұмыс 22- жаттығу (ауызша) Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?

Бесінші бөлме, жетінші пәтер , тоғызыншы бет, он төртінші қатар, екінші касса, сегізінші қайық

Тақтамен жұмыс
23 - жаттығу
Көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің астын - бір, реттік сан есімнің астын - екі сыз.
Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ, жеті кітап.

ІІ. Өзіндік жұмыс.Парақшалар арқылы деңгейлік тапсырма орындау.(А,В,С)

«А» деңгейі - Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.
К+3+ІК=КҮШІК
ЖЕЛ+90=ЖЕЛТОҚСАН

1+ҚАЗАН=БІРҚАЗАН
6+БАҚАН=АЛТЫБАҚАН

« В» деңгейі -Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қой
1. Бір жылда... ай,... мезгіл бар.
2. Қаңтар - жылдың... айы.
3. Бір тәулікте... сағат бар.
5. Аптаның... күні – сәрсенбі,... күні – жексенбі.
«С» деңгейі - Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр

Бір қатар __________ қатар


Үш орын ____________ орын
Тоғыз мектеп ___________ мектеп
Алты сынып _______________ сынып


Сергіту сәті 1,2,3 кәне алып күш

Отан қорғау жолында,

Сенде алға түс!

ІІІ. Шығармашылық тапсырма «Киелі сандар»

3, 5, 7, 9, 12, 40.

ІV . Тіл дамыту « Анаграмманы шеш»

Бірінші сөз - ... .

(Көрсете тұр сәл сабыр.)

Табылса ол,

Табылады аңшыдан.

Екінші сөз - ... –

Жердің өркеш биігі,

Мұнда бар ғой

Жолдың ауыр, қиыны.

Қос жұмбақ сөз

Сөз құраса бірігіп,

«Бізге бер!» - деп

Аспаз келер жүгіріп.

(Есентай Ерботин)

*Сан есімді тап. Бұлар қандай сан есімдер? Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады ?



V. Диктант. (24-жаттығу)

Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды. Ұзын саны 70 - тен аспайды. Басты жаулары - өздерінің сарғыш тұқымдастары.


МҰҒ: Бұл сөйлемдерде сан есімнің жазылуына мән беру керек. Сан есім цифрмен жазылған кезде сөздер бөлек жазылады. Сызықша қойылмайды. Ал егерде жалғау жалғанса цифрден кейін міндетті түрде сызықша қоямыз.

Оқушылар бірін-бірі оқулық арқылы тексереді.



VІ. Ребус шешу. (28 жаттығу)

Рефлексия
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?


VІІ. Үйге тапсырма: . 25 - жаттығу. Сурет бойынша шығарма жазу
Бағалау.

Қосымша тапсырма:

26 -жаттығу

Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.
1 топ--------------------2 топ----------------- 3 топ
Бір і ---------------------екі сі-------------------үш і
Алты сы----------------он ы -------------------бес і
Бірінші лер----------екінші лер--------- үшінші лер
Алтыншы лар------оныншы лар---- --тоғызыншы лар


«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп – интернат» КММ

Қазақ тілі 3сынып

Ашық сабақ

Тақырыбы: Есептік және реттік сан есімдер

Бастауыш сынып мұғалімі:

Искакова Г.Т.

2015-2016 оқу жылы

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.
К+3+ІК=
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.


К+3+ІК= -----------------------------
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.


ЖЕЛ+90=----------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.


1+ҚАЗАН =---------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.


6+БАҚАН----------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1 Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қой


1. Бір жылда...------------------------------------ ай,... ------------------------------мезгіл бар.


2 Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қой


2. Қаңтар - жылдың.---------------------------------------.. айы.

3 Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қой


3. Бір тәулікте.--------------------------------------------------.. сағат бар.


4 Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қой


5. Аптаның.----------------- - -.. күні – сәрсенбі,-----------------... күні – жексенбі.


1 Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр

Бір қатар __________ қатар


2 Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр

Үш орын _______________________ орын


3 Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр

Тоғыз мектеп ______________________мектеп


4 Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр

Алты сынып ______________________ сынып

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет