Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын оқыту сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, топтық жұмыс



бет7/7
Дата18.02.2017
өлшемі2,69 Mb.
#9806
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Инфляция түсінігі 1861 -1865 жж. азаматтық соғыс кезінде пайда болды. Алайда инфляция құбылысы айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда пайда болған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік кезде қазынадан қайта айналымға түседі. Осылайша ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, толымсыз ақша көрсеткіштерінде міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономикамен қоғамға шын қауіп қатер төндіреді. Сонымен инфляция айналым шеңберін тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақша жиынымен толтыруды, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне соқтыратын әлеуметтік экономикалық феномен. Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қоса ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл қаліне байланысты болып келеді. Инфляция дегеніміз ақшаның құнсыздануы.

ІІ. Қазақстанның ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, ұлттық банк жасаған. Ал қазіргі қолданылып жүрген жаңа ақшамызда, әрбір купюрда «Астана Бәйтерек» монументінің бейнесі, мемлекеттік әнұранның нотасынан үзінді, елтаңба байрақ бар. Купюрдың сыртқы жақ бетіндегі алақан бейнесі, ол сенім мен адалдықтың, ақиқаттың символы. Жаңа ақша белгілері ескі үлгіден тек көлемі (биіктігінен 4 мм және ені жағынан 3 мм артық) жағынан ғана емес, түрлі түсті бояулы болғандығымен ерекшеленеді. Мысалы, екі жүз теңгелікте қызғылт сары жасыл түс басым; бес жүз теңгеде көк сұрғылт; бір мың теңгеде сары қоңыр түс; екі мың теңгелік жасыл реңді болып келсе, бес мың теңге қоңыр қызыл, он мың теңгелікте жұмбақтау келген күлгін түсті рең басым.

Жаңа купюрлардың түсті көшіруден қорғалу деңгейі жоғары, ал екі, бес, он мың теңгелік наминалды банкноттарды шетін бүккен мезгілде түстерін өзгертеді. Сериялық нөмірлері және ақшаның өзі фосфоресиялды қара бояумен басылып шығарылады.



ІІІ. Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады.

Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктерімен байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.

Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:

Ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;

Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етед және тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;

Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.


Ақша дегеніміз жалпыға бірдей балама (эквивалент) ретінде бір қолдан екінші қолға ауысып жүретін айналыс және төлем құралы.
Ақша тарихта
Әрине, үйреншікті заттардың тарихын білген әрқашан қызық.Ал ақшаның және ақша жүйесінің тарихы өзіне ғана тән фактілерді емес, елдің, халықтың, экономиканың тарихы қамтиды. Ақша тарихы -өмірдің өзінің ең айқын, ең дәл және сабақ беретін көрсеткіші.

Шығармашылық жұмыс (Ақша тарихы туралы)

Әр топ қысқа өз ойларын ортаға шығып айтады
Бірінші «Құн өлшемі» тобы Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер ( тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде ХУІІІ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның негізін салушы- Вена нумизматигі И.Х.Эккель

Екінші «Айналыс құралы» тобына: Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпы бірдей балама ролі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрлері ақша пайда болды.

Үшінші «Төлем құралы» тобына: Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихы дамуы нәтижесінде пайда болады. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі еінші еңбек өніміне тікелей айырбастайды. Айырбастың өзі ерте заманда шықты, әуелгі кезде кездейсоқ сипатта болды. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.

ІІ. Теңге Қазақстанда (2 слайд)
Теңгенің ензілуімен Қазақстан толық мағнасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары (елтаңбасы, туы, әнұраны, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды.

Бірінші «Құн өлшемі» 1. Қандай валюта, қай жылы, қай айда енгізілді, қай қалада шығарылды?

Жауабы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айырықша белгісі-ұдттық валюта. Ол-Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланатын заңды төлем құралы.

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасының Президетінің 1993 жылғы 12 қарашасындағы жарлығымен 1993 жылы 15-қараша күні таңертеңі сағат 8-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.



Екінші «Айналыс құралы» тобына: 1.Ұлттық теңгеміз қалай безендірілді, қаншаға жуық құпиясы бар, дизайн жасаушы кім?

Жауабы: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген.Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.Екінші бетінде оюөрнектер, табиғат көрністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы,белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы, авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.

Үшінші «Төлем құралы» тобына: 1.Ұлттық валютамыздың бар болу себебі?

Жауабы: Теңге-біздің дербес ел болғандығымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу-барлық байлыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта –еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.


  1. Теңге әдебиетте

2008 жылы теңгенің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Ұлттық банкінің тқрағасы Әнуар Сәйденов «Қазіргі кезде балаларға арналған қазақша кітаптар жетіспаейді, таралымы да аз. Сол балараға ақша туралы алғашқы әліппелік түсінік беретін кітапша шығартсақ» деген тұжырымға келген екен.

1.Соның негізінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Оразқын Асқар ағамыздың авторлығымен «Ақша туралы ақихат» деген көркем кітап «Мектеп» баспасынан жарық көрген.

2.Мақыш С.Б. «Ақша айналысы несие», 2005ж

Ақша қаржы жүйесінде

Жүргізуші:ҚР-да ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін «Қазақстан Ұлттық банкі» жүзеге асырады.

1.Жаңа үлгідегі әзерлеуге шығаруда төрт ғасырларлық тарихи бар Ұлыбритания елінің «Харрисон және оның ұлдары» атты банкнот фабрикасы таңдалды.

2.Алматыда 1995 сәуірде Ұлттық Банкінің банкнот фабрикасы ашылды

1.оқушысы: «Қазақстан Ұлттық банкі» банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24 гр, 34 гр т.б. әр түрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.

Ақша психологияда

Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным –түсінік, наным-сенім, ырымдар бар.

Бір қатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көргенімен, оның сезімталдық қасиеті бар.Әрине бұл қиял-ғажайып ертегіге ұқсайды.Алайда бизнес сабақтарын жүргізуші көптеген мамандар ақшаның физикалық дене еместігін дәлелдеп, оның бойынды қызбалық, дене еместігін дәлелдеп, оның бойында қызбалық, сезімталдық қасиеттердің барын айтады. Олар «Қағаз купюра мен металл тиындар қздерін қадірлеп,қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді».Әдемі де сәнді әмиянға салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден кқріңіз» дейді. Өте қызық болжамдар. Ендеше бұл жөніндегі ата-аналар пікіріне түрейік.

1.оқушы:Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теігені құрамай, қанша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен.Жоқ десең жоғала бересің.

2.оқушы:Жасыратын жоқ, біреудің ақша жинауы бізге оның сараң, қанағатсыз, қайырымы жоқ кейіпте елестейді. «Ар-намысы таза адамдардың ақшасы аз болады» деп те ойлайсыз. Ақша қасиетін зерттеушілердің ақыл-кеңесі: біздің басымызда мқндай ой, пікір болмауы тиіс.

3-оқушы. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинаңыз.Ақшаны қара дүниеге деп жинамыңыз.

4-оқушы. Ақша үлкен қуат көзі болғандықтан әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз,әмияныңызды сыртынап сипап оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естеп шығармаңыз.

5-оқушы. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды.Себебі ақша да табиғаттың құрлым бөлшектері сияқты таңертең оянып,түнде ұйықтайды.

А қ ш а ғ а б ә р і н с а т ы п а л у ғ а б о л м а й д ы

Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанмен оның билігі жүрмейтін жерлер,ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп.

Мысалы,денсаулық. Тәтілерден ақша үнемдесеңде де ішер асыңа үнемдеме, әдемі киімге үнемдесең де жақсы кітаптан ақша аяма. Естеріңде болсын: ақшаға көтеріңкі көңіл-күйді,жақындарыңның сыйластығын, махаббатты сатып ала алмайсың. «Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас».

Рас, қазір біздің қоғамда ақшасын қомақты еткісі келетін жастар легі баршылық. Сендер де болашақта іскер, кәсіпкер болсаңдар ақшаның күші мен құдіретін білдіретін жеті ережені есте ұстаңдар.



  1. Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді.

  2. Ақша туралы арам ой да зиян.

  3. Алаға қолым береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.

  4. Қайырымдылықпен айналысыңыз, шығынның қайтарымы мол болады.

  5. Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз, Алғысының күші ақша болып қайтады..

  6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.

  7. Фәнидегі басты паызың-қайырым, садақа. Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласың.

Ақша философияда (6-слайд)

Американың бизнестегі жеетекші философия Джим Ронның адамның іскерлік қабілеті мен жеке басының қасиеттерін өзгертудің, дамытудың негізгі шарттарымен шұғылданғанына 30 жылдан астам уақыт болыпты.

Джим Рон басқа адамдарды оқыту мен жігерлендірудің өзіндік эталоны бола біледі. Оны тыңдаған немесе кітаптарын оқыған адамның арманы асқақтап ерекше күйге бөлінеді екен. Ол кісінің айтуы бойынша: «Сіздің ақша жайыңызды айқындайтын экономика емес; шешуші жағдай-өзіңіздің өмірге көзқарасыңыз».

Біреудең жоспарын көшіріп алмаңыз. Өзіңіздің даналығыңыздың дамытыңыз, ол сізді жаңалық пен ерекшелікке жетелейді.



1-оқушы: Даналық ілім (философия)- өзіңіздің нені бағалы деп есептейтініңіздің және нені білетініңіздің жалпы жиынтығы.

2-оқушы:Кедейшілік сіз «Аз істеп көп алсам» деген сәттен басталды.

3-оқушы: Егер қателігімді түзеймін десеңіз, онда көзқарасыңызды өзгертуден бастаңыз.

4-оқушы:Сіздің жеке даналық іліміңіз (философия)- тағдырыңыздың қалыптасуының шешуші кілті.

У. Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау.

«Сәйкестендір» кестесін толтырту. Оқушылар кестедегі валюталардың қай елдікі екендігін тауып сәйкестендіре сызады.

Сәйкестендір кестесі


Елдер


Валюта аты

Қазақстан

Юань

Англия

Франк

Түркия

теңге

Франция

лат

Қытай

Сом

Өзбекстан

лир

Латвия

евро


«Дұрыс па, бұрыс па?» тесті

Берілетін сұрақтар

Дұрыс

Бұрыс

Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді?




+

Ақша – халық қазынасы

+




Теңгенің 6 құпия, қорғаныс белгісі бар?




+

Ұлттық теңге – дербес ел болғанымыздың белгісі

+




Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков




+

Тиыннан теңге құралады?

+




Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енгізілді




+

Бүгінгі тақырыбымыз бойынша он тест сұрақтарын таратамын. Жауабын табуға екі минут уақыт. Жауабын айтарда әр топтан бір студент қолдарындағы вариант жазылған таяқшаны көтеру керек.


V. Тест сұрақтары:

  1. Ақша дегеніміз не?

А) жалпыға бірдей балама.

Ә) тауардың бағасы

Б) тауар бағасының ақшалай нысаны

В) айырбас құны

Г) дұрыс жауабы жоқ

2. Ақшаның формалары қандай?

А) күміс, монета

Ә) қағаз ақша , несиелік

Б) вексель, чек, банкнота

В) а+ ә

Г) депозит, банкнота, монета



3. Заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

А) қағаз ақша

Ә) несиелік ақша

Б) метал ақша

В) монета

Г) дұрыс жауабы жоқ



4. Инфляция дегеніміз не?

А) ақшаның айналымы

Ә) ақшаның құнсыздануы

Б) ақшаның қорғанысы

В) ақша бағасы

Г) барлық жауап дұрыс



5. Теңге қай жылы енгізілді?

А) 1995


Ә) 1997

Б) 1993


В) 1991

Г) 1982


6. Ақша деген ұғым латынның қай сөзінен шыққан?

А) рупия


Ә) купия

Б) пекуня

В) лупия

Г) дұрыс жауабы жоқ



7. Қағаз ақша қандай қызмет атқарады?

А) айналым құралы және төлем құралы

Ә) банкнот құралы және вексель құралы

Б) айналым және банкнота

В) вексель және чек

Г) барлық жауап дұрыс



8. Инфляция түсінігі азамат соғысы кезінде қай жылдары пайда болды?

А) 1861-1865

Ә) 1864-1688

Б) 1878-1888

В) 1873-1865

Г) 1973-1983



9. Қазіргі қолданыста жүрген купюрдің сыртқа жақ бетінде ненің бейнесі бар?

А) алақан бейнесі

Ә) елтаңба бейнесі

Б) астана бейнесі

В) бәйтерек бейнесі

Г) дұрыс жауабы жоқ



10. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ – ІІІ ғ. Мыс монета қай елде пайда болған?

А) Америкада

Ә) Австралияда

Б) Римде


В) Францияда

Г) барлық жауап дұрыс.


VI. Студенттерді біліміне қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: «Экономикалық теория негіздері» Осипова 38-40 беттер. Нарықтық экономика негіздері. Б.Жүнісов., Ұ.Мәмбетов., Ұ. Байжомартов. Интернет сайдтары
Каталог: uploads -> doc -> 0cce
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cce -> І. кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім: «Оқушылардың сөздік қорын молайту»
0cce -> Сабақтың тақырыбы: §42. Электр тогының жұмысы мен қуаты Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет