Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері



бет33/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   626
48-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері

      1. Мыналарға:

      1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;

      2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті қайтарып алуға құқылы;

      3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Осы баптың 4, 5, 6 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      3. Салық төлеуші, салық органы:

      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта көрсетілген салықтар бойынша осы Кодекстің 80-тарауы қолданылған кезде – осындай келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жылда;

      2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы қолданылған кезде – жеке тұлға оқыған кезеңде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жылда салықтарды есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.

      4. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жылда – үстеме пайда салығын, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылады.

      5. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:

      1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін;

      2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тура келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;

      3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      6. Осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаппен қоса қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      7. Талап қоюдың ескіру мерзімі:

      1) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға;

      2) салық төлеуші осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістермен және толықтырулармен қоса қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға;

      3) мынадай:

      салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын бөлігінде шағым жасаған;

      бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;

      халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасаған;

      осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген салық органының шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент шағым жасаған жағдайларда шағымды (арызды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;

      4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда – уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;

      5) талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;

      6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар табыс етілген күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін;

      7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастама жасаған болса, онда салық органы инвестор шағым жасаған кезеңнен бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезең үшін инвестор талқылауға бастама жасаған салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы – осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ұзартылады.

      8. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген және оны салық органы қараған;

      2) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеру жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қоюдың ескіру мерзімі оның тоқтатыла тұрғаны ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;

      3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      9. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей, жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы заңды күшіне енген сот шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.

      10. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы, осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, ағымдағы жыл және алдыңғы күнтізбелік бес жыл ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.

6-тарау. САЛЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМАҚЫЛАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІН ӨЗГЕРТУ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ НЕГІЗІ




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   626




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет