Сабақтың түрі: Бинарлы сабақ (Математика+физика)



бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі423,67 Kb.
түріСабақ
  1   2
Құдайназарова Гүлнара Үсенқызы,

Түркістан медицина колледжінің математика пәнінің оқытушысы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Анықталған интегралдың көмегімен фигуралардың аудандарын табу. Ньютон-Лейбниц формуласы


Сабақтың түрі: Бинарлы сабақ (Математика+физика)

Бинарлы сабақ – пәнаралық байланысты көрсететін, бірнеше мұғалім жүргізетін дәстүрлі емес сабақ түрі. Бинарлық оқыту бұл оқу процесінде танымдық қызметті ұйымдастырады және тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Бинарлы сабақ студенттердің бір пәнді екінші пәндермен білімін толықтырып отырады.

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау –

Біз бүгінгі сабағымызды сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, ортақ пікір, тиянақты тұжырым жасауға үйрету, өзгелердің пікірін тыңдау, ізденіп, шешім қабылдау мақсатында сабақты интерактивті түрде өтемін. Ол үшін топты 3 топшаға бөлемін. Топшаларға білім деңгейі, белсенділігі әртүрлі студенттерді біріктіремін. Олар бірінің білімін екіншісі толықтырып, бір-бірін тартып жеңіске жетуге әрекеттенеді. Сабақта математика мен физиканың байланысын ашып қөрсету үшін сабақ бинарлы түрде өтеді. (топтарды топшаларға бөлу үшін қағазы 3 түсті конфеттер таратылады)

1 топ - Функция тобы (сырты жасыл конфет таңдағандар)

2 топ – Алғашқы функция тобы (сырты қызыл конфет таңдағандар)

3 топ – Интеграл тобы (сырты көк конфет таңдағандар).

Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеру кезеңіндегі тапсырмалар былай аталады: Білімге құштар жастар болғандықтан «Бәрін білгім келеді» сұрақ-жауап деп, «Өзіңді сына» кезеңі үйге берілген есептер. Келесі кезең, 2 – жаңа тақырыпты түсіндіру, 3-кезең – пысықтау кезеңінде сайыс сабағын ары қарай жалғастырамыз: «Көкпар», «Кім жүйрік, кім тапқыр», «Кім жылдам» турларынан тұрады. Сабақтың соңында сабақ жайлы пікірлеріңізді смайликтерді таңдау түрінде білдіресіздер.

Сабақтың педагогикалық мақсаты:


  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Кәсіби бағдар беру, ғылыми жобалау, дамыта оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Студенттерге тақырыптың басқа пәндермен байланысын көрсету, пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Ұжымдық жұмыс этикасын дамыту;

  • Мамандығына деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:



  • Білімді қалыптастыру, студенттерді интегралдан хабардар етіп қана қоймай, интегралдың қасиеттерін білу, формулаларын, алған білімдерін есеп шығару барысында дұрыс қолдануға үйрету.

  • Студенттерді математикалық тілде сөйлеуге үйрету, өзбетінше жұмысына сараптама жүргізіп үйрету.

Дамытушылық:



  • Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізсізін ажырата білу, керек формулаларды дұрыс қолдана білуге машықтандыру, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту.

  • Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін, алғырлығын, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:



  • Адамгершілік, патриоттық тәрбие беру

  • еңбекке баулу

  • мамандыққа бағдарлау.

Студент білуі керек:



  • Анықталған интегралдың көмегімен фигуралардың аудандарын табуды

  • жоғарғы және төменгі шектерді ажыратуды, оларды формулада орындарына қоюды

  • Ньютон- Лейбниц формуласын қолданып есеп шығаруды.

Студент істей алуы керек:



Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

- Дамыта оқыту;

- интерактивті технология;

- интеграциялық технология;

- Деңгейлеп оқыту;

- Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиясы;

-Кәсіптік бағдар беру технологиясы.

Берілген әдістерді іске асыру әдістері:

Интерактивті тақтамен жұмыс, жазбаша жұмыс, проблемалық жағдай туғызу, жаттығу, пысықтау, сараптау, саралау, оқулықпен жұмыс, жаттығу, түсіндіру, көрсету, өз бетімен жұмыс орындау, ой шақыру, есеп шығару, жекелей және топпен жұмыс.

Сабақ жоспары мен хронокартасы






Мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау

3 мин

3

Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау «Бәрін білгім келеді» (ауызша сұрау), «Өзіңді сына» (есеп шығару)

20 мин

4

Студенттердін жауаптарына сипаттама беріп бағалау

5 мин

5

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру

20 мин

6

Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімін пысықтау: «Көкпар», «Кім жүйрік, кім тапқыр», «Кім жылдам» турларын қолдану

30-35 мин

7

Сабақты қортындылау

5 мин

8

Үйге тапсырма беру

5 мин

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:


    • формулалар;

    • слайдтар.

Үлестірме материалдар:



    • тест;

    • жұмыс дәптері;

    • деңгейлік есептер.

Техникалық оқу құралдары:



    • CD, DVD дискілер;

    • сүйық кристалды LCD теледидары;

    • интерактивті тақта, компьютер.


сабақ ұнады, жақсы түсіндім дегенді білдіреді.

- сабақ ұнады, түсіндім, әлі де түсінбеген жерлерім бар дегенді білдіреді.

- түсінбеген жерім көп.


Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет