Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Мерекелік безендіру


Жүргізүші: Құрметті әділ қазылар алқасы баға қоюды ұмытпаңыздар Қапасов Алтайдың орындауында «Бол жанымда»



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі31,09 Kb.
#80005
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
алтын куз новый

Жүргізүші: Құрметті әділ қазылар алқасы баға қоюды ұмытпаңыздар


Қапасов Алтайдың орындауында «Бол жанымда» әні


Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін» тамашалайық.


Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы баға қоюды ұмытпаңыздар


Жүргізуші:
Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың өз өнерлерін көріп болсақ, келесі бөліміміз «Білгенге – маржан» Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру кезегіне берейік.
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - (Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.)
2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не? - (Жапырақ)
3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.
4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.- (Жеміс)
6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі – сары алтын
2. Еңбек етсең ерінбей – тояды қарының тіленбей
7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.
8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы бағаларын берсе.
Сіздердің құрметтеріңізге « Мәңгілік ел» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын : Серік Маденов

Жүргізуші: Келесі бөліміміз Күзгі вальс (Күзгі элегия)


Күзгі вальс - би билейді айнала
Күзгі вальс - әуеніне толғана
Күзгі вальс -ханшайыммен ханзада
Бұл вальс тек сіздерге арналған деп, ортаға жұбымыздың ханшайымдары мен ханзадаларын ортаға шақырамыз «Күзгі вальс биіне». Ал әділ – қазылар алқасы сіздер ерекше билеген ханшайыммен ханзадаға әділ бағаларыңызды берсеңіздер.


Жүргізуші:
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет