Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, әңгімелесу,ойын, практикалық



Дата04.12.2016
өлшемі53,86 Kb.
#3184
түріСабақ
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі


Квант байқауы

Дайындаған физика пәні мұғалімі: Медеуова.А.Т

2013-2014 оқу жылы


Тақырыбы: « Квант » байқауы

Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу,ойын, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті, 4 плакат,сиқырлы кубик, формулалар жазылған қағаздар
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде, 
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып...
Жүргізуші: Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Жүргізуші: Әділ баға беретін,
Топ аралар сыншысы.
Әділ сыншы кәнекей,
Қарсалайық оқушы.

Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің « Квант » байқауына қош келдіңіздер»!



Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар –
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы 7-8-сынып оқушылары, төрт ойыншы қатысады. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Мәңгі – бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкір озар,
Сұрақтары қиын болсын.
Жүргізуші: 1 – ші сайыс.Ойнымыздың I – бөлімі « Білімділік » деп аталады.
Ойын шарты: сұрақ – жауап, әр ойыншыға 5 сұрақтан қойылады.
Бірінші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
Жүргізуші:

  1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )

  2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

  3. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)

  4. Ең кішкентай заряд? (электрон) 

  5. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв) 

Екінші ойыншыға қойылатын сұрақтар.

  1. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)

  2. Квант  теориясының негізін салушы кім? (Неміс ғалымы Макс Планк.)
    Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)

  3. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

  4. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)

Үшінші ойыншыға қойылатын сұрақтар:



  1. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)

  2. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)

  3. Планк тұрақтысының мәні неге тең? ( Һ=6,63  10-34   Дж\с.)
    Үдеуді қандай құралмен өлшейді? ( акселерометр)

  4. Дене импульсі дегеніміз не? ( Р=mv, механикалық қозғалыстың өлшеуіші болып саналатын векторлық физикалық шама ).

Төртінші ойыншыға қойылатын сұрақтар.

  1. Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)

  2. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)

  3. Квант қандай сөзден алынған? (Латынша – квантум – шама.)

  4. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )

  5. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ ) 




1 – жүргізуші: Кубикті лақтыр бағыңа,
Кездесті қандай формула.
Айтып жібер, ойлан тез,
Формула болды қандай кез.

Жүргізуші: Келесі сайыс « Сиқырлы кубик сайысы » 
Ойын шарты: Берілген кубикті латырып, ол кубикте берілген 1 – ден 6 – ға дейінгі  сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне түссе, онда сол санға сәйкес келетін номерленген қағазды алып ондағы берілген формуланы табамыз.
Кубикте берілген номерлерге сәйкес келетін формулалар:
  1. .Джоль – Ленц заңы: өткізгіштен ток өткенде онда бөлінетін жылу ток кушінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өту уақытына тура пропорционал.



  2. Fы=PcgVc Архимед күшінің формуласы
  3. . Сұйықтың қысымы тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты.



  4. A=F*s Жұмыстың формуласы

  5. . Серпімді деформацияның шамасы ( созылу және сығылу ) түсірілген күшке тура пропорционал.

1 – жүргізуші: Келесі сайысқа көшетін болсақ , келесі сайысымыз

« Шапшаңдық ». бұл сайыста оқушыларға бірдей мазмұнды есептер беріледі.



Есептің берілгені: 

  1. Автомашина 1500м жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.

  2. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 200г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?

Жүргізуші: Соңығы сайысымыз «Эссе жазу» Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша шағын эссе жазады.

  1. Жарықтың пайдасы туралы

  2. Жарықтың зияны туралы

  3. Теледидардың зияны туралы

  4. Теледидардың пайдасы туралы

Жүргізуші: Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің. –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахымет, мың рахымет!
Жүргізуші: Осмен біздің кештігіміз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет