Салық саясаты



бет1/3
Дата04.09.2022
өлшемі98,21 Kb.
#148718
  1   2   3
Байланысты:
салык саясаты
Көлік салығы 20-21

Салық саясаты

  • Салық саясатының үш типін бөліп көрсетуге болады.
  • Бірінші тип – максималды салық саясаты. Ол «мүмкін болған барлық затты алу» принципимен сипатталады.
  • Екінші тип – дұрыс салықтар саясаты, яғни экономикалық даму саясаты болып табылады.
  • Үшінші тип – жоғары салықтар саясаты, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін салық саясаты. Салықтық түсімдер әр түрлі әлеуметтік қорлардың ұлғаюына бағытталады.

Салық саясаты

  • Салық саясаты әдiстерінiң бiрi максималды салықтар саясаты болып табылады. Бұл жағдайда мемлекет халықтан барынша көптеп қаржылық ресурстарды алу мақсатында жоғары салық мөлшерлемесін енгізеді, салық жеңілдіктерін азайтып, көптеген салық түрлерін енгізеді және де мұндай саясаттың зардабы қандай болатынына көп мән бере бермейді. Әлбетте салық саясатының бұл әдісі салық төлеушінің және қоғамның экономикалық дамуына ешқандай үміт бермейді. Мұндай саясат мемлекет үшін төтенше жағдайға, экономикалық дағдарысқа алып келеді. Салық төлеушiлерде салықтардың төлемiнен кейiн iс жүзiнде ұлғаймалы ұдайы өндiрiске мүмкiн қаржы ресурстар қалмайды.

Салық саясаты

  • Салық саясатына әсер етудiң екінші формасы экономикалық даму саясаты болып табылады. Мемлекет осы жағдайда кәсiпкерлер үшiн салық прессiн әлсiретедi, әлеуметтiк бағдарламаларға ең алдымен өз шығындарын қысқартады. Осы саясаттың мақсаты атауында көрініп тұрғандай, капиталды басты кеңейтумен қамтамасыз ететіндей етiп инвестициялық белсендiлiктi ынталандыруы болып табылады. Мұндай саясат экономикалық дағдарысқа өтуге қауiп төндiретiн экономикалық тоқырау болайын деп жатқанда жүзеге асырылады.

Салық саясаты

  • Салық саясатының үшінші формасы жоғары салықтар саясаты. Үшінші тип – жоғары салықтар саясаты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін салық саясаты. Салықтық түсімдер әр түрлі әлеуметтік қорлардың ұлғаюына бағытталады. Бұл тип Швеция мемлекетінде кеңінен қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет