Сабақтыңтақырыбы «Тәуелсіздік-тұғырым»



Дата17.10.2022
өлшемі86,51 Kb.
#153397
түріСабақ
Байланысты:
6 Ә тәрбие сағаты
Математика 1 тур 8 класс тест с ответами, Д. Қонаев ОМ ТУП, Экономикалық есептер, sor.soch-dnie-tarihy-10-synyp.-ii-tosan-boyynsha-zhiynty-baalau, 8 сынып ҚМЖ, Ыстық тамақ, Кіші шыған, Буллинг туралы заңы (3), 8сынып 3 тоқсан 382 бұйрық (2), Использование новых технологий на уроках русского языка, Интернат наны, 110 сабак

Сыныпсағаты

6 А-сынып

Мұғалімнің аты-жөні

Изахунова Гульмира Хамидовна

Сабақтыңтақырыбы

«Тәуелсіздік-тұғырым»

Оқумақсаты

Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

Сабақтыңбарысы
Мұғалім сөзі:


«Сұрақ-жауап»
«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі
«Ой елегінен өткіз»кезеңі


Қорытынды



Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.

– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?


– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( гимн, көк байрақ, елтаңба)
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойндайсың.Жүгі нарда қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!


1991ж. 29 тамызда

Семей полигоны жабылды.

1991ж. 2 қазанда

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. 1 желтоқсанда

Тұңғыш президентіміз сайланды.

1992ж. 2 наурызда

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді.

1992ж. 4 маусымда

Қ.Р. Мемлекеттікрәміздеріқабылданды.

1993ж.15 қарашада

Ұлттықвалютамыз-теңгеайналымғаенді.

1994ж.19 маусымда

Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге
Қол қойылды.

1995ж. 30 тамызда

Жаңа Конституцияның қабылдануы.

1998ж. мамырда

Ақмолақаласы Астана болыпөзгертілді.

1999ж. 10 қаңтар

Президент сайлауыболды.

2000ж.

«Мәдениеттіқолдаужылы» Түркістанға 1500жыл толды.

2002ж.

«Денсаулықжылы» депаталды.

2004ж.

«Қазақстан –Ресейжылы» болды.

2007ж.

«Қазақтілінқолдау »жылыболды.

2009ж.

«Ана мен бала жылы»

2010ж. 12 желтоқсан

Астана қаласындаЕуразиялықҚауіпсіздік пен ЫнтымақтастықҰйымыныңсаммитіөтті.

2011ж.

Қазақстантәуелсіздігінің 20 жылдықмерейтойытойланды.

2012ж.

Қазақстанспортшыларыжазғыолимпиадалықойындардажетістіктергежетті.

2012 ж.

Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралықкөрмесінжүргізуг

Т.б.
ӘН: ЖасаҚазақстан
Рефлексия: « Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы
Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққатартқанберекесіздікталайелдіңтағдырынқұрдымғажіберген. Тіршіліктезінетөтепбереалмай, жербетіненұлтретіндежойылыпкеткенелдерқаншама.
Бізөзгеніңқателігінен, өткенніңтағылымынансабақ ала білугетиіспіз. Олсабақтыңтүйінібіреуғана – Мәңгілік Ел болу біздіңөзқолымызда. Бұлүшінөзіміздіүнеміқамшылап, ұдайыалғаұмтылуымызкерек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болғанМәңгілік
Тәуелсіздігіміздікөздіңқарашығындайсақтайбілуімізкерек,- депайтыпкеткенболатынЕлбасымызөзініңжолдауында.
Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.
Мейіржан:Менің елім-Қазақстан,жүрегім,
Тек өзіңсің,Отан ана тірегім.
Аман болсын елім ,жерім,ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
Менің елім-Қазақстан,Отаным,
Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсің абыройың,атағың.
Жаса елім,жаса достық.бірлікпен
Көштн қалма,қалма және тірліктен.
Елім менің-Қазақстан,Отаным
Алға өрле үшінші мың жылдықпен.
Айгүл:Өткен-ау,заман не түрлі,
Қара нар өтпесқайғытөс асу секілді.
Тарланбастарих тар жолданшығыпкөсілді,
Түзейсіңенді, түзейсіңқазақбетіңді.
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз
туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда
қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!







Рефлексия

Мен бүгін не білдім?
Не білемін?
Не білгімкеледі?

+ немесе – белгілерінқой


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет