Салауатты өмір салтын қалыптастыру


Эргономика адамның жасанды (техникалық) ортамен өзара әрекеттесуін зерттейді



бет11/20
Дата23.01.2022
өлшемі189,34 Kb.
#129655
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
СӨСҚН, 1 курс. қазақша
169793
Эргономика адамның жасанды (техникалық) ортамен өзара әрекеттесуін зерттейді. Мұнда айта кететін жайттың бірі, зерттеушілердің назарын аудартатын адамға тән шектеулердің барлығын ескеру қажет. Зерттеудің күрделілігі адамның көптеген ерекшеліктерімен және ескерілуі керек болжанатын жағдайлардың алуан түрлілігімен байланысты. Белгілі бір жағдайларды тудыратын құрылымдар қарапайым да (құралдар тұтқалары, қосалқы құрылғылар), сондай-ақ өте күрделі де (электр қондырғыларды басқару, ұшақтың тақталық аспаптары) болуы мүмкін.

Эргономиканың маңызды бөлігі, антропометрия мен биомеханиканың теориялық негізін құрайтын адам анатомиясы болып табылады.

Антропометрия немесе адамды өлшеу, басқару элементтері болып табылатын ағза мүшелерінің дұрыс орналасуы мен жұмыс орны кеңістігінің өлшемін нақты анықтауға қажетті деректерді ұсынады.

Іс жүзінде кез-келген құрылыстық конструкция тұрғындардың 90%-ына орай есептелінеді, өйткені қалыпты үлестіру қисығының шеткі нүктелері - бір топтағы адамдардың аз пайызын құрайды, олардың мөлшері осы топ үшін орташа мәндерден ерекшеленеді.

Биомеханика адам денесімен күш қолдануды зерттейді. Бұл жағдайда мыналарды ескеру қажет:

- адамға күштерді тиімді қолдануға үйрету керек, өйткені техносфера

жағдайында инстинктивті қабілеттер жиі жүзеге асырыла бермейді, адамның, төменгі сатыдағы жануарлардан айырмашылығы, дене салмағымен бірдей бұлшықет күшін қолдана алады.

Тиімді биомеханика анатомияны, атап айтқанда негізгі бұлшықет топтарының орналасуын, олардың құрамын және оларды қалай іске қосу керектігін білуді қажет етеді.

Физиология эргономикаға екі маңызды компонентті енгізеді: еңбек физиологиясы және еңбек гигиенасы. Еңбек физиологиясы, адам ағзасының энергия өндіру үдерісін зерттейді.

Энергия шығындары адам ағзасындағы тұтынылатын химиялық энергияның мөлшерін анықтау үшін зерттеледі, бұл өз кезегінде ауысым ішіндегі үздіксіз жұмыстың күтілетін ұзақтығын, жұмыстағы үзілістердің жиілігі мен ұзақтығын анықтау үшін ескеріледі.

Эргономика жұмыс орнындағы қоршаған орта параметрлеріне - метеорологиялық жағдайларға, жарықтандыруға, шуылға, дірілге және т.б. байланысты еңбек гигиенасы бойынша ұсыныстарды ескереді, сонымен қатар адамның жасы, жынысы, жұмысқа жарамдылығы және т.б. сияқты сипаттамалары ескеріледі.

Көптеген авариялар мен апаттарға адамның өзі кінәлі екенін және сонымен бірге мұндай қателіктердің бағасы үнемі өсіп келе жатқанын ескере отырып, психология эргономикаға айтарлықтай үлес қосады деп сеніммен айта аламыз, бұл адамның қателіктерін анықтауда пайдалы болуы мүмкін және адамдардың оларды не үшін жасайтынын анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыс атқару барысында басқа адамдармен қарым-қатынас сөзсіз болады, сондықтан адамдардың, басшылық, ұйымдағы жеке қызметкердің мінез-құлқы, топтық мінез-құлық, сондай-ақ адамдардың қоршаған ортамен өзара байланысуының қарым-қатынас заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым, білімге ие болулары керек.

Эргономика бойынша берілетін ұсыныстар, көбінесе нақты нәтижемен белгілі бір жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Тиімділік, тек экономикалық нәтиже ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа зиянды әсерді жою және жазатайым оқиғалар қаупін азайту деп түсініледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет