Сабақтың түрі: Театрланған сабақ Жоспар: Кіріспе Бәрі майдан үшін Көріністер: а Соғыс басталды



бет3/3
Дата23.08.2017
өлшемі3,99 Mb.
#25429
түріСабақ
1   2   3
Көрініс



Тылдағы қарттар мен аналардың, балалардың көрсеткен көмегін оқушылар көрініс арқфлф көрсетеді.

Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, счоның ішінде 2 ұлттық

атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскери түрлерінің 50-ге жуық полктері мен батальиондары құрылып, майданға аттанды. Кеңестік шығыс әйелдері арасында бірінші болып “Ленин ордені” және “Алтын жұлдыз” медалімен наградталған қазақ қыздары 100-ші атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова, 54-ші атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.

Соғыстың алғашқы айларында ауданның көптеген азаматтары майданға өз еріктерімен сұранып, бірқатары әскери комиссариаттың кезекті шақыруына орай қолдарына қару алды. Ол азаматтардың, әсіресе қазақ жастарының басым көпшілігі әскери қызметтен, қару –жарақ түрлерін хабарсыз болса да ел қорғауға қажеттілігін жүрегімен сезініп, майдан даласында да ерлік, өжетілік таныта білді.

1941-1945 жылдары тасқалаа ауданынан қан майданға 18-45 жас аралығындағы 6682 азамат осы “Шипиво” станциясынан аттанды. Жүздеген тасқалалық жауынгер ел шетіне басып кірген неміс фашистерін аластауға қатысқан ерліктері үшін өңірлеріне орден, медельдар тақты.

Ал осы Тасқала өңірінде түлеп ұшқан үш ұлан- садық Жақсығұлов, анатолий Скоробогатов, Алексей Чурилин Кеңестер Одағының батырлары, Семиглавый, Михайл Шамов қан майдандағы қаһармандық істері үшін жауынгерлік “Даңқ” орденінің толықө иегері атанды.

Қазір осы бейбіт заманда өмір сүріп келе жатқан Жақсығұлов Садық ата , Кенжешев Әли ата, Зайнуллина Рабиға әжелеріміз және тағы да 35 соғыс ардагерлерін Тасқала өңірінде үлкен де, кіші де жақсы біледі, қадір тұтады.

Арада қанша жыл, қаншама оқиғалар өтсе де елі ер ұландарын, олардың ерлік істерін ұмытқан жоқ.



Қазір оқушылардың көмегімен Кеңес Одағының батыры Садық атамыздың майданнан үйіне жазған хатын тыңдайық.



Көрініс

Жеңіс күні. Адамзат аңсап күткен күн, Жеңістің туын тіккен 1418 тәулікке созылып, азаттық күрестің айбынды күнін әкелген Жеңіс күні. Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Бұл оңайлықпен келген жоқ емес пе?

Жеңіс күні. Ол қалай келді? 1945 жылдың 30-шы сәуірінде рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов тіккен Жеңіс туы желбіреді. Жеңіс туын алғашқы болып қадаған әкелер ерлігін мақтана, шаттана, мерейлене айтамыз.

Жеңіс қымбатқа түсті. Еліміздің 1710 қаласы күл-талқан болды. 70 мыңнан астам қала мен ауылды өртеп жіберді. 1 миллион 135 мың шахтаны су астына тқалдырды. 65 мың темір жол торабын бұзып, істен шығарды. Ауыл шаруашылығында 36,8 мың гектар жер бүлінді. 20 миллионға жуық адамнан айырылдық .

Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы-баладан, баланы-анадан айыратын сұм соғысқа жол жоқ.

1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мыңдаған зеңбіректерден 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келді.



Көрініс

Оқушылардың көмегімен Жеңіс күнін қарсы алу көрінісінен үзінді көрсетіледі.

  1. Қорытынды

Мұғалім: Соғыс үмітсіз жесірлік пен балалардың жетімдігін әкелді. Фашистердің істеген қылмысын Кеңес адамдары ешқашан ұмытпайды.

Соғыстан кейін бірнеше қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіштер орнатылды. Біз неміс басқыншыларының баса көктеп кіріп, жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз- біздің халқымыздың көрген қайғы-қасіретін адамзат баласының ұрпақтары енді ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.



Міне, балалар, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына өткен жылы 60 жыл толған еді. Ешкім де, еш нәрсе де, ешқашан да ұмытылмақ емес.

Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер! Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын, балалар! Жақсы оқып, ілтипатты, тәрбиелі, Отанын сүйетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Каталог: uploads -> doc -> 1100
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1100 -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік емлесі Сабақтың мақсаты
1100 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа білім беру
1100 -> Сабақ әр мұғалімнің шығармашылық жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет