Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ



Дата28.11.2016
өлшемі34,55 Kb.
#2759
түріСабақ
Күні:

Тақырыбы: Жылқы Сәбит Мұқанов

Мақсаты:

Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету және автордың өмірбаяны, шығармалары жайлы түсінік беру. Сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: суреттер, кесте

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, іздену, түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, «ДЖИК СО» стратегиясы, «Sinkuein» стратегиясы, «Ыстық орындық» әдісі, «Топтастыру» стратегиясы, «Бағдаршам» әдісі

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жарық түнде жайлауда Әбділда Тәжібаев

ІІІ. Өткенді қорыту:

«Ыстық орындық» әдісі

Автор бұл өлең жолдарын неліктен қайталап отыр деп ойлайсың? Әбділда Тәжібаев қай жылдары өмір сүрген?



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру:

«Топтастыру» стратегиясы

Кімнің ойы жүйрік?

1. Төрт түліктің ішіндегі ең әдемісі не?

2. Батырлардың серігі қалай аталады?

3. Ер қанаты – ---------------------

4. Қымыз ненің сүтінен дайындалады?



Сәбит Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері. Оның «Өмір мектебі»,»Ботакөз»,»Ақ аю»,»Балуан Шолақ» т. б. көптеген шығармалары бар. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.

Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін түсіндіру.

Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді Джиксо – ұжымдық оқыту әдісімен оқу.

Іштей, тізбектей, түсініп оқу.

Сергіту сәті



ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Сөздікпен жұмыс: Қосшөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма? 2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.


Жылқының пайдасы

Дәлел

  1. Еті

Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.

  1. Қымызы

Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.

  1. Терісі

Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.

Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз.



1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).

ҮІІ. Бекіту кезеңі:

Өлеңнің ұйқасын тап

................................ құндызым,

................................ шабады.

................................ жұлдызым,

................................ қағады.

«Ой қозғау» сұрақтармен жұмыс

Жылқы қандай мал? Оның адамға қандай пайдасы бар? Өзің жылқы бағып көрдің бе?

Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір. Жылқының тағы қандай пайдасы бар ?

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты түсінгендерін анықтау.

Ойынның шарты: Егер оқушылар сабақты жақсы түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді, түсінген, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді, түсінгені шала болса қызыл түсті көтереді.



ІХ. Қорытынды: Бүгін не білдік? Не үйрендік? Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

Х.Үйге тапсырма: 198-199 бет түсініп оқу, мазмұндау

ХІ. Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 07f4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07f4 -> Күні: 19. 04. 14 ж. Пәні: Биология 6ә Тақырыбы
07f4 -> Дайындаған: Каракулова С. А. Күні : 08. 04. 2015ж Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет