Сабақтың түрі: пысықтау. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Айналаңа қуаныш сыйлай біл!



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі338,34 Kb.
#34779
түріСабақ
1   2

ІІ КЕЗЕҢ:

Ойланбастан басқасын,

Жазып қойма басқасын.

Керек сөзді таңдап жаз,

Уақыт берем сендерге.

Оқиық та, жаттайық,

Мақалдарды құрайық,-деп, «Шешен болсаң, сөйлеп көр» атты ІІ кезеңімізге кезек берейік. Бұл кезеңде әдебиеттік оқу пәні бойынша мақалдарды жалғастырады.Уақыт 5 минут.

«Мақалдың жалғасын тап».

1.Атаға қарап-...

Анаға қарап-...

2.Ананың көңілі балада,...

3.Ата-ананың қадірін ...

4.Атаның баласы болма ...

5.Баланың жақсысы қызық ...

6.Ұядан не көрсе,...

7.Қарағайға қарап.....

Отбасына қарап ....



ІІІ КЕЗЕҢ:

Ізденген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа, - дей келе, «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты ІІІ кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде қазақ тілі пәні бойынша сөзжұмбақ шешеді, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздер:Буын, жуан, жіңішке, қатаң, ұяң, үнді.

Сөзжұмбақтар:

а)1.Су патшасы.

2. Сылдырап ағады.

3. Бұзау енесі.

4. Ас атасы.



БУЫН сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ә) 1. Түнде ұшатын құс.

2. Қу, алдайтын аң.

3. Аю, қасқыр, түлкі,т.б. барлығын бір сөзбен не дейді?

4. Шырылдауық не?

5. Қыс көлігі.

6. Тікенекті жануар.

7. Жыл басынан құр қалған жануар.

ЖІҢІШКЕ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

б) 1. Ағаштың сәні не?

2. Түлкі мінезі.

3. Ақ жаулықты кім?

4. Үркек аң.



ЖУАН сөзіне дыбыстық талдау жаса.

в) 1. Түлкі досы.

2. Қорбаңдаған не?

3. Шаш тарайтын құрал.

4. Түн ұйқысын төрт бөлген.

5. Шық бермес Шығайбай.

ҚАТАҢ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

г) 1. Құс мекені.

2. Қорқақ аң.

3. Қасқыр, аю, түлкі, т.б. барлығын бір сөзбен қалай атайды?

ҰЯҢ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

д) 1.Үй құсы.

2. до, ре, ми... не деп аталады?

3. Футбол ойынының құралы.

4. Тышқан үйі.



ҮНДІ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІҮ КЕЗЕҢ:

Жыл мезгілін білейік,

Талдап, кәне, көрейік,- деп, «Ойлы болсаң, озып көр» атты ІҮ кезеңімізді бастаймыз. Мұнда «Кубизм» стратегиясы бойынша жыл мезгілдері туралы айтады.

І топ: Жыл мезгілдерін суреттеп айтады.

ІІ топ: Жыл мезгілдерін салыстырады.

ІІІ топ: Жыл мезгілдерін зерттейді.

ІҮ топ: Жыл мезгіліндегі іс-әрекетті айтады.

Ү топ: Жыл мезгілін көз алдына елестету.

ҮІ топ: Жыл мезгілдері туралы әңгімелеу.

Қорытынды.

Ал, сайыскер балалар,

Білімдеріңді сынадық.

Арадан «Жүзден жүйрікті»,

Іздеп бүгін табалық, - дей келе, әр топтың жүйрігін анықтау. Жеңімпаздар анықталып марапатталады.

Пәні: Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Төрт түлігім – ырысымның бірлігі».

Мақсаты:


  1. Төрт түлік туралы білім беру.

  2. Ата-бабамыздың малды қалай қастерлеп, баққаны туралы айтып, оқушылар-

дың ой-өрісін, тілін дамыту.

  1. Малды бағуға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

І сайыс түрі: Таныстыру.

1-жүргізуші:

Қой деген момын жануар,

Айта берсем таусылмас.

Қасиеті тағы бар,



«Қошақандар» тобын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Торпақтарым томпиған,

Көздері мөлдір монтиған.

Ортаға кел, кәнеки,



«Торпақтар» тобын ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Өскенде түйе боласың,

Қазір әлі ботасың.

Ортаға «Ботақан» тобын шақырамыз.



Екеуі:

Сайысты, кәне, бастайық,

Салғырттықты тастайық.

1-жүргізуші:

Көзге түсер кластың қай тобы,

Оны, әрине, шешетұғын

Бір топ кісі мамандар

Ол әділқазылар алқасы.

Әділқазылар сайланады.

ІІ сайыс: Төрт түлікке жеке-жеке сипаттама.

І топ: / оқушы/


  • Қой - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Сондықтан болар қазақ атамыз өсек-аяңы, қулық-сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп тегін айтпаған болу керек. Қой малы сонау ежел -ден – ақ халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде де осы қойдың құйрық майымен сылап, ішкізіп жатады.

ІІ топ: /оқушы/

  • Сиыр - Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар.

Біздің ішіп-жейтін тамағымыздың барлығы осы – сиыр малының өнімі. Мысалы,

құрт, ірімшік, айран, сүт, қатық сиырдан алынады.



ІІІ топ: / оқушы/

  • Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті –

шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе

ет, майы да мол, сапалы жүні бар.



ІҮ топ: / оқушы/

  • Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол

қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Өйткені, жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы-қарта, жал-жая негізгі тамақтар да жылқыдан алынады. Жылқы сауын малына жатады.

ІІІ сайыс түрі: «Кім жылдам?»

Қиылған төрт түлікті қайта құрастыру.

ІҮ сайыс түрі: Ән айту.

1-жүргізуші:

Келесі сайыс түрі ауысты,

Әншілерге осында

Берген екен дауысты.

Шақырамыз ортаға,

Әр топтан бір әншіні.



І топ: /оқушы/ : «Қошақан» әні.

ІІ топ: /оқушы/: «Анама» әні.

ІІІ топ: /оқушы/: «Әкеме» әні.

ІҮ топ: /оқушы/: «Достық» әні.

Ү сайыс түрі: «Жарнама».

І топ: Құрт.

Құрт деген ол арғы атасы ақтан болар,

Жарнамасын айта берсем дастан болар.

Аузыңа салып алып, ұртыңды бұртаңдатып,

Ойланып жатсаң бұл, денсаулыққа пайдасы бар.

С витамині бар, Д дегені тағы бар,

Сүйегіңді қатайтып, батыр қылар.

ІІ топ: Сүт.

Сүт, үйіңе келсе құт,

Ішсең ас, ұйытсаң айран.

Шайқасаң май,

Қатса, тәтті болар - шай.

Ішіп алып, терлеп-тепшіп,

Көңілің жай.

ІІІ топ: Шұбат.

Бар қызығы жарнаманың шұбатта,

Ішіп алып біраз айлап тұрақта.

Ауырған жерің басылып,

Тыныстарың ашылып,

Сарайыңды ашатын,

Сусыныңды басатын,

Бар қызығы шұбатта.



ІҮ топ: Қымыз.

Ішіп алсаң қымызды,

Тартқандайсың сыбызғы.

Қан жүгіріп, бой бойлап,

Кеткендейсің той тойлап.

Пай-пай, шіркін,

Денсаулыққа пайдасы –ай,

Дәрі ішкенмен сайма-май.



ҮІ сайыс түрі: «Білгенге маржан».

2-жүргізуші:

Туа салып не дейді?

Өсе келе не дейді?

Жасына қарап атын айт,

Дәлдеп-дәлдеп, қателеспей басып айт.

Ортаға 4 оқушы шығады.

І топ: Қой.


  • Қой малы жасына қарай былай аталады: қозы, көбеген, марқа, көрпеш,

тоқты, бағлан, тұсақ, көбей, кебе, ісек, азбай, ахауыз, қошқар, саулық, қой.

ІІ топ: Сиыр.

  • Сиыр малы жасына қарай былай аталады: бұзау, баспақ,т торпақ, тана,

тайынша, қашар, құнажын, дөнежан, сиыр, өгіз, бұқа.

ІІІ топ: Түйе.

  • Түйе малы жасына қарай былай аталады: бота, тайлақ, буыршын, інген,

атан, бура, түйе.

ІҮ топ: Жылқы.

  • Жылқы малы жасына қарай былай аталады: құлын, жабағы, тай, құнан,

байтал, дөнен, рулық, бесті, бие, ат, сәурік, жылқы.

1-жүргізуші:

Бишілер мен күйшіміз,

Өнер сүйер қауымға.

Таң қалдырар таланты,

Өнерлілеріміз тағы бар.

Би, ән орындалады.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

2-жүргізуші:

Осыменен сайысымыз болсын тәмәм,

Тақырыбы: төрт түлік мал тармақты.

Талай ойды қорғап, міне, талдатты.

Сөз береміз әділқазылар

Алқасына салмақты.



Жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.

Дамытушылығы: Оқушы ой-өрісін кеңейту,өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

Тәрбиелігі: Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ағаштарды күтіп баптауға үйрету.

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Жазушы суреті, Астана суреттері т.б.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

-Бүгін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз. Бас қаламыз- Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Ол үшін барлық тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек. Саяхатқа пойызбен шығамыз. Үй тапсырмасына жаксы жауап берсек, Хан шатырымен танысамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Әңгіме мазмұнын айту.

2. Сұрақтарға жауап беру:

1. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

2. Балалар қайда барды?

3.Боданның компасқа қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?

4.Бодан компасты не істеді?

3. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойын жазып келу.

«Егер мен Боданның орнында болсам......»

«Хан Шатыры» сауда ойын-сауық орталығы – атақты сәулетші Норман Фостердің қолымен жасалған кезекті өнер туындысы. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Жазушы жөнінде білетіндерін еске түсіру.

1924ж 13қазанда туған

Абай атындағы педагогикалық институт

Б. Соқпақбаев Мұғалім

Балалар жазушысы

«Менің атым-Қожа»,«Жекпе-жек» кітабы.



2. Жаңа сабақты түсіндіру Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
1. Мәтінді таныстырмас бұрын оқушыларға ағаш сөзін көрсеткенде ойларына не келетінін

топтастыру.


2. Ағаштар ашулана ма? Оқушы пікірін білу

3.Мәтін мазмұнымен оқушыларды таныстыру, мәнерлеп оқу.

1.Алмабектің ағаш отырғызуы.

2.Ағаштардың мұңға батуы.

3.Ормандағы оқиға.

4.Ағаштардың бой түзеуі.



«Думанның» океанариумы «мұхитарал» деп те аталады. Ол – мұхит атаулыдан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан бірден-бір океанариум. "Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан.. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.

4. Оқулықпен жұмыс

а) мәнерлеп оқыту

ә) тізбектей оқыту

б) мәтіннен кәрі еменнің сөзін тауып оқу



5. Дәптермен жұмыс

Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін жазып шығу:


Алмабектің айыбы


Нұр-Астана» мешітінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залы бар .Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. 2005 жылы ашылды.

6. Семантикалық кестемен жұмыс. «Ағаштар сыры»

Ағаштар аттары

Қайың

Бәйтерек

Емен

Терек

Жарықты жақсы көретін, тез өсетін,

Гүл шоғы сырға тәрізді, қабығы ақ, көрікті ағаш. Оның діңін құрылыс-қа, үй жиһаздарын жасауға пайдала-нады.















1000жылдан астам өмір сүре алады. Ағашы өте мықты. Сондықтан оларды үйлер мен кемелер салу үшін пайдаланған.













Әдейілеп адам қолымен отырғыз-ғандай түп-түзу болып биікке бойлап өседі













Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір өзі бір жазда 2000 литрге жуық суды жапырағы арқылы буландырады.













Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. 1-қабатта салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан.

7. Мақалды толықтырып жазу

1. ........ еңбегімен озады, (ер)

........ езілумен тозады. (еріншек)

2. ........ ертеңі бітпейді.



«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

ІV.Сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылау

1.Алмабектің жіберген кемшілігі неде?

2. Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?

3. Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

4. Егер Алмабек ағаштардан кеірім сұрамағанда не болар еді?

Сабақ қорытындылап болғаннан кейін, мектепке қайта оралу.



V.Үйге тапсырма: мәтін мазмұнын айту, жазушы шығармаларын талдап, салыстырып келу.

VІ.Бағалау


Ақтөбе қаласы № 29 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі



Жумекенова Шынар Шуреновна
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет