Сабақты зерттеу тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады



бет8/10
Дата13.10.2023
өлшемі449,75 Kb.
#185329
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пит Дадли
KV.BIL

Түсініктемелер




  1. Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп бағдарламасына енгізу



Ұсынылатын іс-әрекеттер
Егер Сіз зерттеумен айналысатын мұғалімдер мен мектептегі басқа әріптестеріңізге бұл әдістің нәтижелерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік жасасаңыз, Lesson study баға мен сапа тең дәрежеде ескерілген ұтымды тәсіл болмақ.
Кейбір мектеп директорлары кәсіби білім алуға арнайы уақыт бөлген, ол уақытта Lesson Study топтары өз сабақтарын жоспарлап, талдайтын болған.
Мамандарды оқытуда уақытты, кезең кестелерін, үзілістерді және басқа да тәсілдерді орынды қолдана білсе, сабақ қорытындыларын талқылауды жоспарлауға және оны өткізуге материалдық қаражатты талап ете бермейтін уақыт табуға болады.
Оқу бөлімінің меңгерушілері Lesson Study-ді қызметкерлеріне кәсіби білім беру тәсілі ретінде өз мектептерінің оқыту мен оқу жүйесіне енгізе алады. Бұл мұғалімдер мен басқа мамандарға кәсіби білім алу құқығын беріп, қазіргі кезде кең таралған және оқу тәжірибесіне айтарлықтай ықпал ететін модельдерді көздейтіндіктен, үздіксіз кәсіби дамуларына мүмкіндік туғызады (4-бетті қараңыз).
Мысалдардың бірі - Lesson Study мен оның тиімділігін басқару арасында өнімді байланыс орнату, соның арқасында Lesson Study-ге қатысу мен оның нәтижелерін әріптестеріне таныстыру тиімділікті басқару құралдарының бірі ретінде қарастырылатын болған. Зерттеуге тартылған қызметкерлердің айтуынша, Lesson Study-ге қатысу оқыту тұрғысынан алғанда оншалықты тиімді емес салада тәуекелсіз жұмыс істеуге қарағанда, олардың өздерін сенімсіз сезінетін мәселелерді шешудегі дағдыларының анағұрлым жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінген.
Lesson Study тиімділік мониторингінен бөлек жүзеге асырылуы керек.
Кейбір Lesson Study топтары өздері дайындап жатқан әдістерін басқа мұғалімдерге ашық Lesson Study-де көрсетеді. Мұндай жағдайда оқушылар сабақтан соң қалып, жақын маңдағы университеттерден шақырылған адамдар үшін сабақ көрсетіліп, кейіннен барлығы ол сабақты қызу талқылайды. Мұндай үлгі Жапонияда кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет