Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері



бет330/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   626
390-бап. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері

      1. Егер осы Кодекстің 389 және 391-баптарында өзгеше көзделмесе, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізуге қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

      Осы баптың мақсаттары үшін мұндай тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған және кедендік бақылауда болған жағдайда инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі.

      2. Мыналар осы бапқа сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады:

      1) "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

      2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      3. Салық органдары ақпараттық байланыс арналары арқылы кеден органдарынан алған электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың
2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

      4. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы бапқа сәйкес "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылғаны туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   626




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет