Сабақтың түрі: Конференция сабақ Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап Барысы: І кіріспе бөлім



бет6/6
Дата12.01.2022
өлшемі32,11 Kb.
#129257
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зорлык донгелек устел
всс, Тақырып 5 Кәсіпорынның еңбек ақы саясаты (5), 5-КЛ ҚМЖ ЖАҢААААА[1]
Тәртіп орнат айдары.

  1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы

  2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

  4. Азамат – Г – Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.

  6. 6. Президент Е - Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны

(1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)



Сандар сыры айдары.

(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )

1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.

20- қараша - Дүниежүзілік балалар күні.

10- желтоқсан - адам құқығы күні.

10- желтоқсан 1948 жылы - Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.

20- қараша 1989- жылы - БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды.

8- маусым 1994- жылы - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30- тамыз 1995 жылы - Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Жансая: Сонымен, достар БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен.

Қорытынды бөлім.

Бала құқықтары туралы Конвенциядан...

  1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  3. Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  4. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы

  5. Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

  6. Бала денсаулығын сақтауға , емделуге құқылы.

  7. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?



Қатысушылар:

  1. Мен былай дегім келеді.

Әлемнің бір адамы ретінде

Ақ жүрегіммен сөз беремін.

Өзіме, жанымдағыларға

Күннің шуағын сыйлаймын



  1. Гүлдің нәзіктігін сыйлаймын

  2. Қараңғыны нұрландырамын

  3. Суықты жылытамын

  4. Егерде маған қиын жағдай болса да жасымаймын

  5. Әр күні өзімнің жан дүниемді таза ұстаймын

  6. Менің жүрегім әр күні қуанышқа толы болмақ

  7. Жүрегім махаббат пен мейірімге бөленеді

  8. Әрқашан жақсылық жасауға тырысамын

  9. Келер күннің шұғылалы боларына сенемін.

«Біз зорлық- зомбылыққа қарсымыз.»

Біз нені білдік? Сауалнамасымен аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет