Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет40/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб

Жағдаят: 
Сіз  қазыналық  пəтерді  жұмыс  орнынан  алдыңыз.  Ол 
жекешелендірілмеген.  Сіз  ұзақ  жылдар  бойы  сол  жұмыс  орнында  еңбек 
еттіңіз, ал бүгінгі күні сізге пəтерді босат, ол қызметтік пəтер деп жатыр. 
Осы оқиға бойынша сіздің əрекетіңіз: 
А) Сіз сотқа шағымданасыз. 
Ə) Адвокат жалдайсыз. 
Б) Жұмыс орнындағы бастыққа барып, жағдайыңызды түсіндіресіз. 
В) Пəтерді босатып бересіз.
 
 
Жазалау шаралары 
         Жаза    қылмысы  үшін  мемлекет  тарапынан  сот  арқылы  қолданылатын 
мəжбүр ету шарасы. Жазаның мақсаты тек жазалау емес, заңды құрметтеуге 
үйретіп,  қайта  тəрбиелеу.  Мемлекеттік  соттан  басқа  ешқандай  орган 
қылмыстық  жаза  қолдана  алмайды.  Қылмыстық  əрекеттермен  күресте 
сендіру  мен  мəжбүр  ету  ұштастыра  қолданылады.  Жаза  белгіленгенде 
көпшілік алдында айыптау, жер аударғанда жақын адамдарынан, үйреншікті 
өмір жағдайынан айыру арқылы моральдық ықпал етеді. 


 
34 
     Қылмыстық  заң  ең  қатал  заңдардың  бірі.  Қатаң  заң  болмай,  құқықтық 
мемлекет болуы мүмкін емес. Қылмыстық  заңнын мəні қылмысты ашу ғана 
емес,  қылмыстың  азаюына  ықпал  жасау.  Қылмыстыны  түзу  жолға  салу 
айыпталғандардың  арасында  саяси  тəрбие  жұмысын  жүргізу,  пайдалы 
еңбекке қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Кейбір тұрақсыз азаматтарға 
жаза туралы ескерту, қорқыту арқылы да қылмыстың алдын алады. 
      Адам  үшін  өмірден  қымбат  ештеңе  жоқ.  Қатал  жаза  туралы  үрей 
потенциалды қылмыскерді тұсайды. Жаза-тежегіш фактор. 
 
Тапсырмалар: 

 Мəтінді сөздіктің көмегімен аударыңыз. 

 Мəтінді сұхбатқа айналдырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет