Сабақтыңтақырыбы Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ



Дата16.02.2020
өлшемі75,81 Kb.
#58201
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ физика

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ.




Күні: 26.11.2019 ж.

Мұғалімніңаты-жөні: Сүйінбаева Г.М.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату

Сабақтың мақсаты

Ауырлық күші, тартылыс құбылыс және салмақ ұғымдарын түсінеді;

Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажыратады; Ауырлық күші, тартылыс құбылыс және салмақ формулаларына есептер шығаруды қолданады.



Бағалау критерийі

Оқушылар:

Барлығы:


Ауырлық күші, тартылыс құбылыс және салмақ ұғымдарын түсіне алады;

Көпшілігі:

Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырата алады; Кейбіреулері:

Ауырлық күші, тартылыс құбылыс және салмақ формулаларына есептер шығаруды қолдана алады.



Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Физикалық шамаларды (Масса, салмақ, тартылыс құбылысы және ауырлық күші) ауызшы және жазбаша түрде сипаттай алады, анықтай алады.



Пәнаралық байланыс

Математика.

Алдыңғы білім


Оқушылар көлем, масса және күш ұғымдарын, өлшем бірліктерін, формулаларын біледі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларды сабаққа қатысты терминологиялық сөздер арқылы топқа бөлу. 3мин

1-топ «Масса »

2-топ «Күш»

3-топ «Салмақ»

4-топ «Инерция»

Топ көшбасшысын таңдау

Әр бір топтан сұраққа жауап берген оқушы көшбасшы болып дайындалады және бағалау парақшасы беріледі. Топ басшылары өз топтарына жақсы тілек айтады.


Гүл қиындылары

Сабақтың ортасы

30мин



Үй жұмысын тексеру: 5 мин

«Блиц сұрақтар» арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру

  1. Инерция деп нені айтады?

  2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?

  3. «Инерция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

  4. Инерция құбылысын ашқан кім?

  5. Күш дегеніміз не?

  6. Күш қандай шама? Белгіленуі

  7. SI жүйесінде күштің өлшем бірлігі

Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа- 1 ұпай

Бағалау: «Қол шапалақтау» әдісі

Жаңа сабақ:

1. Мәлімет беру.

Осы тақырыпты түсіндіру мақсатында барысында Bilim.land.kz.сайытынан бейне жазба көрсету. 4 мин

Күнделікті өмірдегі мысалдарды сұрақ ретінде қоя отырып, оқушылардың ой-өрістерін дамыту.



2. «Сурет сыры» әдісін пайдаланамын.7 мин. Бұл әдіс сөйлеу, анық баяндау, тәжірибе алмасу, өзара байланыста болу мақсатында қолданылады.

Мысалы: Жоғары лақтырылған тас, допты тепкен кезде, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі. Әрбір оқушының ойын білу.

Проблемалық сұрақ:

1-тапсырма: Неліктен барлық денелер Жерге қайтадан түседі, неге олар жоғарға ұшып кетпейді?

Бағалау критерийлері:


  • Өмірден келтірілген мысалды біледі;

  • Жоғары лақтырылған тас, допты тепкен кезде, бұтағынан үзілген алманың Жерге құлауын түсінеді.

Дескрипторлар:

  • Өмірден келтірілген мысалды біледі; 1

  • Мысалда келтірілген денелердің не себептен құлауын түсінді;.1

2-тапсырма: Суретке қарап «Дененің салмағы» дегеніміз не? Анықтама бер.
Бағалау критерийлері:

  • Дене,салмақ, тірек, аспа, күш терминдерін пайдаланып анықтама құрастырады.

Дескрипторлар:.

- Формуласын біледі;

- Күштің қайда түсетінін біледі.

3-тапсырма: Сіздер лифтімен көтерілген кезде немесе төмен түскен кезде қандай күйде болдыңыздар? Не сездіңіздер? Бұл құбылысты немен байланыстырарсыздар?

Бағалау критерийлері:


  • Күнделікті өмірмен байланыстырады;

  • Келтірілген мысалды түсінеді;

  • Лифтімен көтерілген кезді немесе төмен түскен кезді ажырата біледі.

Дескрипторлар:

  • Күнделікті өмірмен байланыстырды;

  • Лифтімен көтерілген кезді немесе төмен түскен кезді ажыратып айырмашылығын білді.

4-тапсырма: Салыстыру-дененің салмағының тіреу нүктесін анықтап, ауырлық күшінің тіреу нүктесімен салыстыр.

Бағалау критерийлері:

Ауырлық күшінің тіреу нүктесі дененің ауырлық центрінен бастап әр уақытта төмен қарай бағытталады.

Дененің салмағының тіреу нүктесі тірек немесе аспамен тірелгеннен нүктеден бастап бағытталатынын біледі.

Дескрипторлар:


  • Ауырлық күші мен салмақтың тіреу нүктелерін салыстырады.

  • Суретте дененің салмағы мен ауырлық күшінің тіреу нүктесі дұрыс көрсетілгенін табады.

Бағалау: «Жылдамдық» тәсілі

Осыдан барып, мынадай қорытындыға келеміз: денелерге Жердің тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.

Сондықтан Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп атайды. Осы құбылыс негізінде ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон табиғаттың ұлы заңы – Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.

3. Кластер әдісі арқылы оқушылар тақырыптан түсінгенін сызбаға түсіреді. 6мин

Дескриптор:

- Әдемі көркемдеу -1 ұпай

- Мағынаның дұрыс ашылуы -1 ұпай

- Оқушы мақсатына жетті – 1 ұпай

Бағалау: «Жылдамдық» тәсілі

4.Есеп шығару: 8мин

1. Жүктің массасы 100 г дене. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?

2. Орта ендікте денеге әрекет ететін ауырлық күші 196,12 Н. Дененің массасы қандай? Осы денеге экваторда, полюсте әрекет ететін ауырлық күштерінің шамасы қандай болады?

3. Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай?



4. Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасы қандай?

Бағалау критерийлері:

  • Есептердің берілгенін жазады;

  • ХБЖ-ға аударады;

  • Формуланы білу

  • Есептің шешімін табу

Дескриптор:

  • Есептердің берілгенін физикалық тілде жазды;

  • ХБЖ-ға аударды;

  • Формуласын жазды;

  • Есептің шешімін шығарды  

Бағалау: «Жылдамдық» тәсілі

Бүгінгі сабақта біз тартылыс құбылысын, ауырлық күшін, дененің салмағын, салмақсыздықты оқып үйрендік. Әлемдегі денелердің бір – біріне тартылуы Бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы – Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.Бүкіләлемдік тартылы күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fа әрпімен белгілейді. Сонымен барлық денелер үшін ауырлық күшінің дененің массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g (латынша оқылуы «же») әрпімен белгіленеді. Бұдан:болады.
Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене массасына тура пропорционал:
Тұрақты g — дың шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг – ға тең. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады. Ол Р әрпімен белгіленеді. Оның формуласы; яғни Салмағы нөлге тең болатын дененің мұндай күйін салмақсыздық деп атайды.Бүгінгі тақырыпта біз осыны оқып, білдік.


Интерактивті тақта (Видеобейне)

www.bilimland.kz

Үлестірмелі тапсырмалар

Оқулық, плакаттар, маркер


Сабақтың соңы

5мин



(G) Кері байланыс: «Сен маған, мен саған» бағалау әдісін пайдалану арқылы кері байланыс жүргіземін. 3мин

1. Салмақ пен массаның айрмашылығы неде?

2. Ауырлық күші мен салмақтың арасындағы айырмашылық неде?

Рефлексия: Барлығын түсіндім, басқаларға көмектесе аламын. Түсінемін, есеп шығара аламын. Әлі де жаттығуым керек. Кестеге стикер жабыстыру. 2мин

VІІІ. Үйге тапсырма беру. §16-17 оқып, мазмұндау.
№3.3, 3.4- жаттығу.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздіктехникасынсақтау




Оқушыларға танымдық-шығармашылдық тапсырмалар беру

Бағалау критерийлерімен дискрипторларын пайдалану

Топтық жұмыс кезінде парта алдында отыру дағдаларын қадағалап және ережелерді сақтауды орындату


Сабақ бойынша рефлексия
Бүгінгі сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттары оқушылар үшін тиімді және орындалатын жағдайда болды. Әр оқушы тартылыс күші мен салмақтың мағынасына жетті. Есеп шығару барысында ХБЖ-ға аудара отырып, формулаларын дұрыс ұтымды пайдаланды. Топтық жұмыс барысында уақытты тиімді қолдану үшін бағалау критерийлерімен дискрипторларынды дұрыс құрған. Мен өз сабағымды сәтті өтті деп санаймын








Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Ауырлық күші

салмақ

Тартылыс құ



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет